Строительные нормы республики казахстан


 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
 
Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті 
анықтамалар бар мынадай терминдер қолданылады: 
3.1 Биологиялық қауіпсіздік: Жұмыс істейтін қызметкерлерді, халық пен қоршаған 
ортаны биологиялық агенттердің (бұдан әрі - БА) әсерінен қорғауға бағытталған
медициналық-биологиялық, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шаралар 
жүйесі. 
3.2 Вирусологиялық зертхана: Биологиялық материалдан және қоршаған орта 
объектілерінен вирустардың бөлінуі, антигендер мен антиденелерді анықтау бойынша 
зерттеулер жүргізілетін зертхана. 


ҚР ҚН 3.02-14-2014 

3.3 Уақытша зертханалар (эпидемиологиялық отрядтар, экспедициялар): 
Мерзімді жұмыс істейтін зертханалар, індеттің жайылу жағдайлары туындаған кезде 
ұйымдастырылады. 
3.4 Виварий: Тәжірибе үшін қолданылатын зертханалық жануарлардың әр алуан 
түрлері орналасқан ұйым бөлімшесі. 
3.5 Қатерсіздендіру: Қандай-да бір беттен немесе қандай-да бір ортадан 
радиоактивті ластануды жою немесе төмендету. 
3.6 Санитарлық-эпидемиологиялық 
қызмет 
объектілері: 
Мемлекеттік 
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақта
көлікте санитарлық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жүргізуді 
ұйымдастыратын органдар мен ұйымдар ғимараттары.
3.7 Пандус: Жолдың көлденең бетін бір деңгейден екіншісіне, оның ішінде кресло-
арбамен жылжытуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуден тұратын 
құрылыс. 
3.8 Патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА): Адам үшін патогенді 
микроағзалар (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, хламидалар, қарапайым 
саңырауқұлақтар, микроплазмалар, эндо және эктопаразиттер), гендік-инженерлік-
түрлендірілген микроағзалар, биологиялық және өсімдік тектес улар (токсиндер), 
гельминттер, сондай-ақ құрамында жоғарыда тізімделген агенттер болуы
ықтимал материалдар (қанды, өзге биологиялық сұйықтықтар мен ағза нәжістерін қоса 
алғанда). 
3.9 Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы: Факторлардың зиянды 
ә
сері жоқ және оның өмір тіршілігінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін халық 
денсаулығының жағдайы мен адамның тіршілік ету ортасы. 
3.10 Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шаралар: Тіршілік ету 
ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе кемітуге, жұқпалы аурулар 
мен жаппай уланудың туындауы мен таралуын болдырмауға және оларды жоюға 
бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-
санитарлық, ветеринарлық және өзге де шаралар. 
3.11 Таза аймақ: БА қатысатын әрекеттер жүргізілмейтін зертхана үй-жайы немесе 
үй-жайлар тобы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет