Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


 Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібіндегі ойынның



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
Байланысты:
мектепке дейінгі педагогика

7.5 Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібіндегі ойынның 
орны
Ойынның педагогикалық теориясының негізгі ережелерінің бірі оны 
мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру 
норма деп қабылдау. Педагогикада балалар бақшасының өмірі түрлі ой-
ындармен толы болуы керек деген ойды белсенді түрде дамытқан Н. 
К. Крупская. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның ерекше 
маңызын айта келіп, Н. К. Крупская: «…ойын олар үшін – оқу, ойын 
олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің парасатты түрі, ойын 
мектепке дейінгі жастағы бала үшін –айналадағы дүниені тану тәсілі» 
деп жазды. Педагогтың басты міндеті, Н. К. Крупскаяның пікірінше, - 
балаларға ойын ұйымдастыруда көмектесу.
Кішкентай баланы «өмір бойы ойынмен қоректендіру» қажеттілігі 
туралы идеяны А. С. Макаренко айтты. Ол ойынды дамытуда бірнеше 
кезеңді, әр кезеңде – басқарудың белгілі бір міндеттерін көрсетті.
Балабақшасында балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру 
түрі ретінде ғылыми негіздеу А. П. Усованың еңбектерінде бар. Оның 


129
пікірінше, педагог бала өмірінің ортасында болуы керек, болып 
жатқан жағдайды түсінуі тиіс, ойнап жүрген балалардың мүддесіне 
еніп, оны түзетіп отыруы қажет. Педагогикалық процесте ойын 
ұйымдастырушылық функциясын орындау үшін педагогқа ойын 
арқылы оқыту мен тәрбиелеудің қандай міндеттерін неғұрлым тиімді 
етіп шешуге болатындығын жақсы түсінуі керек. Барлық топқа қатысты 
міндеттерді және жеке балаға қатысты міндеттерді жоспарлаған жөн.
Ойынның ерекшеліктеріне қарай балалардың көмегімен шешілетін 
міндеттерді, балалардың ойын әрекетінің қалыптасқандық деңгейін 
педагог өзінің ойынға қаншалықты қатысы бар екендігін, әрбір нақты 
жағдайдағы жұмыс әдістерін анықтайды.
Мектепке дейінгі педагогика ойынды бала тұлғасын жан-жақты 
тәрбиелеу құралы және балалар өмірін ұйымдастыру түрі, бала-
лар қоғамын қалыптастыру және жеке тәжірибе (өмірдің әртүрлі 
жағдаяттарында өзін тұлға етіп көрсету) жинақтау құралы ретінде 
қарастырады).
Сонымен, ойын балалардың өмірі мен әрекетін ұйымдастыру түрі 
ретінде күн тәртібінде және педагогикалық процесте тұтас өзінің нақты 
орнын алуы тиіс. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында 
күн тәртібінде ойын үшін бекітілген уақыт көрсетілген (ертеңгі жаттығу, 
серуенде, күндізгі ұйқыдан кейін). Педагог балаларды ынталандыру 
үшін, белсенділігін арттырып, жағымды эмоция туғызу үшін қандай 
тәртіптік процестерді ойын түрінде беру керек екендігін ойластыруы 
тиіс.
Егер ойын іс-әрекеттің басқадай бір түрімен тығыз байла-
ныстырылса, онда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері арта-
ды. Ойынды еңбекпен, бейнелеу және конструктивтік іс-әрекетпен 
ұштастырған неғұрлым тиімді. Педагог балалардың іс-әрекетін ойын 
түрінде ұйымдастыра отырып, біртіндеп олардың белсенділігі мен 
ынталылығын дамытады, ойында өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын 
қалыптастырады. Педагогикалық процесте ойынды жан-жақты пай-
далану оны мектепке дейінгі кезеңде тұлғаны дамытудың объективті 
заңдылықтарымен сәйкестендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет