Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


зерттеу нәтижелерін педагогикалық қауымдастыққа жеткізу



Pdf көрінісі
бет21/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   128
Байланысты:
мектепке дейінгі педагогика

зерттеу нәтижелерін педагогикалық қауымдастыққа жеткізу бо-
лып табылады.  Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері 
жетістіктерді ғылыми ортаға енгізу үшін, білім беру практикасына 
педагогикалық ұсыныстар жасау үшін баспасөзде жарияланады.
2.3 Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері
Мектепке дейінгі педагогика зерттеудің педагогикалық әдістерін 
пайдаланады. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық 
құбылыстарды оқып-үйрену тәсілдері, ғылыми теориялардың заңды 
байланыстарын, қатынастарын және оларды құруды анықтау мақсатында 


32
ғылыми ақпараттар алу. Әдістердің көмегімен ғылым зерттелетін пән 
жөнінде ақпараттар алады, алынған деректерді талдайды және өңдейді, 
белгілі білім жүйесіне енеді. Ғылымның даму қарқыны мен деңгейі 
көбінесе олардың қолданатын зерттеу әдістеріне байланысты.
Қандай да бір ғылыми мақсатқа жету үшін педагогикалық 
зерттеулерді ұйымдастыру тәсілдерінің және оны ретке келтірудің, 
алынған нәтижелерді талқылау жұмыстарының педагогикалық зерт-
теу әдістерін құрайды (Г. М. Коджаспирова, А. Ю. Коджаспиров). Аса 
нанымды әдістер кешені күрделі педагогикалық нысандарды зерттеуге, 
зерттеу жұмысын жан-жақты жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Педагогикадағы зерттеу әдістері қарастыру аспектісіне қарай бы-
лай бөлінеді:

жалпығылымдық (кез келген ғылымда қолданылатын), 
педагогикалық проблемаларды шешу үшін маңызды ақпараттар 
алу мақсатында жүргізілетін ( психологияның, физиологияның
медицинаның зерттеу әдістері және т.б.);

айқындаушы және өзгертуші;

эмпирикалық және сандық;

дербес және жалпы;

суреттеп жазу, түсіндіру және болжамдау әдістері;

зерттеу нәтижелерін өңдеу және т.б.
Педагогикалық зерттеудің әрбір кезеңінде әдіс таңдау үшін әрбір 
әдістің мүмкіндіктерін, оның зерттеу процедурасы жүйесіндегі орнын 
білу қажет. Мысалы, эмпирикалық әдіс байқау, әңгімелесу, эксперимент 
және т.с.с. арқылы танып-білудің іргетасын қалайды.
Зерттеушінің міндеті - зерттеудің әрбір кезеңі үшін әдістердің 
ұтымды кешендерін таңдай білу. Ең маңыздысы тұлғаның, ұжымның 
және басқа да нысандардың дамуы жөнінде жан-жақты жүйелі 
мәліметтер ала алатындай әдістерді үйлесімді таңдай білу керек.
Қолданылатын зерттеу әдістері, педагогикалық энциклопедиялар-
да көрсетілгендей, алынған проблеманы шешу тәсілдерінің ұтымды 
жүйесін таңдауды қамтамасыз етуі, эксперимент жүргізілген уақыт 
ішінде бір аралықтағы белгілі бір сапаның (қасиеттің) динамикасын 
ұстап қалуы тиіс.
Зерттеу нысанының өзгеруіне байланысты әдістердің де өзгеруі 
мүмкін болатындығын ескеру қажет. Процестің барысы мен нәтижелері 
ғана емес, оның жүріп жатқан ортасының жағдайлары да талданады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық процестер жүйелі 
түрде зерттеуді талап етеді. Жүйелілік көзқарас өзара байланысты 


33
элементтері көп болатын, функциялары мен мақсатының, басқару 
және қызмет ету аялары біртұтас болатын құбылыстарға қолданылады.
Зерттеуші педагогикалық құбылыстың компоненттерін және байланы-
сын анықтауы керек; бұл жүйенің қызмет етуіне ықпал ететін негізгі фак-
торларды анықтауы тиіс; басқа құбылыстар мен процестер жүйесіндегі 
оның алатын орнымен бағалауы тиіс; зерттеу мен өзгеретін нысан-
дарды айқындауы керек; зерттелетін құбылысты басқару процестерін 
талдап білуі тиіс; жақсартылған қызмет ету жүйесін құруы; алынған 
нәтижелерді практикаға енгізуі тиіс.
Фундаменталды зерттеулер теориялық әдістерді тұтас қолдануды 
талап етеді. Қолданбалы зерттеулерде эмпирикалық әдістер басымдық 
алады (сауалнамалар, тестілеу, байқау, әңгімелесу, өзін-өзі бағалау мен 
сараптап бағалау әдістері). Дегенмен кез келген зерттеуде теориялық 
және эмпирикалық сипаттағы әдістер, эксперимент материалдарын 
өңдеу әдістері орын алады, жүйеде қолданылады. 
Мектепке дейінгі педагогикада өзіндік педагогикалық әдістер пай-
даланылады, сол сияқты бала туралы, психологиялық, физиологиялық, 
медициналық және басқа ғылымдар тұрғысынын оны тәрбиелеу, оқыту 
процесі жөнінде ақпарат алатындай әдістер қолданылады. Мектепке 
дейінгі педагогикада ғылым ретінде теориялық (анализ, салысты-
ру, дедукция, индукция, жалпылау, модельдеу) әдістер орын алады. 
Эмпирикалық әдістер кешеніне эксперимент, байқау, әңгімелесу, сау-
алнама, тестілеу, педагогикалық консилиум, балалар жұмыстарымен 
танысу, құжаттарды талдау, тәуелсіз сипаттамаларды (мінездемелерді) 
салыстыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет