8.2 Мектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың
ерешеліктері. Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына
дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы
Сюжеттік-рөлдік ойындардың оларға қатысушылардың өз
беттілігін, шығармашылдығын бейнелейтін өзіндік ерекшеліктері бо-
лады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың басты ерекшелігі, зерттеушілердің
пікірінше, оларды балалардың өздері жасайды, ойын әрекеті жарқын
бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың өзі жасаушылық сипаты, Д. Б.
Элькониннің пікірінше, «...балалар ойын тақырыбын өздері таңдайды,
оны дамыту жолын өздері анықтайды, рөлдерді қалай ашу керек
екендігін, ойынды қалай қыздыратындығын және т.с.с. шешеді».
Басқаша айтқанда, сюжеттік-рөлдік ойында балалар құбылыстардың,
қатынастардың белсенді және өзгеше түрде қайталап көрсетеді.
133
Оның өзгешелігі балалардың қабылдау ерекшеліктерімен, қандай да
бір фактілер мен құбылыстарды саналы түрде түсінуімен, тәжірибенің
және тікелей сезімнің бар немесе жоқ болуымен байланысты.
К. Д. Ушинский сюжеттік-рөлдік ойындарда ең бастысы сол, бала
өзі орындайтын рөлге өз көзқарасын, түсінігін, оқиғаға өзінің қатысын
нақтылы түрде көрсетеді деп атап көрсеткен.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың шығармашылдық сипаты сол, онда
іске асырылатын ой бар, оны орындау баланың өзін қоршаған дүние
жөніндегі әсерін көрсете білу қабілетін дамытумен түйіндес бола-
ды. Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойын әрекетінің негізгі мынадай
белгілері тән: эмоционалдық қанықтылық, қызығушылық, өз беттілік,
белсенділік, шығармашылдық, жарысушылық, кооперация.
Сюжеттік-рөлдік ойындар сипатына қарай – бейнелеуші іс-әрекет,
бірақ алынған білімді, әсерді бала түрлендіріп, тұлғалық сипат беріп
және өзінің жеке тәжірибесін қосып, өз ой елегінен өткізеді.
Сюжеттік-рөлдік ойындар ойын әрекетінің жетекші түрі екендігін
айта келіп, оның мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеудегі маңызын атап өту қажет.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың дамытушылық маңызы әр алуан.
Ойында бала өзін қоршаған әлемді таниды, ойлау операциялары, сезімі,
еркі жетіледі, құрбыларымен өзара қарым-қатынасы қалыптасады, өзін-
өзі бағалауы мен өзіндік санасы орнығады.
Ойынның педагогикалық маңызы жөнінде Р. И. Жуковская, Н. К.
Крупская, С. И. Карпова, А. С. Макаренко, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин
және басқа педагогтар мен психологтар жазды.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев және Д. Б. Эльконин сюжеттік-
рөлдік ойынның психикалық дамудағы маңызын ашып берді. Олар
сюжеттік-рөлдік ойында тұлғаның мотивациялық-сұраныстық саласы
дамиды: балада мазмұнына қарай іс-әрекеттің жаңа мотиві туындайды
(үлкен болғысы келеді және солардың міндеттерін орындағысы келеді),
үлкендердің қарым-қатынас жүйесінде өз орнының шектеулі екендігін
түсінеді және солардай болу талабы пайда болады. Сюжеттік-рөлдік
ойында мотивтердің жаңа психикалық формасы пайда болады (тікелей
қалау түріндегі мотивтен қоғамдық көзқарас түріндегі мотивтерге
көшу) деп көрсетті.
Психологтардың (Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, Я. Л. Коломинский,
С. Л. Новоселова, Д. Б. Эльконин және т.б.) зерттеулері сюжеттік-
рөлдік ойындарда сананың символикалық (таңбалық) функциясы
қалыптасады, ол нақты заттардың орнына олардың орынбасарларын
134
пайдаланудан тұрады деген тұжырым жасайды. Сыртқы, нақтылы
орынбасарларды пайдалану ішкі, бейнелік орынбасарларды пайдалану-
мен ауысады, ал бұл баланың барлық психикалық процестерін қайта
құрады, оған ойша шынайы өмірдегі заттар мен құбылыстар туралы
түсінігін қалыптастыруға, оларды әр алуан ойлау міндеттерін шешуде
қолдануға мүмкіндік туғызады.
А. В. Запорожец, П. Я. Гальпериннің ойлау әрекетін кезеңдеп
қалыптастыру теориясына сүйене отырып, сюжеттік-рөлдік ойын
психикалық процестерді қалыптастыруда өзінше бір материалдық
кезең болып табылады, ол балаға түсінікті көрнекті-ықпалды түрде
(модельдеу), эмоционалдық түрде тартымды, бірақ жас ерекшелігіне
байланысты әлі де шамасы келе қоймайтындай үлгілер жасауға жағдай
жасайды деген болжам айтады.
Д. Б. Элькониннің жетекшілігімен жүргізілген зерттеулерде,
кейбір интеллектуалдық операцияларды қалыптастыру мысалын-
да ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойындарда балада қарастырылатын
объекті мен құбылысты объективті бағалау іске асуы мүмкін және оның
интеллектуалдық операцияларының дамудың жаңа деңгейіне (нақты-
операционалдық) көшуі мүмкін деп айтылған. Әртүрлі көзқарастарды
үйлестіру мүмкіндіктердің пайда болуы балаларда «шартты-
динамикалық» көзқарасты (нақты және «шартты» көзқарасты бір
мезгілде табу) қалыптастыру есебінен олардың әртүрлі ойын рөлдерін
біртіндеп өздеріне алған жағдайда жүзеге асырылады.
Л. А. Венгер сюжеттік-рөлдік ойындардың маңызын
қалыптастыруда балалардың қабілеттері басқа адамның пікіріне,
заттарға солардың көзімен қарайды деп көрсетті.
Зерттеушілер еркін процестерді дамыту үшін сюжеттік-рөлдік
ойынның маңызын анықтауға үлкен назар аударды.
Л. С. Выготский еркін тәртіп қалыптастыруды аффективтік-
сұраныстық сфера тұрғысынан қарастырды. Оның пікірінше, баланың
негізгі қалауын қанағаттандыру үшін – үлкендер сияқты әрекет істеуі, өз
тәртібін ережелерге бағындыруы қажет. Ережелерді орындау - баланың
жалпы аффектілерін орындау құралы.
А. В. Запорожецтің зерттеуі мектеп жасына дейінгі балада еркін
есте сақтаудың, белгілі бір әрекетті ұстаудың, сюжеттік-рөлдік ойын
жағдайында күрделі қимылдарды жасаудың сапалық және сандық
көрсеткіштері үлкендердің тура тапсырмаларын орындау жағдаяттардан
әлдеқайда жоғары болады деп көрсетті.
Сюжеттік-рөлдік ойындарды зерттеушілердің (Л. С. Выготский,
135
А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин) пікірінше, ойын мотивациясы
ерекшеліктерінің есебінен болатын танымдық және еріктік процестердің
дамуы ең алдымен баланың өзіне алған ролін орындауымен байланы-
сты.
Л. А. Венгер, Л. С. Выготский, К. Д. Ушинский сюжеттік-рөлдік
ойындарда елестету дамиды деп көрсетеді. В. В. Давыдов ойында бір
заттың функциясын бұл функцияларды атқармайтын ( бөрене нанға
айналады және т.с.с.) екінші затқа көшіру қабілеті дамиды. Осы еле-
стету қасиетінің арқасында В. В. Давыдовтың ойынша, балалар ойын-
да заттар-орынбасарларды, символикалық амалдарды пайдаланады.
Ойында заттар- орынбасарларды кеңінен пайдалану балаға орнына
қоюдың басқа да типтерін (модельдеу, схемалар, таңбалар және т.с.с.)
меңгеруіне мүмкіндік береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың баланы дамытуда жоғарыда аталған
маңызынан басқа тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін
маңызды екендігін айтуға болады (С.Н. Карпова, Н.К. Крупская, А.С.
Макаренко және т.б.). Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы балалар
моральдық нормаларды және тәртіп ережелерін меңгереді. Ойында
қарым-қатынас стилі, балалардың құрбыларымен және үлкендермен
қатынасы қалыптасады, сезімі және талғамы тәрбиеленеді және т.с.с.
Сонымен, сюжеттік-рөлдік ойын – мектеп жасына дейінгі баланың
жетекші іс-әрекеті. Ол мектеп жасына дейінгі бала ойынының негізгі
қорын құрайды. Балалардың шығармашылық ойынының бұл түріне іс-
әрекет ретіндегі ойындардың ерекшеліктерінің барлығы тән. Сюжеттік-
рөлдік ойынның айрықша ерекшелігі ойынның негізгі ойы орындалатын
елестету жағдаяттардың болуы. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың
тұлғалық дамуы мен тәрбиеленуінің барлық жағына әсер етеді. Оның
ерекше құрылымы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |