№12 дәріс тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы аудармалары.
Дәріс тезисі: Абайдың ақындық мектебінің айтулы өкілі
Ш.Құдайбердіұлы
көркем
аудамда
өзіндік
қолтаңбасын
қалдырған
дарын.
Л.Н.Толстойдың
алты
әңгімесін,
А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын, Гарриэт
Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» романын және Шығыс
шайырлары Хафиз ғазалдарын, Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн»
дастанын қазақ тіліне аударды. Шәкәрім ақын аудармаларына
еркін аударма тән. Шығарманың тақырыптық-идеялық өзегін
сақтай отырып, ақын Пушкиннің прозалық шығармаларын қазақ
тіліне өлеңмен аударды. Бұл ретте ақын қазақ ұғымына, түсінігіне
лайықтап
аударғанда
өлең
өрімін
терең
қабылдайтын
қандастарының көркемдік танымын басты орынға қойса керек.
«Аударманың бір ерекшелігі – ақын Пушкин шығармасын сөзбе
сөз аударуда мақсат тұтпаған және түпнұсқадан ауытқып та
кетпеген. Повестің оқиға желісін жыр тілімен қайта баяндап
шыққан. Осы қасиет, яғни, аударма жасаудағы еркіндік
Шәкәрімнің
аудармашылық
өнеріне
тән
құбылыс»
(Ө.Әбдиманұлы). «Боран» аударамасы да өлеңмен аударылған.
Аударма мен түпнұсқада айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Шәкәрім Хафиздің «Көрініске шоқынған», «Кел, аяқшы, қымыз
құй», «Ей, жарымыз, ай нұры», «Тұр, аяқшы, бер қымыз», «Көңіл
жібі қолымнан», «Егер сүйікті ол бала», «Анық ерге жолдас бол»,
«Мәжілісіңде досыңның», «Кешегі басшы піріміз» өлеңдерін
тәржімалады. «Жасымнан жетік білдім түрік тілін», «Оятқан ерте
мені Шғыс жыры» деп жырлаған ақын бірнеше тілдерді жетік
23
білгені мәлім. Соның ішінде парсы тілін жетік меңгерген
Шәкәрім Хафиз ғазалдарын жатық тілмен аударған. Бұл ретте
аудармада қазақ ұғымының қабылдауы, қазақ болмысы
ескерілген.