196
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
Совет Одағы тарағаннан бастап, ТМД ел-
дерінде, тіпті əлемнің
көп елдерінде амери-
канизация үрдісі соңғы жиырма жылда кеңінен
таралып келеді, балалар əдебиеті де одан тыс
емес. Кітап алу үшін кітап дүкендеріне кір-
сеңіз Дисней мультфильмдерінің қахарман-
дары жайлы кітаптар, бүгінде өзекті болып
жүрген фильм, мультфильм қахармандарын,
кейіпкерлерін көптеп жолықтырасыз. Яғни
бүгінгі күні балалар кітаптары жəдігер ойын-
шықтар индустриясы мен табысты фильм,
мультфильм, анимация, компьютер ойындары
қахармандары тарапынан қысым көріп тұр.
АҚШ еліне ғылыми іссапарда болғанымда
көптеген Дисней қахармандары мен танымал
бірнеше балалар
ақын-жазушыларын білген
болсам, сапар соңында кітапханаларда жұмыс
жасап, профессор-əдебиетшілердің лекцияла-
рына қатысып, жиналған мəліметтер амери-
кандық балалар əдебиеті туралы білімімді, көз-
қарасымды өзгертті.
Беверли Лион Кларк өзінің «Америкадағы
Балалар əдебиетінің əлеуметтік конструкция-
сы» аты кітабында балалар əдебиеті жағдайы
жайлы төмендегідей анықтама берген: «XIX
ғасырда профессорлар тарапынан балалар
əдебиеті ағылшын əдебиеті пəндері қатарына
енгізілді, алайда ол өз алдына жеке, дара пəн
етіп белгіленбеген. Ал XX ғасырдың басында
американдық балалар əдебиеті
филологиялық
пəндер тізімінен алып тасталынған, əдебиетші-
лер балалар əдебиеті маңызды зерттеуді талап
етпейді деп қараған. Сол уақытта бұл бос
орынды кітапханашылар мен Педагогикалық
факультеттердің профессорлары толтырған
жəне балалар əдебиетінің маңызы мен қажет-
тілігін солар ғана таныған» [1, 145].
1970 жылдардағы белгілі мəдениет, гендер
мəселелеріне болған қызығушылықтар уни-
верситеттегі филология бөлімдеріне балалар
əдебиетін қайтарып əкелді. Соңғы 35 жылда
балалар əдебиеті ерекше назар астында болуда.
Жоғарыда атап айтқанымыздай Американ-
дық балалар əдебиеті коммерциялық (сауда)
нарықпен бəсекеде, оған мысал Дисней кейіп-
керлері туралы кітаптарды басып шығаратын
бір «Голден Букс» басылымы жыл сайын мил-
лиондаған кітаптарды таратып өздерін əдебиет
əлемінде еркін сезсе, танымалы «Калдекот»
сыйлығы американдық балалар əдебиетінде
маңызды іс шара болып, коммерциялық кітап-
тарға емес, Морис Сендак,
Давид Вейснер
сияқты нағыз балалар əдебиетін тудырушы-
ларға беріліп келеді [2, 453].
Бүгінде Қазақстан əдебиетінде балалар
əдебиеті өте байсалды дамып келе жатқан
бөлім болып, мемлекеттік бюджеттен біршама
қаражат бөлініп, балалар əдебиетін қорғау,
сақтап қалуда жəне дамытуда көп жұмыстар
атқарылуда, алайда американдық балалар əде-
биетінің тарихына үңілсек, осы саланы қара-
жаттау американ қоғамында болған емес, ол
кітап шығаратын баспалар танымалдылығына
байланысты. Егер автордың туындысы Ran-
dom House, HarperCollins жəне Scholastic сияқ-
ты үлкен баспа үйлерінде жарық көрсе онда ол
кітаптар кең таралып сізді танымал етеді,
кейбір кішкентай баспа үйлерінде
кітаптар
басылса, онда оның сапасы бойынша бақылау
қатаң болады. Front Street Press жəне Lee &
Low сияқты кішкентай баспа үйлері экспери-
мент жасау бойынша да жақсы, сапалы кітап-
тарды баспадан шығарады. [3]
Ал АҚШ мемлекеті балалар əдебиетіне аса
көп қолдау көрсетпей келеді, сонау 1957 жылы
Кеңес Одағы жерсерігін ұшыруға жауап ре-
тінде американдық үкіметі Білім Туралы Ұлт-
тық Қорғаныс Заңын шығарған, соның салда-
рынан мектептер ғылыми оқыту бағдарламала-
рына айтулы қаржылай қолдау тапты, кейбір
кітапханаларға
ақша тиіп, оған ғылыми-таны-
малы балалар кітаптары сатып алынды. Соны-
мен үкімет тарапынан берілетін көмек те аяқ-
талған. Бүгінде Америкада балалар əдебиеті де
барлық салалар секілді өз алдына, өз күшіне
сүйеніп дамуын табуда.
XX ғасыр американдық балалар əдебиеті-
нің белгілі өкілі, бірнеше американ ұрпақтары-
ның сүйікті балалар ақыны, абсурдист –сюрра-
лист Теодор Гейзель Сьюз, лақап аты доктор
Сьюз еңбек жолын 1956 жылы балалар əдебие-
тінде бастаған болатын жəне бірден танымал
болды.
Өз замандасы, орыс балалар ақыны Кор-
ней Чуковский мен жанр (екеуіде өлең шумақ-
тары мен тарихи ертегілерді қолданған), стиль
(екеуі де абсурдизмді ұнатты жəне айтулы ша-
тыстырушы деп танылды), шеберлілігі тарапы-
нан өте жақын болды жəне екеуі де балалар
əдебиеті дамуына өз септігін тигізді.
Доктор Сьюздің өзіндік стилі – қысқа ыр-
ғақты жолдар, сөз ойындары жəне үлкендер
əлемін ашықтан ашық келеке ету. [4]
Автордың
шығармаларын оқу барысында
шынайы күнделікті өмір реалиялары мен ақыл-
ға сыймайтын ойдан шығару өз ара байланы-
сын тапқан. Ол қашанда жаңа сөздер ойлап
тауып, байланыстыруға келмейтін дүниелерді
Америкалық балалар əдебиетімен Доктор Сьюз
197
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
байланыстыра білген, болмайтын өтірікті үйіп
тастап отырған, сол себепті оны кішкентайлар
тез қабылдап, өздері қалаған, армандаған қиял,
ойларда құралған ақын шығармашылығы-
ның шынайы оқырмандары бола білді. Доктор
Сьюз кітаптарын өзі безендірген, сол себепті
өлең шумақтары мен суреттер табиғи байла-
нысты түптелген.
Доктор Сьюз шығармашылығын зерттеген
ғалымдар оның шығармашылығын абсурдизм,
сюррализмға жатқызса,
сондай-ақ американ
прагматизмі да оған жат еместігін көрсеткен.
Профессор Филип Нэлдің сөзімен айтсақ:
«Доктор Сьюз шығармашылығында американ-
дық прагматизмде анық көреміз, атап айтсақ
Сьюз кейіпкерлері əрқашан ғажайып өнерта-
быстар ойлап тапса, «Менде зообақ болса ғой»
кітабындағы «Жарамсыз аңдар ауламағы»,
Достарыңызбен бөлісу: