Байланысты: білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге
- білім беру мекемесінің әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық
қызметі жұмысының шеңберінде;
- психологиялық-педагогикалық қолдау тобының қызметі шеңберінде
ұйымдастырудың екі формасы болуы ықтимал.
Нақты білім беру мекемесінде психофизикалық дамуында ерекшеліктері
бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру
ерекшелігі бірқатар факторларға: психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар
балалар контингентіне; психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар баланың
білім беру мекемесінде болу уақыты; психофизикалық дамуында ерекшеліктері
бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру мәселелерінде білім беру
мекемесі ұжымының педагогикалық құзыреттілік деңгейіне байланысты.
Нұсқаулықтың [25]
10-
тармағына сәйкес білім беру мекемесінде білім
алушыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау және оларға білім беру
мекемесінің әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметінің
психологиялық көмек көрсетуі жүзеге асырылады.
Егер психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаға үлкен көлемде
көмек көрсету талап етілетін болса, білім беру мекемесінде мекеме
басшысының шешімі бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау тобы
құрылуы мүмкін, оған басшы тиісті бұйрық шығарады.
Психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар білім алушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мамандардың
қызметі екі бағытта іске асырылуы мүмкін:
–
профилактикалық: психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар
баланы бейімдеудегі және оқытудағы қиындықтарды ескерту;
–
өзекті: оқуда, өзара іс-қимыл жасауда және т.б. туындаған
қиындықтарды жеңуде мамандардың психофизикалық дамуында ерекшеліктері
бар балаға нақты көмек көрсетуі.
Психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаға көмек көрсетуге
кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін білім беру мекемесінде «Психологиялық-
педагогикалық қолдаудың диагностикалық картасы» толтырылады және оның
негізінде, қажет болған жағдайда, «Психологиялық-педагогикалық қолдаудың
жеке картасы» толтырылады.
Әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызмет мамандарының
қызметі жұмыс жоспарларында, кіріктірілген оқыту мен тәрбиелеу жағдайында
білім алушыларға көмек ұйымдастыру және көрсету материалдарында, есептер
мен талдамалық материалдарда көрсетіледі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау тобының қызметі (ол құрылған
жағдайда) ПФДЕ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау
тобының жоспарында, психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке
карталарында, топ отырыстарының жұмыс материалдарында, талдамалық