Тұрсын ғабитов қайрат затов



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
treatise14956

үстіндегі» пенденің қалыпты жағдайы. Оны жоғалтқан адам 
тоғышарлық пен масайрауға ұшырайды. Осыған жол бермеу үшін адам 
бірінші кезекте өзіне сыни көзбен қарауын үзбеуі керек. Сондықтан 
сопылық келеңсіздіктерге бой алдырып, рухани ұйқыға батып бара 
жатқан қоғамның айнасы іспетті болды. Аллаһты шексіз сүю мен оған 
күмәнсіз қызмет ету, болмыстан жалықпай оны іздеу, сопы өмірінің 
квитэссенциясына айналады.


254 
Сопылардың аскеттік өмір салтын, әсіресе отбасылық пен некеден 
бас тартуы қоғамның белгілі топтары тарапынан наразылық тудырды. 
Өйткені, исламда рухбанийаттылық (монахтық) жоқ еді. Ислам 
отбасылық пен некелік қатынастарға үлкен мән беретін, адам 
табиғатына сай келмейтін тыйымдарды (католиктердегі целибат 
принципі) айыптайтын. Сопылықта неке мен отбасылық қатынастарға 
тыйым салатын ереже болмады, тек сопылар жатағында (ханакаларда) 
тұрып, жиһанкез-кезбелік өмір салтын ұстанған уақытта олардың 
арасында некесіздік дәстүрі сақталды. 
ҮІІІ-ХІ ғасырларда аскеттік өмір салтын айыптаулар басым 
болғанымен, сопылық қозғалыс кеңінен таралып, ұйымдасқан сипатқа ие 
бола бастады. Осы уақыттарда сопылық бауырластықтар мен 
бірлестіктер (ордендер) дүниеге келді. Өз кәсібінен қол үзбей аскеттік 
және мистикалық «жаттығулармен» шұғылданатын сопылармен қатар, 
қайыршылықпен күн көретін сопылар да пайда болды. Оларды пақырлар 
(факир – араб. кедей) немесе дәруіштер (парсыша) деп атады. Бұл 
атаулар сопы сөзінің синонимдері ретінде қабылданды. Олар атақты 
адамдардың мазарларының немесе мешіттердің жанынан салынған
сопылық жатақтарда өмір сүрді. Бұл жатақтарда өзіндік рухани 
ережелер сақталды. Сопылық өмір салтын қалаған адам өзіне ұстаз 
табуы тиіс еді. Ұстаз төңірегіне шәкірттер жинап, өзінің бар білімі мен 
тәжірибесін соларға беруге талпынатын. Сопылық дәстүрде ұстазды 
шейх немесе пір деп, ал шәкіртті мүрид, мүридке ұстаздық ететін 
шейхты мүршид деп атайтын. Барлық сынақтан мүдірмей өткен адам 
ғана мүрид бола алатын. Сопы жатақтарының кіре берісіне адам тізерлеп 
қана отыра алатын тақтай төсеніш қойылатын. Сопылыққа бет бұрған 
адам осы төсеніштің үстінде күні бойы бір қалыпта отыратын және 
күніне бір ғана жүзімді немесе құрманы қорек қылатын. Уақыт өткен 
соң егер ол шәкірт болып қабылданса, аяқ киімі төсеніштің астында 
қалады, ал егер ұстаз оны сопылыққа тұрарлық емес деп тапса, аяқ 
киімін есік алдына шығарып тастайтын. Яғни, өзін сопылыққа арнаған 
адам барлық қиыншылықтарға төзіп, бойында сабырлылық пен 
ұстамдылық, табандылық сияқты қасиеттерді дамыта білуі тиіс. Ең 
бастысы, сопылық жолын таңдаған адам өзінің нәпсісін, еркі мен жігерін 
бақылап, басқара алуы қажет. Сопылықтағы ұстаздықтың алғашқы 
сатысындағы мақсатта осымен байланысты. Ұстазының жетекшілігімен 
мүрид кемелділік жолындағы барлық сатылардан өтеді. Ұстаз шәкірті 
барлық қажетті білім мен тәжірибені бойына дарытқанына көзі жеткен 
кезде оған бөлініп кетуіне рұқсат беретін. Содан соң бұрынғы шәкірт 
төңірегіне жаңа шәкірттер жинап, ұстаздық дәстүрін жалғастыратын.
ІХ ғасырдан бастап сопылық тариқаттар қалыптасады. Тариқат 
арабшадан аударғанда жол деген мағынаны береді. Құранның әл-Ахкаф 
сүресінің 30-аятынан алынған бұл термин бастапқыда кемелділікті 


255 
іздеген адамның оған жетуіне ықпал ететін әр түрлі моральдық-
психологиялық тәсілдерді білдірді. Тариқат – Аллаһқа жақындаудың 
және оны танудың мистикалық жолы. Сопылық бауырластықтар 
өздеріне ғана тән тариқаттың түрлі тәсілдері мен жолдарын 
қалыптастырды. Осыған орай ХІ ғасырдан бастап тариқат термині 
бекташиа, накшбандиа, иассауиа және т.б. сопылық бағыттарды білдірді. 
Орталық Азия мен Қазақстан аймағында кубравиа, накшбандиа және 
иассауиа тариқаттары үлкен ықпалға ие болды. Тариқаттардың өзіндік 
ерекше белгілері және Құдайды терең мистикалық пайымдауға ықпал 
ететін зікір тәжірибесі мен рухани жаттығулары болды. Сопылар Құран 
аяттарын басшылыққа ала отырып, дүниедегі кез келген зат пен 
құбылыстан 
Жаратушының 
мөрін 
көрді. 
Ал 
жаратылғанды 
Жаратушымен 
байланыстыратын 
махаббат 
сезімі. 
Махаббат 
жаратылысқа іштей тән қасиет және ол қажеттіліктен туындамайды. 
Махаббат еркін еріктің ештеңемен шартталмай өзін өзгеге бағындыруы 
мен оған риясыз қызмет етуі. Сопылықта адамның Аллаһқа деген 
қатынасы үрей мен қорқынышқа емес, оған деген махаббатқа 
негізделеді. Адам бойындағы Аллаһқа деген сүйіспеншілік пен 
махаббат, дүние мен тіршілікке пенделік тұрғыдан емес нұрланған тұлға 
тұрғысынан қарауға себеп болады. Махаббат Аллаһтың адамзатқа 
берген ұлы сыйы, мейірім шапағаты. Сопылық дәстүрде махаббат адам 
мен әлемді олардың бастапқы мәніне қайтып оралтудың бастауы. 
Пенделік болмыстың қараңғылығына оранып, мүлгіп жатқан махаббат 
пен ғашықтықты ояту, сол арқылы адам болмысын Ізгілік пен Ақиқат 
нұрына бөлеу сопылықтың мұраты.
Құдайылық махаббат идеясымен қатар, сопылық экстаздық күйін 
білдіретін хал түсінігін де жан-жақты тұжырымдады. Бұл түсінікті 
енгізген мысырлық Зүннүн әл-Мысри мистикалық жол – тариқат 
бірнеше аялдамалардан («мақамдардан») тұрады және олардың 
әрқайсысына ерекше экстаздық күйі – хал (көпше түрде ахуал) сәйкес 
келеді деп санады. Мақам жолаушы-сопының өз ырқын жұмылдыру 
арқылы жететін салыстырмалы тұрақты күйі, ал хал адамның ырқына 
тәуелсіз бір сәттік Құдайдың рақымы мен нұрына бөленуі. Мақам да, 
хал да рухани ізденіс жолындағы адамға тән ерекше психологиялық күй. 
Мақамдардың ішінде жиі кездесетіндері тәуба, яғни, адамның өз 
күнәларын мойындап, құдайға мойынсұнуы. Зухр – дін рұқсат еткен 
және тыйым салған осы дүниелік игіліктерге қызықпау. Пақырлық – 
тіршілік үшін қажеттінің ең аз мөлшерін қанағат тұту. Сабыр – өмірдің 
тауқыметіне төзіп, қиыншылығына шыдау. Тәуекел (таваккул) – Құдайға 
үміт арту. Жазмышқа көну, яғни, болғанды, орын алған нәрсені 
Аллаһтың ісі деп қабылдау. Бойын әділетсіздік пен арамдықтан алыс 
ұстау, басқаға жамандық істеуден аулақ болу. 


256 
Көп таралған сопылық халіне курб, яғни «Жаратушыға жақындық», 
махаббат, хауф (Аллаһтан қорқу), үміт (раджа), құмарлық (шаук), 
пайымдаушылық (мушахада), ақиқат таным (йакин) жатады.
Сопының мақсаты Аллаһқа жақындау, ақиқатпен тұтасу. Сопылық 
әдебиетте бұл тұтасу «фана» термині арқылы бейнеленді. Фана - 
даналық пен махаббаттың, ақыл мен сезімнің, адам мен әлемнің,
барлықтың Жаратушымен бірлігін сезіну. Фана күйіне жеткен сопы 
өзінің ырқын, дүние құмарлықтары мен пенделік сипатын жеңіп, 
Аллаһпен сырласады, онымен тұтасады. Өзінің өтпелі, уақытша Менінен 
арылу арқылы адам мәңгілік Құдайлық мәнге қатыстылығын сезініп, 
ақиқат болмысқа ие болады. 
Фана концепциясы Әбу Йазид, Әл-Халладж сияқты сопылық 
өкілдерінің поэзиясында көрініс тапты. Әл-Халладж ілімінде Аллаһқа 
деген махаббат тек сопылардың ғана жазмышы емес, Ғарыштағының 
бәрін қамтыған және оларды Абсолютті ақиқатпен жақындастыратын 
ғаламдық принципке айналады. Махаббат объект мен субъекет, Аллаһ 
пен адам арасындағы алшақтықты жояды. Бірақ сопылық түсініктегі 
Аллаһпен тұтасу ешқашан Құдайға айналуды білдірмейді. Әл-
Халладждың «Ана-л-хакк», яғни «Мен – Ақиқатпын» деуі тұлғаның 
құдайылануын емес, оның бойындағы Құдайылық мәннің актуалдануын 
айғақтайды. Сопылық мистикалық тәжірибе – жаратылғаннан 
Жаратушы іздеу тәжірибесі. Құдайылық мәннің адамда ұялауы 
тұтастықтың жекелікте көрініс табатыны сияқты, бірақ тұтастық 
жекелікпен шектелмейді. Сопылықтың антропологиялық мұраты – 
кемел адам, бірақ кемел адам құдайға айналған адам емес. Адам өз жаны 
мен рухындағы құдайылық махаббат пен нұрды оятып, Жаратушысын 
таниды. Сопылықтағы Аллаһпен тұтасу Оны танудың (бұл жерде 
танымды біз рационалдылықпен шектемейміз) ең жоғарғы сатысы. Адам 
қаншалықты кемел болғанымен Аллаһтың жаратқаны және сопылар өз 
Ғашығына ешқашан серік қосқан емес, өйткені жаратылыста оған тең 
келер ештеңе болған емес. Сондай-ақ сопылар өздерін пайғамбарда, 
әулие деген емес, исламдағы бес парыз пен иман шарттарын жоққа 
шығармаған, бірақ оларды діндарлықтың шыңы деп те қарастырмаған. 
Йассауи бабамыз айтқандай, шариғатсыз тариқатқа өту мүмкін емес. 
Сопылықта ұстазды қадірлеу, қастерлеу бар, бірақ оған құдайылық 
сипат таңу жоқ. Сондықтан Дж. С. Тримингэмнің «Шынайы силсила-
тариқаттарда жаңа элемент пайда болды. Осыған дейін басым болған 
ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасы анағұрлым күрделі қарым-
қатынаспен алмасты. Ұстаздан жаңа қасиет таралады, ол енді Құдайдың 
уәлиі (наместнигі), ол соңында, танымның үшінші сатысында өзінің 
құдай мен адам арасындағы делдал және одан сұраушы мәртебесіне 
сендіреді»,- деген пікірімен келісу қиын. Бұл жерде біз сопылыққа 
христианшылдық көзілдірігі арқылы қараумен істес боламыз. 


257 
Сопылықтағы 
силсила 
мен 
католицизмдегі 
рукоприложениені 
(католицизм дәстүріне сәйкес осы рәсім арқылы Иса апостолдарға 
адамдардың күнәсін кешіру, адам мен Құдай арасында дәлдал болу және 
рухани билік құзырын берген). Сопылықта адамның күнәсін кешіру 
немесе Аллаһ алдында ерекше мәртебеге ие болу сияқты құбылыстар 
жоқ. Сопылықтағы силсила Мұхаммед пайғамбар мен оның 
сахабаларынан бастау алып, нақты сопылық тариқат пен оның ұстазына 
дейін жеткен рухани сабақтастықтың тізбегін білдіреді. Біз жоғарыда 
атап өткеніміздей, осы тізбек арқылы сопылар пайғамбардың рухани 
ізденіс үрдісін жалғастырады. Сопылардың қоғамдық өмірдегі рөлін 
Әбу-л- Хасан- Әли Надуи былайша бағалайды: «Мұндай адамдардың 
қоғамда болуы – бізге қоғамның діни санасының қуаты туралы пікір 
айтуға мүмкіндік беретін белгі. Атап айтқанда, мұсылмандардың 
олардың ортасында өмір сүріп жатқан тақуалар мен сопыларға деген 
көзқарасы – олардың моральдық және рухани деңгейінің сенімді 
көрсеткіші» [155, 141-142 б.].
Сопылар өздерін қоршаған пенделік дүниенің былығына жан 
дүниенің пәктігін, қоғамды жайлаған риа діншілдікке Аллаһқа кіршіксіз 
қызмет ету мен жанқиярлық махаббатты қарсы қойды. Олар өз бойында 
тәубе, қанағат, сабырлық, дүниеге мастанбау, Аллаһқа үміт арту, 
әділеттілік, мейірімділік, жанашырлық сияқты қасиеттердің сомдалуына 
жол ашты. Ең бастысы, өмір мен қисапсыз ынсап берген Аллаһқа 
қызмет ету мен оны сүюдің теңдесіз тәжірибесін ашып, рухани 
кемелділіктің даңғыл жолын көрсетті. Сопы тұлғасында сомдалған осы 
қасиеттер оны көпшілік халық алдында абырой мен даңққа бөледі. 
Аллаһқа деген шексіз және мүддесіз махаббат, оның разылығына, 
мейірім - шапағатына бөленуді өмірлік мұратқа, ал өмірді оған қызмет 
етудің формуласына айналдыру исламды таратудың басты құралына 
айналды. Олар өздерін ешқашан әулие деп атамағанымен, кейінгі 
ұрпақтар оларды дәл солай деп қабылдады. Сопыларға түрлі қасиеттер 
мен ғажайыптар таңылды. Бастапқы сопылық халық санасында өзгеріске 
ұшырады. Сопылар мен дәруіштер уақыт өте бұрынғы шаман-
бақсыларды ығыстырып, олардың емдеу, дем салу сияқты 
функцияларын өз қолдарына алды. Ал кейде олардың образдары мен 
функциялары бір-бірімен астарласып кетті. 
Сопылықтың Орталық Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде, сондай-
ақ Еділ жағалауында таралуына Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы 
мен рухани ізденісі зор үлес қосты. Өзінің уағыздарын Түркістан 
қаласынан бастаған ол аз уақыт ішінде барлық түркі халықтарына 
танымал тұлғаға айналды. Ол түркілік сопылық тариқаттың негізін 
қалады, оның шәкірттері сопылық идеяларының Кіші Азияда кеңінен 
таралуына ықпал етті. Дж. С. Тринингэмнің зерттеулері де осыны 
айғақтайды. «Түркі мистиктерінің ұзақ тізбегі оның ілімінен (Қожа 


258 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет