Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет19/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 11 
Ия, ғалымдық ғибраты мол, адами қасиет-
тері айрықша ұстазымның тұлғасы уақыт 
өткен сайын көз алдымда биіктеп барады.
Бәлкім, «Жақсының аты, ғалымның хаты өш-
пейтінін» нақтылап айтқан ұлы халқымыздың 
даналық ойының бұл да бір дәлелі болса керек. 
Профессор Ш.Сарыбаевтың аузынан мы-
надай қызық әңгіме естігенім бар: «Мәкең 
екеуміз бір жаққа баратын болып, машина 
ұстадық. Екеуміз таксиде келе жатып, так-
сиске асығыс екенімізді ескертіп, тезірек ж‰-
руін өтінген едік. Бірақ кейде таксистердің де 
қызық мінезі болатыны белгілі ғой. Кімсіңдер, 
соншалықты дегендей кейіп танытты. Сонда 
мен қарап отырмай: «Ай, балам, мектепте 
қазақ тілін оқып па едің? Сонда М.Балақаев
деген есімді естіп пе едің? Мына кісі сол
Мәкең болады», – дедім. Сонда таксист: «Ол 
кісіні естіп білгенім болмаса, көрген емес 
едім», – деп, жайлап бір қарап алды да, көңіл-
ді т‰рде: «Болды! Мен қазір ғана емес, б‰кіл 
қала бойынша қайда барамын десеңіздер де сіз-
дерді алып барамын», – деді. Мәкеңнің «Ана 
тілін» бір жыл оқыған жай таксистің өзі оған 
осылай ‰лкен құрмет көрсетіп еді. Ал ол кісінің 
алдын көрген, жақсылығын сезінген жандар-
дың Ұстаз ұлағатына бас имеуі м‰мкін де емес! 
Ұстаз жолы шәкірттер арқылы жалғаса береді... 
____________________________________________ 
1. Т. Сайрамбаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз 
тіркесі. Алматы «Арыс» 2010 жыл. 608-6012 беттер. 
 
Талгат Сайрамбаев. Учитель-наставник и его ученики. 
Talgat Sayrambaev. Teacher, mentor and his students. 
 
Ф.ғ.д., профессор Т. Сайрамбаев 
ТҰЛҒА. ЖАР. АНА 
Бізге осы уақытқа дейін, қоғам қайрат-
керлері немесе халқымызға белгілі болған 
тұлғалар тек ертеректе өткен сияқты болып 
көрінетін. Бірақ қатар қызмет атқарып, сый-
лас, дастархандас болып ж‰рген кісілердің 
ішінде ерекше тұлғаларды алыстаған сайын 
басқаша көзқараста бағалайтынымыз өмір 
заңдылығы.
Соның бірі – Мәкең, Мая Мұхамедқызы 
Кеңестік дәуірдің ащысын да, тәттісін де 
татқан кісі. Ғалым ретінде ҚСРО-ның бас 
қалалары Мәскеу мен Ленинградта жоғары 
білім алып, аспирантураны тәмамдаған. Яғни 
ғылым жолын аттаған басқышы мықты. Кейін 
ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесіне 
жеткен соң барлық қызметі қазақтың маң-
дайалды оқу орны КазМУ-ге арналды.
Ұстаздық жұмыс барынша қарапайым, ба-
рынша тынымсыз, барынша талапшыл жұмыс 
болса, сол биіктен Мәкең жарқырап көрінді. 
Өз мамандығына лайық қазақ жерінің Жетісу 
аймағы қазақтарының жан-д‰ниесі – өлең-жы-
рын хатқа т‰сіріп, бірнеше монографиялық 
еңбектер жазды, фольклорлық ансамбль құ-
рып, республикаға танытты. Ол ұлттың да 
аяулы кісісі дәрежесіне көтерілді. Сыйлама- 
ғанда қайтеді «Сөзіңді біреу сөйлесе...» деген- 
дей, ұмыт болып бара жатқан ән-жырын жас 
ұрпақтарына қайтарып берсе. 
Мәкең қызметтес әйелдері арасында бе-
делді саяси-әлеуметтік жұмыс атқарды және 
өз мамандығын дамытуда республикамыздың 
оқу орындарының ешбірінде кездеспейтін ғы-
лыми-зерттеу лабораториясын құрды. Бұл ла-
бораторияның бағдарламасы мен ауқымы 
КСРО-ның беделді университеттері лаборато-
риясымен тең деңгейде болды. Осы лаборато-
рияның негізінде филология факультетінде 
орыс әдебиеті мен фольклорынан кандидат-
тық және докторлық диссертация қорғайтын 
кеңес ашу ісі де Мәкеңнің бастамасымен әрі 
қажырлығымен ашылды.
Мәкең факультет өмірінде аса беделді қыз-
мет атқарды. Ғылыми кеңестің небір тартысты 
қиын-қыстау сәттерінде өзіндік шешімді пі-
кірлерімен, тұжырымдарымен іс-шаралардың 
тиімді және нәтижелі шешілуіне өрелі ой 
тастап отыратын. Көпшілік қауымның кейде 
келіспеске шарасы қалмайтын. Өйткені әдіс іс 
– керек іс. 
Еліміз егемендік алып, ақты ақ, қараны 
қара деп айта бастаған кезімізде факультетте 
Мәкеңе арналған бір жиында (мерейтойында): 
«Сіздер мені көктен т‰скендей ‰немі біржақты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет