4
-
тиімді жеке білім беру бағдарламаларын қалыптастыру.
Мектепте аталған міндеттерді орындаудың табыстылығы ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесін ұйымдастырудың сапасына
тікелей байланысты.
Сонымен қатар, жалпы білім беру ортасына «қосу»
проблемасы арнайы
білім беруге шоғырланбағанын, керісінше барлық балалар үшін тиімді білім
беру процесін ұйымдастыруға бағытталғанын ескеру қажет. Бұдан басқа,
бүгінгі күні жаппай білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында ерекше
балалармен жұмысқа қажетті дайындықтың жоқтығы
барынша өзекті мәселе
күйінде қалып отыр. Ол арнайы білім беру саласында педагогтердің кәсіби
құзыреттіліктерінің жетіспеушілігіне, психологиялық тосқауылдар мен кәсіби
стереотиптердің болуына байланысты. Сондықтан, мұғалімдерге жан-жақты
қолдау көрсету маңызды болып табылады. Бұл бағытта шетелдік білім беру
жүйесінің ерекшеліктері болып табылатын тьютордың (ассистенттің)
жұмысы
маңызды рөл атқарады.
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қолдауымен
Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында 2019 жылдан бастап білім беру
ұйымдарының штаттық кестесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды қолдау бойынша педагог-ассистент штаттық бірлігін енгізу
қарастырылған [2].
Ұсынылып отырған құралда шетелдік тәжірибеге шолу мен отандық
мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдаудың
қолданыстағы практикасына талдау берілген, педагог-ассистент
қызметінің
мазмұны баяндалған, сондай-ақ оларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды қолдау және жалпы білім беретін процестегі мұғалімдерге көмек
көрсету бойынша ұсынымдамалар берілген.
Құралды дайындау кезінде көптеген шетелдік және отандық авторлардың
ғылыми жарияланымдары, Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-
практикалық орталығының, Республикалық
психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация, білім басқармалары, Ақмола облысының
инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мамандары,
еліміздің жалпы білім беретін мектептері мен үкіметтік емес ұйымдардың
өкілдері ұсынған ғылыми-әдістемелік материалдар пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: