139
ды басқару» термині мектеп жасына дейінгі балалар ойынын «дамы-
ту» ұғымымен ауыстырылған. Ойын – балалардың шығармашылық
және өзіндік әрекеті екендігін түсіне отырып, педагогтар үлкендердің
қатысуымен балалардың ойын білігін дамыту қажеттілігін түсінеді.
Осы жағдайда ғана балалар ойыны қызықты, әр алуан, ал ойын әрекеті
осы жас кезеңінде балаларды дамытуда жетекші әрекет ролін орын-
дайды. Сонымен бірге үлкендердің әсері балаларда жағымды эмоция
туғызатындай әдепті, сыпайы болуы тиіс.
Ойынды дамытудың авторлар ұсынған тәсілдерін шартты түрде
екі топқа бөлуге болады: қосалқы әсер тәсілдері және ойын білігі мен
дағдыларын дамытуға тура басшылық тәсілдері.
Тура педагогикалық тәсілдер:
ойынға рөлдік қатысу, балалар
келісіміне қатысу, ойын амалының үлгісін көрсету, ойынның дайын
сюжетін ұсыну, ойынның дайын тақырыбын ұсыну, ойын барысында
кеңес беру, түсіндіру,
алдағы ойын мазмұны, ондағы рөлдерді бөлу
жөнінде әңгімелесу, көмектесу, ойыншықтар,
атрибуттар таңдауға
көмектесу, рөлдік істерге үйрету.
Басқарудың аталған тәсілдері мақсатты бағытты түрде ойынның
мазмұнына, балалардың ойындағы қарым-қатынасына, ойыншылардың
тәртібіне әсер етуге мүмкіндік береді.
Балалар ойындарына тікелей араласпайтын қосалқы әсер тәсілдері
сан алуан: сабақта, серуенде, балалармен сөйлескенде, әңгімелескенде,
кітап оқығанда, суреттер мен иллюстрацияларды қарағанда балалардың
қоғамдық өмір туралы білімін байыту; нақтылы ойын әрекетінің
құрылымы, оның мақсаты,
құралдары, амалдар реті, нәтиже, еңбек
процесінде адамдардың өзара әрекеттері мен қарым-қатынастары, өз
араларында міндет бөлу туралы білімді қалыптастыру; ойыншықтарды
пайдалану, ойын жағдайын жасау;
балалардың өткен ойындардан
көргендерін естеріне салу; ойынға ынталандыратын бейнелеу, еңбек,
конструктивтік іс-әрекетті ұйымдастыру.
Сюжеттік-рөлдік ойынды дамытудың әдістері мен тәсілдерін
таңдағанда балалардың белсенділігінің артуына қарай қосалқы
тәсілдерді көбірек пайдалану керек екендігін ескеру қажет. Балалар
неғұрлым кіші болса, солғұрлым педагог ойынды ұйымдастыруға назар
аударуы керек.
С. А. Шмаков, педагог ойынды ұйымдастырғанда ұстанатын негізгі
принциптерін
қарастыра келіп, ойынның өзіне тән
функцияларын
орындауды қамтамасыз ететін негізгілерін анықтады. Бұл принциптер-
ге мыналарды жатқызды:
140
•
балалар ойынға кіріскенде ешқандай мәжбүрлеудің болмауы;
әміршілдік ойынның мәніне қайшы келеді, өзара сыйластықты қолдау
маңызды. Балаларды ойынға ерікті түрде ғана қатыстыруды қарастыру
керек;
•
ойын динамикасын дамыту принципі ойын ережесі арқылы
орындалады, олар сюжеттің дамуына себепші болады; ойынды белсенді
ететін ойын бастамасын мадақтау;
•
ойын атмосферасын туғызу принципі, келіспеушілік туғызатын
сәттерге жол бермеу,
ойын аксессуарларын кеңейту, сәтсіздіктерге
тренингілер өткізу, бала ойындарының репертуарын кеңейту;
•
ойын және ойыннан тыс іс-әрекетті өзара байланыстыру
принципі (балаларды дамытудың көптеген процестерін тездетуші бола
тұрып, ойын құнды әрекеттер – еңбек, эксперименттеу әрекеттеріне
қарағанда ойын екінші кезекке қалуы тиіс; мектепке дейінгі мекемеде
ойын – басқа әрекетке көшу құралы);
•
қарапайым ойындардан неғұрлым күрделі
ойындарға көшу
принципі; баланы біржақты, қарапайым ойындар аясында ұстау
қауіпті, баланың өзін-өзі көрсете алуына, қарым-қатынас орнатуына
көмектесетін ойынның неғұрлым күрделі моделіне қарай ұмтылу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: