40
табылады және инклюзивті білім беруді жалпы білім беретін мектептерге енгізу
процесінің табысты екенін көрсетеді.
Білім мазмұнын жүйелі жаңарту және инклюзивті білім беруді
қамтамасыз ету бойынша еліміздегі барлық білім беру деңгейлері алдында
қойылған міндеттерді іске асыру жолында психологиялық-педагогикалық
қолдауды, «кедергісіз» ортаны дамыту, арнайы жабдықпен жарақтау үшін,
арнайы түзету ұйымдарына ресурстық және әдістемелік орталықтардың
мәртебесін беріп, олардың әлеуетін пайдалану үшін, жеке білім беру
бағыттарын әзірлеп және қолдана отырып, білім беру процесінің құрылымы
мен мазмұнының икемділігі мен нұсқалылығын қамтамасыз ету үшін
ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.
Сонымен бірге, мазмұндық өзгерістер инклюзивті білім беру әдіснамасын,
инклюзивті білім берудің барлық сатысында психологиялық-педагогикалық
қолдау технологияларын әзірлеуге, білім беру жүйесінің басшы және
педагогикалық кадрларын дайындау және біліктілігін арттыру жүйесіне
өзгерістер енгізуге де қатысты.
Заманауи қазақстандық білім беру үшін бұл жаңа тәсіл, оның басымдығы
айдан анық және оның мәні осы мектепте оқитын барлық білім алушылардың
білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді бейімделген білім беру
ортасын құруда, оқушылар, педагогтер және ата-аналар ұжымдарын ерекше
білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдауға дайындауда және
қауымдастықта төзімділік, мейірімділік, өзара құрмет дағдыларын
қалыптастыруда жатыр.
Қазіргі уақытта біздің елімізде инклюзивті білім беру практикасы
қарқынды дамуда. Жалпы білім беретін мектептің штатына психологиялық-
педагогикалық қолдау мамандары: психологтар, логопедтер, педагог-
дефектологтар енгізілуде, тиімді жұмыс істеу үшін оларға командалық
тәсілдерді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдауды
барынша дараландыру технологияларын меңгеру қажет. Оқушыны қолдауда,
оны оқыту процесін дараландыруда негізгі рөл мұғалімге тиесілі екенін атап
өткен жөн.
Қазіргі кезеңде штаттық кестеде педагог-ассистент (тьютор) болмаған
және инклюзивті сыныпта мұғалімнің көмекшісі өте қажет болған жағдайда
педагогикалық ұжымдар бұл мәселені әртүрлі жолмен шешеді. Ол үшін
инклюзивті практиканы іске асырып жатқан бірнеше қазақстандық мектептің
тәжірибесін ұсынамыз, оны зерделеген кезде білім беру ұйымдарының штаттық
кестесіне педагог-ассистент лауазымын енгізу қажеттілігі анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: