130
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
тік тəжірибе ретінде əдісінің зерттеулері алдыңғы
сөйлемде айтылған пікірге күмəн келтіріп, тəжі-
рибе жүзінде автономды үлгіге негізделген үстем
əдіс басқа мəдениеттерге сауаттылықтың батыс
(немесе урбандалған) қағидасын үстеуде. Оған
балама сауаттылықтың идеологиялық үлгісі
сауаттылық тəжірибесіне контекстке қарай өзге-
ріп отыратын əлдеқайда сезімтал көзқарас ұсы-
нады. Бұл үлгі автономды үлгіге қарағанда көбі-
рек жəне түрлі алғышарттардан бастау алады;
ол сауаттылықтың жай ғана техникалық немесе
бейтарап біліктілік емес, оның əлеуметтік тəжі-
рибе екендігін жəне əлеуметтік эпистемиоло-
гиялық қағидаларға негізделетінін баса айтады.
Адамдардың оқу мен жазуға деген көзқарасы
олардың білім, сəйкестілік жəне болмыс жайлы
концепцияларынан бастау алады. Бұл тұрғыдан
сауаттылық ұғымының кейбір нұсқалары əр-
дайым «идеологиялық» болғандықтан, ол əрқа-
шан белгілі бір əлемдік пікірге негізделгендік-
тен жəне мол пікірдің басқалардан үстем екен-
дігін жəне басқаларына
шектеу қоятындығы-
нан, бұл ұғымның мағынасы да, тəжірибесі де
даулы пікір болып табылады [6, 13]. Əлеу-
меттік сауаттылық жайлы пікірталастар [14, 58]
сауаттылық ұғымы əуел бастан əлеуметтік іс-
əрекет болғандығы пікірде. Мұғалімдердің, оқу-
шылардың қарым-қатынасының өзі сауаттылық
ұғымының табиғатына жəне олардың сауат-
тылық жайлы пікірлеріне əсер ететін əлеумет-
тік тəжірибе болып табылады. Сондықтан,
сауаттылық бейтарап күйінде берілетін жəне
оның əлеуметтік құрамдас бөлігі кейінірек мең-
герілетін үдеріс деген пікір орынсыз.
Осы себептерден жəне көптеген дəстүрлі
сауаттылық бағдарламаларының сəтсіздігінен
[14, 59], əлемнің түкпір-түкпірінде сауаттылық
мəселесімен айналысушы академиялық қызмет-
керлер, зерттеушілер жəне оқытушылар көпте-
ген тəжірибелер жəне бағдарламалар негіздел-
ген сауаттылықтың автономиялық үлгісі оқу
мен жазудың көпжақтылылығын түсіндіретін
немесе идеолгиялық үлгіні толықтыратын тəжі-
рибелі бағдарламалармен қамтамасыз ететін
интеллектуалды құрал
емес екендігін алға тар-
туда [2, 56; 7, 36; 8, 28; 141, 61].
Бұл əдістің саясаткерлер мен бағдарлама
дизайнерлеріне бағытталған сұрағы бейтарап
даму аясында сауаттылықтың əсері емес, жер-
гілікті халықтың жаңа қарым-қатынас тəжіри-
белеріне деген пікірі болуы керек. Kulick &
Stroud-тың [10, 61] миссионерлердің Жаңа
Гвинея ауылдарына сауаттылықты қалай алып
келгендігінің этнографиялық сипаттауы бұл
қағиданы аша түспек. Бұл тұрғыдан, сауатты-
лық – күш ара қатынасының құрамдас бөлігі
жəне адамдардың тек қана педагогикалық жəне
когнитивті
факторлар ғана емес,
сонымен қатар,
əлеуметтік жəне мəдени тəжірибе аясындағы өз
жағдаятына қалай ие болатындығының көрсет-
кіші. Бұл мəселе, өз кезегінде, кез-келген сауат
ашу бағдарламасына қоюға болатын төменде-
гіше сұрақтарға жол ашады: Бағдарлама қаты-
сушылары арасындағы күш ара қатынасы қан-
дай? Қандай ресурстар қолданылады? Егер адам-
дар сауаттылықтың бір түрінің орнына басқа-
сына иеленсе, қайда барады? Сауат ашу бағдар-
ламасының қатысушылары сауаттылықтың басым
концепцияларына қалай қарайды?
Бұл əдістің зерттеу үшін де, тəжірибе үшін
де маңызы зор. Зерттеушілер, өз мəдениетіне
таныс белгілі бір сауаттылық тəжірибесіне жүгін-
бестен бұрын, енді, жазу мен оқуды əлеуметтік
контекст аясында жəне
басқа көзқарастарды
түсіністікпен қабылдау арқылы сауаттылық ұғы-
мының шеңберін кеңейтпек. Көптеген адамдар
үшін сауаттылықтың автономды үлгісі аясында
«сауатсыздық» деп атаған ұғымы, мəдени көз-
қарастарға жұмсақ көзқарас негізінде, сауатты-
лық тəжірибесінің маңызды қолданысын бел-
гілі мақсаттары мен арнайы контексттерінде
көрініс табады. Мысалы, зерттеулер нəтижелері
«сауаты жоқ» тұлғаның сауаттылық іс-əрекет-
теріне кірісетіндігін көрсетеді, сондықтан, сауат-
ты/сауатсыз ұғымдарының ара-жігін ажырату
қиынға соғып отыр.
Жаңа сауаттылық зерттеулерінің басты ұғым-
дары
сауаттылық оқиғалары мен
сауаттылық
тəжірибелері тəрізді жаңа ұғымдарды арнайы
контекстер мен тəжірибелік
бағдарламалар шең-
берінде кедергілерден сүрінбей өтуге мүмкіндік
береді. Shirley Brice Heath «сауаттылық оқиға-
ларына» «қатысушылар қарым-қатынасына жəне
оларды түйсіну үдерістеріне жазу іс-əрекетінің
интеграциялануы» деген анықтама береді [14,
1] «Сауаттылық тəжірибелер» ұғымын «оқу мен
жазудың əлеуметтік тəжірибелері мен ұғым-
дары» деп сипаттаған, кейінірек ол Heath-дің
ойын жетілдіре отырып, бұл ұғымға «сауатты-
лық оқиғаларын» да енгізді. Осылайша, сауат-
тылықтың əлеуметтік үлгілеріне қатысушалыр-
дың
ой-пікірлерін қосу арқылы, оларға бұрын-
ғыдан да маңызды мағына үстеді [14, 62]. David
Barton, Mary Hamilton жəне олардың Ланкастер
университетіндегі (Lancaster University) басқа
да əріптестері осы ұғымдарды өз зерттеуле-
рінде қолдану арқылы Ұлыбританияда жəне
əлемде аса зор маңызға ие болды (салыcтыры-
А. Алдабердіқызы
131
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
ңыз: Barton and Hamilton 1999). Басыңқы жəне
бағыныңқы, формалды емес жəне жергілікті
сауаттылық ұғымы «жағдаятты» жəне «идео-
логиялық» əдістер аясында басты маңызға ие
болды.
Brandt, Maddox, Stromquist жəне басқалары
тəрізді жергілікті немесе сыртқы жəне жахан-
данған əлемнің тəжірибесін, сонымен қатар,
когнитивті əсерлер мақалада талқыланған пікір-
лер мен ойлар сауаттылық ұғымын тануда түрлі
əдістердің бар екендігін жəне ересектер сауат-
тылығын қолға алу жəне тереңдету бағдарлама-
ларының қалай тұжырымдалу керек екендігін
көрсетеді. Осы тұрғыдан, сауаттылықты да-
мыту бағдарламасы «Сауаттылықты өлшеу мен
қадағалау» – ‘Measuring and monitoring literacy’,
«Сауаттылық стратегиялары мен саясаттары» –
‘Strategies and policies for literacy’, «Сауаттылық
жəне адамзат дамуы» – ‘Literacy and human
development’ жəне «Сауаттылықты тиімді үйре-
тудің жəне бағдарлама жасаудың педагогика-
лық əдістері» – ‘Pedagogical approaches to
literacy effective literacy learning
and programme
designs’ сияқты бағдарламаларға сай сауатты-
лықтың қай түрін қарастырып жатқандығын
атап көрсетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: