129
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
Зерттеушілер балалардың оқуды қалай мең-
геретіндігін қозғайтын мəселелердің дұрысты-
ғына күмəн келтіріп, соңғы кездерде сауатты-
лық мəселесі ересектердің сауаттылығы мəсе-
лесіне келіп тірелуде. Бір жағынан, сауаттылық
терминінің «фоникалық» [1, 770-778] жəне,
екінші жағынан, «түсіну үшін оқу» [14, 54] қағи-
далары «оқу соғысына» алып келді. Енді, зерт-
теушілер екі жақтың да мықты жақтарын есеп-
ке алатын əдісті іздеуге кірісті [13, 16]. Көп-
теген орталарда «сауаттылық» термині əлі де
«оқу» үғымымен байланыстырылады жəне жас
жеткіншектердің
оқуды қалай меңгеретіндігін
қарастырады. Мысалы, Adams [1, 770-778], АҚШ-
тың сауаттылық жөніндегі Ұлттық Комиссия-
ның белді мүшесі, «Сауаттылық» тақырыбына
жазылған əдебиеттерге шолу жасаған еңбегін
төмендегіше бастайды:
«Оқуды үйрету саласындағы ең маңызды
жəне басты мəселелердің
бірі балаларға жазу
мен оқуды үйрету жəне шамамыз келгенше
жəрдем көрсету болып табылады».
Соңғы интеллектуалды ағыстар да, «функ-
ционалды» сауаттылық та [13, 59] «сынды»
сауаттылық [14, 85] жəне «Фрайрин» əдісі деп
аталатын [14, 54]; жəне ең соңғы шыққан «топ-
тық» сауаттылық [14, 84] сияқты жəне тағы басқа
танымал тақырыптар мен жаттанды мысалдар-
дың беткейінде жатыр.
Зерттеу мақсатында болсын, тəжірибелік мақ-
сатта болсын, «сауаттылық» терминінің мағы-
насы өте даулы жəне
қай жақтың болмасын
сынын ескермегенше, бұл ұғымды ашу мүмкін
емес. Бұл тақырыптағы пікірталастар мен сын-
дарды қарастыра келе, кей кезде бірін-бірі жар-
тылай қайталағандығына қарамастан, төменде-
гіше төрт маңызды дəстүрлі ажыратуға мүмкін-
дік туды: сауаттылық жəне үйрену;
когнитивті
əдіс; сауаттылық əлеуметтік тəжірибе ретінде;
жəне сауаттылық мəтін ретінде. Бұл эвристика-
лық классификация түрлі əдістерді жəне олар-
дың нəтижелерін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу сауат ашу жұмысының басты құрамдас
бөлігі ретінде қабылданған кезеңдерде, сауат
ашудың «танымдық» құрамы сауаттылықтың
нəтижесі ретінде қарастырылды. Ал соңғы кез-
дердегі əлеуметтік жəне əлеуметтік-мəдени
əдістер жəне ересектердің үйренуі туралы тео-
риялар,
сонымен қатар, көпжақты зерттеулер-
дің жəне дискурстық талдаулардың нəтижелері
біздің сауаттылық деп атап жүрген ұғымы-
мызды шеңберін кеңейте түсіп, оның нəтиже-
лерінің жаңаша қарастыра бастады. Мақалада
аты аталған зеттеушілер бұл өзгерістерге түрлі
жауаптар ұсынды: мысалы Adams [1, 770-778]
жəне Snow (1998) сияқты ғалымдар үйрену үде-
рісін контекстке байланыстырмау керек деген
ұстанымда; ал Cole жəне Scribner-лер [14, 65]
когнитивті үдерістерді əлеуметтік тəжірибемен
байланыстыруға
тырысуда; кейбіреулер білім-
дерін барлығына бірдей стандарт қолданғаннан
гөрі, сауат ашуды үйретуді əлеуметтік жəне
саяси тұрғыдан кең контекстпен байланысты-
руға бағыттауда жəне оқушылардың өзімен
бірге алып келетін үйрену стилі мен түрлі
бастан кешкен тəжірибесіне шыдамды болуға
жəне түсіністікпен қарауға шақыруда [14, 25;
12, 32]; басқалары
сауаттылықты қарым-қаты-
настың визуалды жəне іс-қимыл «түрі» басқа
сияқты семиотикалық құралдарымен қатар
қоюда жəне бұл көзқарас «сауаттылықты» жеке
қарастырғаннан гөрі, жаханданып жатқан əлем-
нің қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін қам-
тамасыз ететін «мульти-сауаттылық» немесе
«мульти-түрлілік»
жағдаятында қарастыру керек
екендігін айтуда [9, 68]. Бұл авторлардың бар-
лығы дерлік күш жəне əлеуметттік иерархия
тəріздес даулы мəселелерге тоқталған, себебі
бұл мəселелер жоғарыда
айтылған екі анықта-
маға даб тəжірибенің нəтижелеріне əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: