8. Бөліп кескіш станоктар. Бұл металл кесетін станоктарға негізінен илектелген дайындамаларды
кесуге арналған станоктар және абразивті дискілермен дайындамаларды
кесуге арналған тегістеу машиналары жатады.
9. Тартып шығару станоктары. Бұл машиналарда көп тісті құралдардың көмегімен дайындамалардың
ішкі және сыртқы пішіндері өңделеді.
10. Ойып кесу станоктары. Станоктардың бұл тобына бұрау-бұрау кескішінен басқа жоғарыда
қарастырылған барлық станоктар жатады. Осы машиналарды қолдана
отырып, дайындамалардағы ішкі және сыртқы әр түрлі өлшемдер мен
пішіндегі ойықтар өңделеді.
11. Көмекші әр түрлі станоктар. Бұл топтың машиналарына алдыңғы 10 машина түріне кірмейтін
барлық түрлі машиналар кіреді.
Практикалық тапсырма 1. Металл кесетін станоктың таңбалануы бойынша сипаттамасын
анықтау.
Жұмыстың мақсаты: металл кесетін станоктардын таңбалануын
оқуды үйрену.
Жұмысты орындау тəртібі 1. Бір металл кесетін станокты таңдаңыз.
2. Корпусының сыртқы бетіне жазылған станоктың таңбалануын
жазып алыңыз.
3. Таңдалған станокты сипаттаңыз (топ, түрі, техникалық сипаттамасы.
4. Алынған ақпаратты машинаның төлқұжат деректерімен
салыстырыңыз.
5. Металл кесетін станоктарды таңбалануын қаншалықты игергеніңіз
жайында қорытынды жасаңыз.
Практикалық тапсырма 2. Таңбалануы бойынша металл кесетін станоктың моделін, арналуы мен
техникалық сипаттамасын анықтау.
Жұмыс мақсаты: металл кесетін станоктардың таңбалануын игеру.
Жұмысты орындау тəртібі 1. Келесі станоктар мен агрегаттардың қай топқа жататынын,
подгруппа нөмірін, (станок түрі), дәлдік класын және негізгі технологиялық
параметрлерін сипаттаңыз: 16К20ПФ3; 1М63; 16К20; МP – 73М; 16Б16Т1;
692P; 3М151Ф2; 5В312; ИP800ПМФ4.
2. Алған ақпаратты станоктың төлқұжат деректерімен салыстырыңыз.
3. Металл кесетін станоктарды таңбалануын қаншалықты игергеніңіз
жайында қорытынды жасаңыз.