14 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 ... Қаланың шетінде пәтер жалдап тұрамыз.
Балалар жас. Бір к‰ні қыста сағат тоқтап
қалып, университеттегі бірінші парға ‰лгеру
‰шін таң қараңғысында ‰йден шығып кетті.
Сөйтіп аялдамаға келсе, ешбір жан жоқ.
Қыстың суығы қақап тұр. Автобустар да жоқ.
Не де болса таңды к‰теді. Біраз уақыттан соң
ғана автобустар ж‰ре бастайды. Сөйтсе, аял-
дамаға сағат 6-да келудің орнына саңат 4-те
жеткен ғой. ‡ш рет автобусқа ауысып мініп,
жұмысқа жетуге 2 сағаттай уақыт қажет.
Әйтеуір бір жақсысы сол жылдары қала тәр-
тібі тыныш болатын.
... Кеңестік дәуірдегі ғылыми жұмысты
қорғау одақтас республикалар ‰шін ауыр бо-
латын. Ал докторлық қорғаудың қиыншылы-
ғын айтсаңызшы... . Әсіресе қазақ тілі заңды-
лығын қазақ тілі маманы орысша дәлелдеуі
қажет. Диссертация орыс тіліне аударылып,
авторефераты шықты. Авторефератта машин-
камен тергенде бірсыпыра қателер кеткені
байқалды. Тәкең аса мұқияттап барып авторе-
фератын қайта шығарды. Сол кезде қорғайтын
кісілер диссертациялық кеңес м‰шелерінен
басқаға авторефератын таратуға сескенетін.
Өйткені арыз жазылатын. Тәкеңді де нысанаға
алып ж‰рген жазғыштар бары анық еді. Бір
жанашыр кісі: «Сен қатесі бар автореферат-
тарды сұраған кісілерге бере бер. Олардың
ішінде арыз жазатындары болса, аздаған қа-
теңді бадырайтып көрсетіп ВАК-ке жібереді.
Ал ВАК-тегі авторефератта қате жоқ. Сон-
дықтан ол бос сөз болады да, арыз қаперге
алынбайды» - деп ақыл қосты. Тәкең солай
істеді.
Қазақ тарихындағы 1986 жылғы Желтоқ-
сан оқиғасы қазақ жастары мен азаматтарына
қырғидай тиген д‰рбелең кезеңді тудырды.
Қазақ зиялыларының ішіндегі Алматы, Жам-
был, Оңт‰стік Қазақстан облысы азаматтары
бұл ауыртпалықтарды бір кісідей-ақ көтеріп
бақты. Әйтеуір аяғы жақсы болып, ел еге-
мендік алғасын «Тәуба!» деп ақылмен өлшеп,
сабырмен н‰кте қойылған еді.
... Желтоқсанның ызғары тергеу мен тәм-
піштеу жұмыстары арқылы келесі жылға жал-
ғасты. Мәскеуден келген комиссия КазГУ-де
штаб құрып, азаматтар тағдырын тәркілей
бастады. Бар ауыртпалық әрине ректор Өмір-
бек аға Жолдасбековке т‰сті. Бір к‰ні, 1987
жылдың май айының ортасында Тәкең ‰йге
бір т‰рлі көңіл к‰ймен келді.
– Не болды, тыныштық па? – дедім.
– Мен жұмыстан өз еркіммен кетуге арыз
жазып келдім. Аздап болса да, Өмекеңе
бір леп болса екен дедім». Мен қолдай кет-
тім: - Әрине, бұның дұрыс. Шығарып жібер-
гендер де ж‰р ғой. Не болыпты сонша. Сен
ғылым докторы, профессорсың, мен де міне,
қорғайын деп отырмын. Ештеме етпейді, Ота-
нымызға ғалымдар керек, - деп жапа шеккен
ірі тұлғалардың бір-екеуін мысалға келтіріп,
«Қызмет қолдың кірі» деген мақалды қосып,
қолдау білдірдім.
... Алдымыз жаз. Жазда саяжайда еңбек
етуге, демалуға толық м‰мкіндік бар. Ән-
шейінде қол еңбегіне мән бере бермесе де, сол
жазда Тәкең бір жақсы дихан болып алды.
Еңбек сол к‰ндерде демеуші, емші болғандай
болды. Тіпті өзінің жұмыссыз ж‰ргенін де
білдірмей, еңбек қуанышына мақтана бастаған
сәттерін де байқадым. Мен қасында әрдайым
бірге болып ж‰рдім. Тамаққа да тәбеті артып,
көңілі көтеріңкі к‰йге ене бастады. Осылайша
жадыраған жазды өткізіп, к‰зде өз дәрежесіне
сай келмесе де, қызметке шықты, қажырлы
еңбекпен 3 жыл төзіп бақты.
Ел егемендігін жариялап, көңілдегі жә-
бір-жапа ұмытыла бастады. Тәкең өзінің қыз-
мет орны КазГУ-ге қайта оралды. Көңілі ор-
нына т‰сіп, ұстаздық-зерттеушілік жолына
құлшына кірісті. Ол нәтижелі болды. Өзінің
өмірімен қоштасар ең соңғы минутында да
қызметін орындап келіп, енді қорғауға шы-
ғайын деп тұрған шәкіртінің құжаттарын қа-
рап, тексеріп беріп, қорғауға рұқсат ететін-
дігін растап, қолын қойып беріп еді.
Құрметті оқырман, кішкене шегініс жасап,
мына бір жайтты да айта кетсем деймін. Бұ-
рынғы жылдарда Ғылым академиясында м‰-
ше-корреспонденттікке және академикке сай-
лау ж‰ретін. Бірақ Тәкең қай сайлауға болса
да, құжат тапсырмайтын. «Сен неге құжат
тапсырмай ж‰рсің, комиссия құрамы сені
таниды, бағыңды сынап көрмейсің бе?» деген
кісілерге: «Маған ғылым докторы, профессор
деген дәреже мен атақ та жетеді», - десе, кей-
де әзілдеп: – Немене, Мәкеңе теңесіп кетуім
керек пе? – дейтін еді. Себебі өз ұстазы Мәу-
лен ата Балақаев дәрежесінің жоғары тұруын
қалайды екен ғой. Өмір бойы сыйлап өткен
ұстазының дәреже-атағы, даңқы өз шәкірт-
терінен тым жоғары тұруын қалаған әзиз
ж‰регінің бұл да бір жылылығы болса керек.