Презентациялар (ДӘріс) «Қаржылық есеп 2 ПӘні бойынша»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі2,22 Mb.
#42529
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
Қаржылық есеп 2 Презентация 3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ
СЕЙТМАГЗАМОВА АЙГЕРИМ ТӨЛЕУОВНА
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР (ДӘРІС)
«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 2" ПӘНІ БОЙЫНША»
6В04106 – ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ "БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ»
ҚАРАҒАНДЫ 2021



Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі.

Бизнесті біріктіру – бұл жеке к/о-ды немесе бизнестерді бір есеп
беретін к/о-ға біріктіру.

Сатып алу күні – бұл сатып алушының сатып алынатын
кәсіпорындарды бақылауға алған күні.

Келісу күні – біріктірілетін қатысушылар арасында келісім жасалған
күн және кәсіпорын акциялары еркін айналған және бұл жайында
ашық хабарланған жағдайда.

Жалпы бақылаудағы кәсіпорындар – барлық біріктірілген к/о н/е 
бизнестер ең соңында сол қатысушы н/е қатысушылармен бизнесті
біріктіруге дейін және де кейін бақыланатын бизнесті біріктіру, бұл 
бақылау уақытша болып табылмайды.



Әділ құн – бұл операцияны жақсы білетін, оны орындағысы
келетіндер, бір-бірінен тәуелсіз жақтар арасында мәлім
жасауда активтерге айырбастауға немесе міндеттемелерді
орындауға болатын сома.

Бақылау – бұл компанияның қаржылық және шаруашылық
саясатын оның қызметінен пайда алу мақсатында басқару
мүмкіндігі .

Аздық үлесі – бұл бас к/о-ның еншілес компаниялар арқылы
тікелей н/е жанама иеленбейтін еншілес компанияның
үлесіндігі операциялардың таза нәтижелерінің және таза 
активтерінің бөлігі



МСФО 3 сәйкес, бизнесті біріктіру есебі үшін сатып алу әдісін 
қолдану қажет.

Бұл әдісті қолдану келесі сатылардан тұрады:

1. Сатып алушыны анықтау.

2. Бизнесті біріктірудің іс жүзіндегі шығындарын анықтау

3. Сатып алу күніне сатып алу бойынша іс жүзіндегі 
шығындарды үлестіру.



Сатып алушыны анықтау

Сатып алушы болып басқа біріктірілетін к/о-ды бақылауға алатын
біріктіретін кәсіпорын табылады.Әдетте кәсіпорын басқа 
кәсіпорындарды бақылауға олардың даусы бар акцияларының
жартысынан көбін сатып алғанда ғана не болады деп 
саналады,егер тек бұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейді
деп жарияланбаса.Егер біріктірілетін кәсіпорындардың біреуі басқа
бірігетін кәсіпорынның дауысы бар акцияларының жартысынан көбін
сатып алмаса да, бірігетін кәсіпорындардың біруі бірігу нәтижесінде 
төмендегілерді алған жағдайда компания сатып алушыны анықтау
мүмкіндігі болады:

1. басқа инвесторлармен келісімге келу арқылы басқа 
кәсіпорынның дауысы бар акцияларының жартысынан көбін
бақылау, басқару құқығы;

2. жарғы немесе мәлім негізінде басқа кәсіпорынның қаржылық
және операциялық саясатын анықтау құқығы;

3. басқа кәсіпорынның директорлар кеңесінің немесе ұқсас
органның мүшелерінің көп бөлігін тағайындау және орнынан босату
құқығы;

4. басқа кәсіпорынның директорлар кеңеснің немесе ұқсас
органның жиналыстарында көбірек дауыс беру құқығы.



Мысалы:

Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс құру қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет