Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
f1a134f14c508836ee1cae626d73e90d

Әдебиеттер1,3,5,8,9, 10, 12,14. 
№10 дәріс тақырыбы: Неміс әдебиетінің қазақ тіліне 
аударылуы 
Дәріс тезисі: «Қазіргі әдебиет тану ғылымында Абай 
шығармалары мен неміс әдебиетінің өзара қатынасы аз 
зерттелген. Неміс әдебиетінің Абай шығармашылығына қандай 
дәрежеде әсер еткені, олардың өзара уқсастық шамасы 
айқындалған жоқ. Абайдың жеке өмірі мен ақындықжолының 
неміс әдебиетінде (шетелжәне отандық) бейнелеуін көрсету де 
тапшы. Абайдың білімді, көп оқыған адам екені белгілі, оны 
тарих, социология мәселөлері қызықтырды, экономикалық, 
философиялық еңбектерді көп оқыды, қоғамдық ойдың дамуына 
ой жұгіртті. Немере інісі Кәкітайдың естеліктері американ 
саяхатшысы Дж. Кеннанның «Сібір және сүргін» (1906) атты 
кітабына енген жазбалары, сондай-ақ Ә.Бөкейхановтың ақынға 
арнаған азанамасы (1907) Абайдың көп оқып, ерінбей ізденгенін 
дәлелдейді. Абай орыс сыншыларының еңбектерімен таныс 
болды, неміс классикалық философиясы мен әдебиеті туралы 
көптеген мәліметтер жариялаған 19 ғ-дың 2- жартысындағы 
белгілі орыс журналдарын оқыды. Осы көзде Россияда 
И.В.Гетенің, |Г.Ф. Шиллердің, Г.Гейненің, Э.М.Губер, П.И. 
Бейнберг, А.А. Фет т. б. тәржімелеген нұсқалары жарық көрді. 
Абай осы аудармалармен танысты. Абайдың жақын достарының 
ішінде «орыс немістері» Е. П.Михаэлис пен А.Л.Блек те бар еді. 
Абай 20 жыл бойы Михаэлиспен шынайы дос болды. Блек 1883-
1884 ж. Семейде айдауда журіп, Абай да мүшесі болып сайланған 
Семей облыстық Статистика комитетінде жұмыс істеді. Абайдың 
Михаэлиспен және Блекпен көздесе жүріп, олармен Гете, Шиллер 


20 
т. б. туралы әңгімелеспеуі мүмкін емес. Демек, Абайдың неміс 
әдебиеті женінде едәуір мағлүматы болды деуге толық негіз бар. 
Гете мен Абай шығармаларының терең салыстырыла оқытылуы 
екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. 
көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің 
ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ 
ақынының Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін шебер 
аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық 
әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын 
болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек 
көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, 
журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза 
бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, 
түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның 
бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында 
кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің «Алматы. Қазақ 
көктемі» 
кітабына 
Абайдың 
патриархалды-феодалық 
көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне 
жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына 
алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы 
айтылады. Абайдың Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін 
аударғаныженіндегі мәліметтерді жазушы Рут Крафтың «Алатау 
аясындағы достар» деген очеркі мен «Катаринаға арналған 
раушан» (Берлин, 1971) жинағында айтылады. «Шетел жазу- 
шыларының лексикасында» Абай туралы өмірбаяндық деректер 
берілген. Мәдени-саяси «Зонтаг» апталығы оқушыларға Семей 
облысының Қарауыл қыстағында «Ақындар аллеясы» ашылып, 
Гете-Лермонтов-Абай мүсіндерінің орнатылғанын насихаттауда 
қазақ жазушысы Қ.Исабаев көп үлес қосты. 1979 ж. оның тікелей 
қатысуымен Габельбахтағы Гете музейінде «Қараңғы түнде тау 
қалғып» өлеңінің тексі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. В. 
Веймердағы Гете музейінде өз қолымен жасаған Абай бейнесі бар 
«Қазақтың 
Гете аудармашылары» планшетін, Мүрсейіт 
қолжазбаларының суретке тұсірілген данасын және «Қараңғы 
түнде тау қалғып» өлеңінің музыкасы мен нотасын тапсырды. 
Абай шығармалары Германияда онша мәлім емес. Бұл алдымен 
неміс тілінде сапалы аудармалардың жоқтығына байланысты. 
Абай 
мұрасын 
Түпнұсқадан 
тікелей 
неміс 
тілінде 


21 
тәржімелеушілер тапшы. Орыс тіліндегі аудармалардың деңгейі 
Түпнұсқадан гөрі төмен. Басқа шет елдегі сияқты Германияда 
Абайды негізінен М.О.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы 
біледі. Абай шығармаларын неміс тіліне аударуға неміс ақындары 
Герберт Генке, Зени Эстеррейхер, Роза Пфлюг үлес қосып жүр. 
Аудармашы Герольд Бельгер Абай шығармалары туралы бірнеше 
ғылыми мақала, екі кітап жазды» (Уикипедия). Медеубай 
Құрманов Гетенің «Фауст» кітабын неміс тілінен қазақ тіліне 
аударды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет