Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет290/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   446
Жыр және желі. Эпос айтушылардың көп-
шілігінің (дарынды, суырып салма өнерлілері) 
жыр айту дәст‰рінде қолданған әдістерінің 
бірі – желі айту. Ұлан-ғайыр эпикалық шығар-
малар, айтыс, толғау, термелерді көпшілік ал-
дында ‰немі айтып ж‰рген айтушылар тың-
даушы қауымының талап, тілегін де ескеріп 
отырған. Қара сөзді ұйқаспен сөйлейтін жыр 
айтушылар көпшіліктің қандай жыр тың-
дағысы келетінін жыр арқылы сұрауды әдет 
ету нәтижесінде кейін өз құрылымына әр 
жырға байланысты қысқа сюжеттерді бірік-
тірген желі туғызған. Сондай-ақ желінің пайда 
болуының екінші себебі – жырау, жыршылар-
дың жыр бастар алдында шабыт шақыруы
яғни психологиялық дайындығы. Желінің 
айтылу себебін О.Нұрмағамбетова өз еңбегін-
де былайша т‰сіндіреді: «Ожерелье песни» 
исполняется для того, чтобы доказать, что 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 231 
сказатели знают много разных дастанов, во-
первых. Во-вторых, для того, чтобы слу-
шатели сами выбрали то, что желают слушать, 
и выяснить, какое из эпических произведении 
будет встречно с наибольшим интересом» . 
Желі ретінде болмаса да шабыт шақырып, 
дене қыздырып, эпос айтар алдында ‰гіт, на-
сихат терме айту өзбек, қарақалпақ халқында 
да сақталуы бұл дәст‰рдің тамыры тереңде 
жатқанын көрсетеді. Желі айту дәст‰рі қазақ 
топырағында к‰ні кешеге дейін өмір с‰ріп 
келген. Бізге кезінде Марабай, Мергенбай 
және т.б. жыр айтушылардың желілері туралы 
деректер жеткенімен, олардың айтқандары 
жазылып алынбаған. Сондықтан да жыр айту-
дан кезінде алдына жан салмаған Н‰рпейістің 
желі айту дәст‰рі туралы Ә.Тәжібаевтың: 
«Н‰рпейіс біздің ‰йде әуелі «желісін» тартты 
…. Әрбір ‰лкен дастанның қысқаша, сығым-
далған мазмұнын жырлап шықты», - деген, 
Жамбыл туралы: «Ол (Жамбыл – А.Б.) заман-
дар жайын сөйлейтінін, «Қырымның қырық 
батырынан» хабардар екенін ескертті. Қырғыз 
жайы «Манаста» сөйленді. «Көрұғлының» қай 
саласын айт дейсіңдер? – деп тыңдаушылар-
дына тағы көз тастады. Одан кейін Сұраншы 
мен Саурық туралы тура екі к‰н жырлайты-
нын айтты», - деген пікірі өте құнды деректер. 
Кейінгі кезде фольклорист ғалымдар Сыр 
бойының ‰лкен жырауы Р.Мәзқожаевтан 
және Қарақалпақстанда тұрған Ж.Аралбаев-
тан олардың шағын жыр желілерін жазып 
алған. Желінің табиғаты т‰сініктірек болу 
‰шін солардан бірер мысал келтіре кетейік 
Жиделі Байсын жерінде. Қоңырат деген 
елінде. 
Байбөрі деген шал болған… 
Тілеп алған Алпамыс. 
Мың кісі к‰ші өзінде.
Батырлардың ішінде. 
Мұнан батыр өтпеген.
Қылыш шапса кеспеген,
Отқа салса к‰ймеген.
Суға салса батпаған,
Дұшпанға найза саптаған, 
Осыны айтсам бола ма? 
Алмасқа жауды ілгізген, 
Кім екенін білгізген. 
Дарға басын ілгізген 
Көрұғлыны айтсам бола ма? 
Бұл Рахмет Мәзқожаевтың ұзақ желісінен, 
екі жырға байланысты қысқа нұсқасы. Жырау, 
жыршылардың бұл желілерінің өзінен-ақ 
олардың эпос мұраларын дамытуға, көркем 
образдар жасауға ұмтылғанын көруге болады. 
Алғаш импровизациялық тұрғыда туған бұл 
желілер кейін тұрақтанып, толығып эпос айту-
шының әрдайым жыр айтар алдында орын-
дайтын шығармасына айнаған, жыр айту дәс-
т‰рінің бір элементі болып қалыптасқан.
______________ 
1. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. Ал-
маты, Жазушы, 1978, 19 том, -561 бет. 
2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы, Жазу-
шы, 1975. - 641 бет. 
3. Кыдырбаева Р.З. Сказители. Бишкек, 1980. – 498 
стр. 
4. Нурмагамбетова О.А. Казахский геройческий эпос 
«Кобланды батыр»7 Алматы, Наука,19897 – 659 стр. 
5. Коңыратбаев Ә. 10 томдық шығармалар жинағы. 
Қызылорда, 2009. 4 том. – 365 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет