Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет297/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   446
 
 
Ергубекова Жанат. Гиперболическое описание этно-культурного концепта «батыр» 
В статье говорится о фольклорном ономастическом пространстве; определяются параметры собственных имен в 
художественном (фольклорном) тексте; анализируются категории, разновидности, особенности тех собственных имен. 
Ergubekova Janat. The hyperbolic description of ethno-cultural concept of "batyr" 
In the article it’s said about folklore onomastic area; the forms of Proper Names in the literary text are determined and 
the categories, varieties, and peculiarities of Proper Names are analized. 
 
 
 
Б. Ж‰сіпова, 
ф.ғ.к., аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-т‰рік университеті. ҚР Т‰ркістан қаласы, 
sokrat1988@list.ru
 
Т‡РКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ТІЛІНДЕГІ ТАҒАМ АТАУЛАРЫНА 
БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗДЕР 
 
Лексикалық ерекшеліктер деп отырғаны-
мыз қазақ әдеби тілінде кездесе бермейтін, 
кездессе де тұлғалық және мағыналық жағы-
нан басқаша қолданылатын сөздер. Сөйленіс-
тердегі лексикалық ерекшеліктердің кейбіреу- 
лері тіліміздің байырғы белгілерінің ізі ретін- 
де танылса, кейбір лексикалық құбылыстар
көрші халықтар тілінің әсеріне байланысты 
болады. Қазақ диалектологиясында қалып-
тасқан дәст‰р бойынша, тұрмыстың әр сала-
сына тән сөздерді бірнеше топқа бөліп қарас-
тырылған. Сол сияқты, Т‰ркістан тұрғындары 


238 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
тіліндегі ерекшеліктерді де бірнеше топқа 
бөліп қарастыра отырып, бұл мақалада Т‰р-
кістан тұрғындары тіліндегі тағам атауларына 
байланысты ерекшеліктерді сөз етпекпіз. Ау-
қат – тамақ, ас. Ауқат алыңыздар! Ауқат істеп 
‰йде отырамыз ба? Жергілікті жерде жалпы 
қазақ тілінде айтылатын кеспе көже, к‰ріш 
көже, бидай көже, арпа көже атауларының 
қолданылуымен бірге басқа өңірлерде кездесе 
бермейтін мына төмендегі сөздерді айтуға 
болады. Олар: Сұйықаш – сұйық тамақ, көже. 
Б‰гін жақсылап бір сұйықаш істеші (Оранғ. 
Құш.). Ет сорпа – ет, картоптан жасалған сұйық 
тамақ т‰рі. Қара сорпа - піскен еттің қамыры 
салынбаған сорпасы. Қара сорпаға пияз, нан 
турап ішеді. Қайнатпа сорпа - ет араласқан 
сұйық тамақ, сорпа. Қайышаш – қамырын 
ұзын етіп кесіп жасайтын тағам, кеспе. Жау-
ған көже. 1. Ет, май қоспай пісірілетін тамақ. 
Қамырға көк жалбызды турап салып илеп, 
оқтаумен жайып, шетінен бармақпен ‰зіп 
тастап пісірілетін тамақ. Азанда жауған көже 
іше сала кеттік; 2. Сөктен, тарыдан жасалған 
көже. Жұлма көже – қамырды жайып, қолмен 
жұлып-жұлып салып жасаған нан көже. Жұл-
ма көжені пышақ тигізбей, ауырып жатқан 
адамға арнап жасайды. Пышақ тимей жасал-
ған жұлма көже жеңіл болады деп есептейді. 
Белбайлы көже - ұнды қуырып, май, с‰т, сөк 
қосып жасайтын көже. Белбайлы көжені жаңа 
босанған әйелге, ‰лкен кісілерге береді. Теңге 
көже – қамырға жалбыз қосып илеп, төрт бұ-
рышты етіп кесіп жасаған тағам т‰рі. Б‰гін
теңге көже жасаңдаршы, - деді енесі келініне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет