ҚР ҚН 3.02-14-2014
3
3.3
Уақытша зертханалар (эпидемиологиялық отрядтар, экспедициялар):
Мерзімді жұмыс істейтін зертханалар, індеттің жайылу
жағдайлары туындаған кезде
ұйымдастырылады.
3.4
Виварий: Тәжірибе үшін қолданылатын зертханалық жануарлардың әр алуан
түрлері орналасқан ұйым бөлімшесі.
3.5
Қатерсіздендіру: Қандай-да бір беттен немесе қандай-да бір ортадан
радиоактивті ластануды жою немесе төмендету.
3.6
Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет
объектілері:
Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын,
сондай-ақ тиісті аумақта,
көлікте санитарлық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жүргізуді
ұйымдастыратын органдар мен ұйымдар ғимараттары.
3.7
Пандус: Жолдың көлденең бетін бір деңгейден екіншісіне, оның ішінде кресло-
арбамен жылжытуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуден тұратын
құрылыс.
3.8
Патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА): Адам үшін патогенді
микроағзалар (бактериялар, вирустар,
риккетсиялар, хламидалар, қарапайым
саңырауқұлақтар, микроплазмалар, эндо және эктопаразиттер),
гендік-инженерлік-
түрлендірілген микроағзалар, биологиялық және өсімдік тектес улар (токсиндер),
гельминттер, сондай-ақ құрамында жоғарыда тізімделген агенттер болуы
ықтимал материалдар (қанды, өзге биологиялық сұйықтықтар мен ағза нәжістерін қоса
алғанда).
3.9
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы: Факторлардың
зиянды
ә
сері жоқ және оның өмір тіршілігінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін халық
денсаулығының жағдайы мен адамның тіршілік ету ортасы.
3.10
Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шаралар: Тіршілік ету
ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе кемітуге, жұқпалы аурулар
мен жаппай уланудың туындауы мен таралуын болдырмауға
және оларды жоюға
бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық,
медициналық-
санитарлық, ветеринарлық және өзге де шаралар.
3.11
Таза аймақ: БА қатысатын әрекеттер жүргізілмейтін зертхана үй-жайы немесе
үй-жайлар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: