Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Ойынның адамзат мәдениетінің феномені ретіндегі функция-



Pdf көрінісі
бет75/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   128
Байланысты:
мектепке дейінгі педагогика

7.3 Ойынның адамзат мәдениетінің феномені ретіндегі функция-
лары. Балалар ойындарының классификациясы
Функция – бұл міндет, іс-әрекет аясы, рөл, амалдар жиынтығы.
Ойын іс-әрекеті, С. А. Шмаковтың пікірінше, - адам жаратылысының 
таң қаларлық феномені. Адамзат практикасында ойын бірқатар функ-
циялар орындайды.
Әлеуметтік-мәдени функция. Ойын – баланы әлеуметтендіруде ең 
күшті құрал. Ол тұлғаның, оның қасиеттерінің, мінез-құлқының, еркінің 
қалыптасуына әсер етеді; балалардың білім, білік, құндылықтарды, 
тәртіп нормаларын, қарым-қатынас амалдарын меңгеруге көмектеседі. 
Ойындағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру балаға кез келген 
қоғамдастықтың (балалардың, үлкендердің) толық құқылы мүшесі 
ретінде міндеттерін атқаруға мүмкіндік туғызады. Ойын – мәдениет 
эталоны, ұлт ерекшелігін, оның салт-дәстүрін толық бейнелейтін, 
бақыланатын феномен. Ойын әлеуметтік тәртіптің типтік дағдыларын, 
құндылықтардың өзіндік жүйелерін, кооперацияны, топтық немесе 
жеке амалдарды бейнелейді. (Мысалы, итальяндықтар өздерінің ұлттық 
белгілерін карнавалдарда, театрларда іске асырады. Испандықтар кор-
ридде еркінсиді).
Ұлтаралық коммуникация функциясы. Ойындар – жалпы адамзаттық 
құндылықтар банкісі. Олар - әмбебап, әртүрлі ұлт қоғамдастығы 
оларды жеңіл меңгереді. Бұл - бір-бірімен қарым-қатынас жасуға 
жағдай жасайтын жалпы қабылданған тіл. Ойындар өмірдегі әртүрлі 
жағдаяттарды модельдеуге, келіспеушіліктен шығуға мүмкіндік береді, 
эмоцияны түрлендіріп отыруға үйретеді, сезімнің бүкіл бір гаммасын 
бойға сіңіреді. Бұл адамның тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуі. Оның 
үстіне балаға ойынның нәтижесі емес, процесі маңызды. Ойын іс-
әркетке, практикаға өз тәжірибесін қолдану мен тексерудің тәсілдерін 
көрсететін жол. Ойын нәтижелері баланың практикалық әрекетін 
жетілдіруге ауысады. Мектеп жасына дейінгі балада нақты белсенді 
өмір үшін тәжірибе аз, сондықтан ойын – өз түсінігіндегі ситуаци-
яда белсенді іс-қимыл жасауға, үлкендерге тән рөлдерді орындауға 
мүмкіндік. Үлкендердің рөлі бұл процесте – айналасындағы заттар мен 
құбылыстарды түсінуге, оларды өзінің ойнау контекстіне енгізуге ынта-
ландыратын ойнау кеңістігін ұйымдастыру.
Коммуникативтік функция. Балалар қауымдастығында қарым-
қатынасты ұйымдастыру функциясы. Ойын – коммуникативтік іс-
әрекет, онда коммуникацияның екі жоспары бар – нақты және ойындық. 


123
Ойын балаға қарым-қатынас нормаларын меңгеруге көмектеседі, оның 
коммуникативтік белсенділігін арттырады. Ойында балалар тез тіл та-
бысады, тәжірибе алмасады. Қарым-қатынас жасау О. С. Газман бой-
ынша, - ойынның негізгі энергетикалық көзі. Ойындар балада адаммен 
тіл табысу, араласу әрекеттерін қалыптастырады. Ойын іс-әрекетінде 
қоғамдық қатынас бар. Ойында әркім өзінің тұлғалық, шығармашылық, 
әрекеттік әлеуетін іске асырады және өз әрекетін басқа ойынға 
қатысушылармен ақылдасып келісуге үйренеді.
Ұжымдық ойын тәжірибесі еңбек, ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік тәжірибеге ауысады.
Баланың «ойыннан тыс қалуы», яғни оны ойыншылардың 
қабылдамауы назар аударуға белгі болып табылады және ол мектеп-
ке дейінгі мекемеде педагогтың бұл баламен жеке жұмыс жүргізуін 
қажет етеді. Мұндай жұмыс орын алған ситуацияның себептерін 
диагностикалауға негізделеді және оны мақсатты, бағытты, ретімен 
және корректі түрде өзгерту қажет болады.
Ойынның диагностикалық функциясы. Ойында баланың 
сапалық қасиеттері, белсенділігі, білімі, білігі, оның басқалармен 
қарым-қатынасы, басқалардың оған көзқарасы, жанұялық ситуаци-
ясы, қорқынышы, толғанысы, эмоционалдық күйі туралы барын-
ша ақпараттар байқалады. Бала ойында өзінің күшін, қабілетін, өзін 
көрсету мүмкіндігін диагностикалайды. Ойын баланың өзін-өзі тану 
сезімін оятады. Көпшілік ойындар «Өзіңді-өзің таны» принципінде 
(дидактикалық, қозғалыс, ұжымдық, компьютерлік ойындар) құрылған. 
А. С. Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста да 
сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу, ең алды-
мен, ойында болады». Ойында баланың қасиеттері, өмірден алғандары, 
оған не жетіспейді, тәрбиеші немен шұғылдануы тиіс деген сияқты
мәселелер айқын көрінеді» деген.
Ойынның терапиясы (емдік) функциясы. Бұл баланың 
ойнағандағы күйзелісін, толқынысын, қорқынышын сейілту функ-
циясы. Ойын – басқалармен қарым-қатынаста, оқуда, тәрбиеде кез-
дескен қиыншылықтарды жеңу құралы. Мысалы, әзіл-өлең, мазақ-
өлең, санамақ, жаңылтпаш ойын терапиясының қуатты құралы және 
мәдени салт-дәстүрді жеткізуші болып табылады. Д. Б. Эльконин: 
«Ойын терапиясының тиімділігі баланың рөлдік ойында алған жаңа 
әлеуметтік қатынас практикасымен анықталады» деп көрсетті. Жаңа 
қарым-қатынас практикасы баланың өз проблемаларын шешуге алып 
келеді. Ойынның терапиялық функциясы релаксациялық функцияны 


124
эмоционалдық күйзеліс, ауыр ой еңбегі салдарынан жүйке жүйесіне 
түскен салмақты, эмоционалдық, дене, интеллектуалдық жүкті алып та-
стау немесе азайтуды қамтиды. Қазіргі күнде арнайы ойын тренингілері 
бар («ән салатын төсектер», тыныштандыратын ойыншықтар).
Ойынның түзету функциясы. Жеке адамның тұлғалық 
көрсеткіштерінің құрылымына жағымды өзгерістер енгізу функциясы. 
Ойын танымдық, эмоционалдық-еріктілік, іс-әрекеттік, тұлғалық сфе-
раларды түзету, психикалық процестер мен сөйлеуді дамытудың, ойлау 
процестерінің, қозғалыс әрекетінің құралы ретінде жүреді.
Сарапшылар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарының 96%-
ы психокоррекцияға мән бермейді, ойынды бұл мақсатта пайдалан-
байды деп көрсетеді. Бүгінде мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 
ЗПР бар балалар, яғни жанұя қарым-қатынасының бұзылуының, 
туғандағы алған зақымның, экологиялық, экономикалық және басқа да 
проблемалардың салдарынан шошынған, жүйкесі әлсіз, ызалы балалар 
барады. Бұл факт ойынның барлық міндеттерімен және көріністерімен 
қоса тағы да бір рет маңызды екендігін дәлелдейді.
Алдандыру функциясы. Ләззат, қуаныш, жағымды эмоция беру, 
өзара қарым-қатынаста, әрекетте сұранысты қанағаттандыру құралы 
функциясы. Бұл көңілдендіру, бір нәрсеге ынтасын ояту құралы. 
Функция жайлы жағдай жасайды, эмоционалдық хал-ахуал туғызады. 
Ойын – баланы өзінің тікелей шеңберінен тысқа шығаратын бірден-
бір іс-әрекет. Ойын – баланың алданыштан дамуға өтетін, қиялына 
азық беретін стратегиялық тұрғыда нәзік ұйымдастырылған мәдени 
кеңістік.
Дж. Локк: «Балалар бақытты және көңілді өмір сүруі керек. 
Алданыш та еңбек пен тамақ сияқты қажет. Алданыш рахатсыз бо-
луы мүмкін емес, ол көбінесе ақыл-парасатқа, қиялға байланысты. 
Сондықтан балаларға өздеріне ұнаған істі істеуге мүмкіндік беру 
қажет, тек денсаулығына және басқа адамдарға зиян келмейтіндей 
болуы тиіс» деп көрсеткен. Қалған жағдайларда ойынды тыйым 
салушылықпен байланыстырмау керек.
Э. Фроммның тұжырымдауынша: «Тура үлкен адам жұмыс істегені 
сияқты баланың ойнауы қажет. Ол үшін ойын үлкендердің жұмыс 
істегені сияқты, екеуі де бірдей жемісті. Балалар ойнай жүріп, ең алды-
мен, үйренеді, соңынан алданады» деп түйіндейді. 
Балалардың 
ойындары 
алуан 
түрлі. 
Олар 
мазмұны, 
ұйымдастырылуы, ережесі, көрініс сипаты, балаға әсері, пай-
даланылатын тәсілдері, шыққан тегі және т.б. жағынан әртүрлі. 


125
Балалар ойындарының көптүрлілігі оларды классификациялау-
ды күрделілендіреді. Ойындарды классификациялауға көптеген 
көзқарастар мен негіздер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет