1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата14.10.2022
өлшемі1,21 Mb.
#43116
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
БиоХим 1рк



1.Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, 
мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар. 
Нәруыздар — мономерлері аминқышқылдары болып табылатын 
биополимерлер.Нәруыз негіздік және қышқылдық қасиет 
көрсететін амфотерлі қосылыс болып табылады.
Нәруыздар әр түрлі қызмет атқарады: құрылымдық, 
қорғаныштық,тасымалдау, жиырылу, катализдік, реттеуші, 
қоректік, электротрансформациялау. 
1. Құрылымдық қызметі– нәруыздар өсімдіктердің,
жануарлардың,микроорганизмдердің құрылымын
қамтамасыз етеді.
2. Қорғаныштық қызметі – организмнің қорғаныштық
қызметін негізінен иммундық жүйеатқарады.
3. Тасымалдау қызметі – нәруыздар суда ерімейтін заттарды 
қан ағысымен тасымалдау арқылы оларды нысана-
органдарға апарады. 
4. Жиырылғыштық қызметі –организмге үйлестірілген 
қозғалыс мүмкіндігін береді.
5. Катализдік қызметі - яғни толып жатқан ферменттер 
атқарады
6. Реттеуші қызметі - – жеке жасушалардағы және тұтас 
организмдегі зат алмасуын реттейді,оның үдеуіне жағдай 
жасайды.
7. Қоректік қызметі – бұл қызметтіқоректік нәруыздар 
атқарады.
8. Электротрансформациялау қызметі - Нәруыздар
осмостық және электрлік энергиянымакроэргиялық АТФ 
энергиясына айналдыра алады.
Нәруыздардың жалпы қасиеттері: 
1. Элементтік құрамының ұқсас болуы.
2. Жоғарғы молекулалық салмағы 
3. Нәруыздардың гидролиз (ыдырау) өнімдерінің ұқсастығы. 


4. Нәруыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен 
болуы. 
5. Амфотерлік қасиет
6. Буферлік қасиеті 
7. Оптикалық қасиеті
8. Тұрақтылық. 
Құнды белоктарға құрамында барлық 8 алмастырылмайтын амин 
қышқыл бар белоктар жатады. Егер белок молекуласында 
алмастырмайтын амин қышқылдарының ең болмағанда біреуі 
болмаса, онда ондай белок құнсыз деп аталады 
Алмастырылмайтын АҚ – треонин, метионин, валин, 
лейцин,изолейцин, лизин, фенилаланин, триптофан.
Алмастырылатын АҚцистеин мен тирозин
аминқышқылдары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет