Тұрсын ғабитов қайрат затов



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
treatise14956

 
 
4.4 Қазақстандағы діни-рухани жағдай және оның мәдени-
өркениеттік бірегейлікке ықпалы 
Мәдени 
жаһандану 
еліміздегі 
этноөркениеттік 
бірегейлік 
мәселесіндегі қордаланып қалған түйіндерді шешу қажеттілігін күн 
тәртібіне қойды. Кеңестер одағы ыдырап, коммунистік идеология 
дағдарысқа ұшыраған соң және ғасырға жуық уақыт бойы әлемдік 
үрдістер мен қатынастардың сипатын айқындап келген екі жүйенің 
қарама-қарсы тұруы жойылғаннан кейін бұрынғы социалистік елдер 
алдында өзінің өркениеттік бірегейлігі мен парадигмаларын анықтау 
қарама-қайшылыққа толы, күрделі жағдайларда жүзеге асты. Батыс 
өркениетімен тамыры мен тағдыры бір болған Шығыс Еуропа мен 
Прибалтика мемлекеттері үшін бұл мәселе аса шиеленістілік тудыра 
қоймаса, Орталық Азия мен Кавказда үлкен қиыншылықтар туғызды 
және фундаменталистік, экстремистік құбылыстардың орын алуына 
алып келді. Американ зерттеушісі С. Хантингтонның «Өркениеттер 
қақтығысы» еңбегі жарық көруі де мәдени-өркениеттік бірегейліктің 
өзектілігін арттыра түсті. Өйткені ол аталған мақаласында өркениеттер 
арасындағы болашақтағы қақтығыстардың болмай қоймайтындығын 
негіздеуге талпынды. С. Хантингтонның пікірінше, XXІ ғасырдағы ең 
басты және қанды қақтығыстар экономикада және идеологияда емес, 
өркениеттер арасында болмақ. Қазіргі жаһанданған бірегейліктің өзекті 
сипат алуына ықпал ететін төмендегідей бірқатар факторларды атап 
өтуге болады. Біріншіден, жоғарыда аталған антогонистік жүйелердің 
жойылуы мен халықаралық қатынастардың ашықтығы, мәдени 
байланыстардың тереңдеуі. Екіншіден, халықтар мен ұлттардың 
трансұлттық қауымдастықтағы өзінің орны мен рөлін анықтауға деген 
ұмтылысы. Үшіншіден, жеке тұлғалық және әлеуметтік деңгейде 
бірегейліктің өзгеріске ұшырауы. Бірегейліктің түрлері мен деңгейлерін 
ғылыми талдау – қазіргі Қазақстан қоғамы үшін де маңызды 
мәселелердің бірі. Бірегейлік бірнеше деңгейде анықталады. Адам өзін 
тұрғылықты жерімен, ұлтымен, дінімен және жалпы бір өркениетпен 
бірегейлендіруі мүмкін.
Бірегейлік сондай-ақ әлеуметтік стратификация негізінде, қоғамдық 
қатынастардағы орны немесе кәсібіне байланысты да анықталады. 


280 
Кеңестік дәуірде бірегейлік таптық белгілер арқылы анықталды. 
Бірегейліктің ұлттық-этникалық және өркениеттік тарихи формаларын 
атап өтуге болады. Тарихи тұрғыдан алғанда бірегейліктің бастапқы 
формасы этникалық бірегейлік болып табылады. Этникалық 
бірегейлікте адам өзін тілдік, әдет-ғұрыптық және салт-дәстүрлік, 
дүниетанымдық және құндылықты ұстанымдар негізде белгілі бір 
адамдар тобымен сәйкестендіреді. Адамдардың бірігіп өмір сүруінің, 
шындықты игеруінің барысында мінез-құлықтары мен жүріс-тұрысында, 
дүниетанымында ортақ белгілер қалыптасады. Бұл бірегейлік «біз және 
олар» ажыратушылығына негізделеді. Бірегейліктің жоғары деңгейін 
Л.Н. Гумилевтің тілімен айтсақ, суперэтникалық немесе өркениеттік
бірегейлік деп атауға болады. Қазіргі өркениеттердің қалыптасуында 
әлемдік діндердің топтастырушылық мүмкіндіктері зор рөл атқарды. 
Монотеистік идеялар және содан туындаған құндылықты ұстанымдар 
мен болмысты ұйымдастыру принциптері жалпылама әмбебапты 
сипатқа ие болды. Бірегейліктің бұл тарихи формалары шығыстық 
қоғамдарда әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын сақтап келеді. ХҮІІІ-
ХХ ғасырларда Батыс Еуропа орын алған тарихи оқиғалар этникалық 
және өркениеттік бірегейлікпен қатар азаматтық бірегейлікті 
қалыптастырды. Азаматтық бірегейлік мемлекет институтымен тікелей 
байланысты, ел тұрғындарының азаматтық бірегейлік деңгейі 
қаншалықты жоғары болса, мемлекеттің тұрақтылығы мен тұғыры да 
соншалық берік болмақ. Қазақстан қоғамы қазіргі уақытта 
айқындалмаған бірегейлік жағдайын бастан кешуде. Бұл бір жағынан 
соңғы екі ғасыр барысында қалыптасқан жағдайға байланысты болса 
(орыс 
шаруаларын 
қазақ 
жерлеріне 
қоныстандыру, 
жаппай 
ұжымдастыру, индустриализация мен тың игеру), екінші жағынан 
қазіргі заманғы жаһандану үрдісіне де қатысты. Соңғы жылдары жиі 
айтылып жүрген Еуразиялық одақ, Орталық Азиялық одақ мәселелері де 
жаһандану үрдісіндегі бірегейлікті айқындау жолдары болып табылады. 
Әрине, көп ұлтты Қазақстан қоғамы үшін азаматтық бірегейлікті 
қалыптастыру – маңызды саяси қадам. А. Бухаеваның «Жаңа ұлттық 
бірегейлікті, республика халқының өзін - өзі айқындауын қалыптастыру 
тек демократиялық тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана мүмкін. Әр 
түрлі ұлттардың біртұтас азаматтық және саяси қауымдастығы ретіндегі 
халықты қалыптастыру өтпелі кезеңдегі егеменді мемлекеттің 
этносаясатының маңызды міндеті болып табылады және қазақстандық 
қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси модернизациясымен қатар 
жүзеге асады» деген ойының өзектілігі күмәнсіз [184, 28 б.]. Алайда, 
бұл міндетті жүзеге асырудың екі аспектісін атап өтуіміз қажет. 
Біріншісі, республикамыздың полиэтникалық құрамын ескере отырып, 
барлық азаматтарды ұлтына, діни нанымдары мен мәдени 
ерекшеліктеріне нұқсан келтірмей ортақ идеялар мен мұраттар 


281 
төңірегінде топтастыру. Екіншісі, мемлекеттік егемендік пен 
тәуелсіздіктің кепілі ретіндегі қазақ халқының ұлттық бірегейлігін 
нығайту. Қазақ халқының бірегейлігін бекітуде тіл мен дінді және 
мемлекеттілік нышандарын нығайтудың маңызы зор. Өйткені, бұл 
белгілер 
этникалық 
тұрақтылық 
пен 
тұтастықтың 
маңызды 
көрсеткіштері болып табылады. Демократиялық қоғамда адамның өзін 
діни айқындауы немесе айқындамауы жеке және ерікті таңдаудың 
нәтижесі болып табылады. Отандық психолог-ғалымдар С.М. Жақыпов 
пен А.Ш. Оразбаева психологиялық мазмұнына байланысты тұлғаның 
этноконфессионалдық бірегейлігінде үш түрлі үрдістің орын алатынын 
атап көрсетеді. а) Автоэтноконфессионалды бірегейлік. Тұлғаның бұл 
қасиеті моноэтникалық ортада айқын көрініс береді. Бұл жағдайда тұлға 
мен этностың конфессионалдық дүние суреттемелері өзара сәйкес 
келеді. Полиэтникалық ортада автоэтноконфессионалды бірегейлік 
этноконфессионалдық түсініктер мен нанымдардың күшеюіне алып 
келеді. Бұл өз кезегінде, басқа этнос өкілдерімен өзара әрекеттесудің 
нәтижелілігін және полиэтникалық ортадағы әрекеттің тиімділігін 
төмендетеді. 
б) 
Этноконфессионалды 
әртүрлі 
бірегейлік 
(гетероидентификация) процесі тұлғаның басқа этнос өкілдерімен 
бірегейленуіне алып келеді және гетеробірегейліктің тұлғалық 
қасиетінде көрініс береді. Бұл этноконфессионалдық түсініктер мен 
нанымдардың төмен деңгейде дамуымен және полиэтникалық ортадағы 
әрекеттің 
жоғарғы 
деңгейлі 
тиімділігімен 
сипатталады. 
в) 
Этноконфессионалдық көпбірегейлік (полиидентификация) процесінің 
нәтижесі 
болып 
табылатын 
поликонфессионалды 
бірегейлік
этноконфессионалдық түсініктер мен нанымдардың көрініс беру 
дәрежесін 
өзгертудің 
икемді 
механизмінің 
болуымен 
және 
поликонфессионалды ортада әрекет нәтижелілігінің түрлі деңгейімен 
сипатталады [185, 40-41 б.]. Сонымен, полиэтникалық ортадағы 
тұлғаның этноконфессионалдық бірегейлігіне басқа этностар мен 
тұлғалардың ұлттық діни бірегейлігіне толеранттылық тұрғыдан қарау 
тән. Ал автоэтноконфессионалды тұлғаның этноконфессионалды 
бірегейлігіне басқаларды қабылдамау мен тұйықталу тән болып келеді. 
Бірақ сонымен қатар, поликонфессионалды ортада тұлғаға өзінің діни 
бірегейлігін өзгерту мүмкіндігі де бар екендігінде айта кету керек. Бірақ 
поликонфессионалды мемлекеттерде тұлғаның діни бірегейлігін 
анықтау мүмкіндігі қарастырылғанымен, қоғамның жалпы діни
бірегейлігін сақтауға және оны нығайтуға да көп көңіл бөлінетіндігін 
атап өту керек.  
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы түбегейлі 
саяси-экономикалық үрдістерді жүзеге асырды. Қоғамдық өмірді 
нарықтық экономика мен демократиялық басқару принциптеріне сай 
өзгерту 
көптеген 
қарама-қайшылықтар 
мен 
қиындықтар 


282 
туғызғандығына қарамастан тарихи қажеттілік еді. Әлемдік тарихтың 
субъектісі ретіндегі қоғамның дамуы уақыт талаптарына жауап беру 
барысында айқындалатыны белгілі. Қазақстан қоғамының алдында да 
осындай талаптар туындады. Қоғамдық болмыстың төрт негізгі саласы 
бар екендігі белгілі, олар экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани 
салалар. Бұл салалар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бір 
саладағы өзгеріс ерте ме, кеш пе басқа салалардағы өзгерістерге әкеледі. 
Кез-келген қоғамның тұрмыс-тіршілігі ең алдымен материалдық 
өндіріспен байланысты. Сондықтан ел экономикасын нарықтық 
қатынастарға қарай бұру, халықтың экономикалық белсенділігін 
арттыру бастапқы кезде кезек күттірмейтін мәселе болды. Сонымен 
қатар, саяси салада да күрделі бет бұрыстарды жүзеге асыру қажет 
болды. Осы мақсатқа сәйкес жаңа Конституция қабылданды. Оның 
басты мақсаты қоғамның прогресивті дамуын қамтамасыз ету болып 
табылды. Қоғамның субстанционалдық негізі – адам. Сондықтан ҚР 
Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға 
ерекше мән беріледі. Ата заңымызда Қазақстан Республикасы 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін 
зайырлы мемлекет деп бекітілді.
Тоталитарлық режимнен кейінгі бұл принциптер азаматтардың 
дінге қатысты айқындалуына толық еркіндік берді, сөйтіп мемлекеттік 
атеизм келмеске кетті. Заң қабылданғаннан бергі 18 жылда еліміздегі 
діни ұйымдар мен бірлестіктердің саны геометриялық прогресияда өсе 
бастады. Қазіргі таңда Алматы қаласының өзінде 240-тай діни 
бірлестіктер 
бар, 
оның 
150-ге 
жуығы 
христианшылдықтың 
протестанттық бағытына тиесілі, 40-тан астамы мұсылман, 16-сы Орыс 
Православиелік шіркеуінікі, 6-уы Римдік-католиктік, 3- Иудаизмнің әр 
түрлі бағыттарына тиесілі [186, 23 б.]. Белгілі бір діни қауымға 
тиесіліктің (діни идентификация) тұрмыстық сана деңгейінде ұлттық 
немесе діни бірегейліктің бөлігі ретінде қабылданатыны белгілі. Қазіргі 
кезеңдегі Қазақстан дамуының ерекше сипаттарының бірі қоғам 
өміріндегі дін рөлінің күннен күнге арта түсуі болып табылады. Оның 
беделі мен мәртебесі өсуде, әлеуметтік қызметі кеңеюде, діндарлар мен 
діни бірлестіктердің саны көбеюде.
Сонымен қатар, рухани қайта өрлеу үрдісі Қазақстанда бұрын 
кездеспеген белгілі бір мәселелердің бетін ашты. Республикада көп 
конфессионалды кеңістік қалыптасты. Оның құрамына Қазақстан үшін 
дәстүрлі болып табылатын сенімдегі (ислам мен христианшылдық) діни 
бірлестіктермен 
бірге 
Қазақстанда 
бұрын 
кездеспеген 
діни 
қозғалыстардың дәстүрлі емес жаңа ұйымдары да кірді. Сондай-ақ 
Қазақстанға діни экстремизмнің енуіне ықпал ететін, деструктивті және 
тоталитарлық бағыт танытатын жалған діни ұйымдарда пайда бола 
бастады [187, 28 б.]. Бүгінде көп конфессиональдылық әлемдегі 


283 
мемлекеттердің басым көпшілігіне тән болып табылады. Сондықтан 
мемлекеттің діни саясат пен діни қатынастар саласындағы басты 
міндеттерінің бірі - дінаралық қайшылықтарға жол бермей, олардың 
алдын алу. Республикамызда діннің саясатқа араласуына құқықтық 
шектеулер қойылып, бірқатар діни ұйымдардың әрекетіне заңмен тиым 
салынғанымен кейбір діни ағымдардар өз идеологиясын таратуға 
талпынып отырғаны жасырын емес. Дін қадым замандардан бері 
әлеуметтік қатынастарды үйлестіру мен реттеуде маңызды рөл атқарып 
келеді. Діни наным-сенімдер мен әдет-ғұрыптар ұзақ ғасырлар бойы 
қоғамдық және саяси институттардың қалыптасуына, орнығуына және 
заңды деп танылуына ықпал етті. Сондықтан болар дін мен саясаттың 
арақатынасы тым күрделі, тіпті кейде оларды ажыратып алу мүмкін емес 
сияқты болып көрінеді, Осы мәселеге қатысты академик Ғарифолла 
Есім: «Дін мен саясаттың байланысы бүгінгі заманның ауыр мәселесінің 
бірі болып тұр. Саясаткер дінді өз мақсаттарына адамзат тарихында әр 
қилы тәсілдермен қолданып келді, бүгінде солай еткілері келеді», - деп 
жазады [195, 6 б.] Әрине ғылыми тұрғыдан келсек, дін мен саясаттың 
зерттеу пәні мен объектілері әр түрлі болып келеді. Алайда күнделікті 
өмірде, тарихи болмыста бұл құбылыстар бір қарағанда байқала 
бермейтін астарлар арқылы байланысқан. Тіпті дін мен мемлекеттің 
аражігі ашылған зайырлы мемлкеттерде де бұл құбылыстар түбегейлі 
бөлініп кетпейді. Оның басты бір себебі дін мемлекеттен бөлінгенімен 
қоғамнан тыс бола алмайды. Сонымен қатар дін мен саясат әлеуметтік 
топтардың, тұтас қоғамның идеологиялық ұстанымдарына тікелей 
немесе жанама түрде ықпал етеді. Бұл теократиялық мемлекеттердің 
тәжірибесінен анық байқалады. Түрлі елдер мен халықтардың даму 
тарихына зер салып қарасақ, дін мен саясаттың өзара байланысы мен 
ықпалдасуының бірнеше бағытта жүретінін байқаймыз. Біріншіден, дін 
дүниетанымның бір саласы ретінде, белгілі бір идеология ретінде саяси 
өмірге белсенді араласып отырды. Діннің осы дінді ұстанатындардың 
діни сезімдеріне ықпал ету арқылы саяси-әлеуметтік өмірге 
араласуының тамыры тереңде жатыр. Әлемдік діндердің даму тарихы да 
осыны аңғартады. Діннің ықпалы діндар адамның көңіл күйінде, саяси 
құбылыстарды зерделеп, бағалауында көрініс береді. Екіншіден, дін 
басылары мен діни ұйымдар қоғамда, мемлекетте өз саясатын жүргізуге, 
өз мүдделерін қорғауға талпынады. Көптеген елдерде діни партиялар, 
әлеуметтік топтардың діни - қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстары бар. 
Солар арқылы діннің қоғамдық-саяси өмірге араласуы орын алады. 
Мысалы, Германиядағы христиан-жастар одағы және т.б. Ірі діни 
ұйымдар тармақталған жүйелері арқылы діндарлардың саяси 
көзқарастарына, көңіл күйлеріне, саяси әрекеттеріне ықпал етіп 
отырады. Бұл жерде діни ұйым басшыларының орын алып отырған 


284 
саяси құбылысты қалай бағалайтыны, әлемдегі немесе сол аймақтағы 
ахуалдың қандай екендігі үлкен рөл атқарады. 
Үшіншіден, дін мен саясаттың байланысы саяси қайраткерлердің 
дін мен оның ұйымдарын, сондай-ақ адамгершілік тұғырларын өзінің 
саяси бағдарламасына немесе мүддесіне сай қолдануынан көрініс 
табады. Қазіргі өркениет жағдайында дінаралық жанжалға жол бермеу 
өте маңызды болып отыр. Сондықтан діннің өркениет тарихындағы 
позитивті рөлі мен мүмкіншілігін бейбітшілікті сақтап, тұрақты дамуға 
бағыттау саяси қайраткерлерден зор жауапкершілікті талап етеді. 
Сонымен қатар кейбір саясаткерлер мен саяси қозғалыс өкілдері діни 
сана-сезімді өздерінің жеке мүдделері үшін пайдаланып қалуға 
ұмтылады. Өздерінің қысқа мерзімді позицияларын нығайтуды ойлаған 
мұндай саясаткерлер қоғамның даму барысымен, заман талабымен 
есептесе бермейді. Екі құбылыстың арақатынасы мен байланысын 
ақылға салғанда осыны естен шығармаған абзал. 
Төртіншіден, діни фактордың саясатқа араласуы нақты тарихи 
жағдайларда көпшілік әлеуметтік қозғалыс мүшелері, қарапайым 
діндарлар мен дінбасылары өздерінің арман-тілектері мен мақсат-
мүдделерін негіздеу үшін дін мен діни құндылықтарға сүйенгенде 
байқалады [189, 9-17 б.]. Адамзаттың тарихи даму барысында діннің 
әмбебапты құндылықтарды қалыптастырып, қоғамның ұйытқысы болып 
келгені белгілі. Әлемдік діндердің тарихына көз салсақ, олар қоғамда 
қалыптасқан қайшылықтарды (мысалы әлеуметтік теңсіздік, ұлт - 
азаттық күрестер және т.б.) шешуді бастапқы орынға қойғанын 
байқаймыз. Осындай қайшылықтар шиеленісудің шегіне жеткенде
саяси-әлеуметтік процестердің діни сипат алуы мүмкін. Тарихтың тағы 
бір қатал сабағын естен шығармаған жөн. 
Бесіншіден, діннің саясатқа араласуы мемлекетті ыдырату немесе 
әлсірету қажеттілігінен де байқалады. Бұл фактор сыртқы күштердің 
қалыптасқан жағдайды өз мақсаттары мен пайдасына шешуге 
ұмтылғанда іске қосылады. Осы мақсатта қоғамдағы әр түрлі діни 
топтардың арасына жік салынады. Діни ерекшелікке үлкен назар 
аударылады, бір діннің басқаларынан артықшылығы дәріптеледі. Сөйтіп 
бір мемлекет екіге бөлінеді (Үндістан мен Пәкістан тарихы). Бұл бір 
діни нанымды ұстанатын адамдар арасында ала ауыздық тудыруға 
бағытталуы мүмкін. Бүгінгі күні еліміздегі ислам дінін ұстанатын 
діндарлардың арасындағы діни ілім мен діни ғұрыптар арасындағы 
мардымсыз айырмашылықтарға бола жаға жыртысып жататындығы, 
әсіресе, осы құбылыстың жастар арасында көрініс беруі әр азаматты 
қатты ойландырады. Осы қауіптің алдын алуға, ел қабырғасының 
сөгілмеуіне ат салысу жастардың азаматтық парызы де ойлаймыз.
Діни наным-сенімдердің көптүрлілігі белгілі бір тұрғыда қоғамда 
интеграциялық, біріктірушілік қызмет атқаруы да мүмкін. Бұл қоғамның 


285 
өркениеттілік, парасаттылық деңгейіне тікелей байланысты болмақ. 
Керісінше жағдайда, діни плюрализм конфессияаралық жанжалға алып 
келуі де кездейсоқтық емес. Сондықтан қазіргі заманның дін 
саласындағы өзекті мәселелерінің бірі – дінаралық сұхбатты жетілдіру. 
Бұл әр түрлі діндер мен олардың арақатынасы туралы стереотиптік 
ұстанымдардан арылуды талап етеді. Мысалы ұзақ ғасырлар бойы 
христиан және ислам діндері ықпал ету аймақтары үшін өзара 
бәсекелесіп келді. Бәсекелестік конфронтацияларға, тіпті қантөгіс 
соғыстарға да алып келгені мәлім. Осыған байланысты бұл діндерді 
ұстанатын халықтар арасында бір-біріне қырғи қабақ таныту, төзімсіздік 
таныту белең алды. Ислам әлемін алаңдатып отырған бір мәселе 
батыстың кейбір БАҚ құралдарындағы ислам туралы жағымсыз 
образдарды қалыптастыруға, исламды басқа діндерге қарсы қоюға деген 
талпыныс. Алысқа бармай-ақ қояйық, Мұхаммед пайғамбардың 
көпшілік басылым беттерінде «террорист» ретінде бейнеленуі
мұсылман елдерін қандай толқулар тудырғанын телеэкраннан баршамыз 
көрдік. Мұндай әрекетке ислам туралы терең білімі бар, өзін өркениетті 
санайтын адамның бара қоюы екі талай. Сондықтан елімізде жыл сайын 
өтіп тұратын халықаралық БАҚ өкілдері жиынында журналист этикасы 
туралы айтқанда бұл мәселеге де назар аудару қажет деп ойлаймыз. 
Осының бәрі дінаралық қатынастар мәселесінде терең білімділікті талап 
етеді.
Дін туралы айтқанда, есте ұстайтын тағы бір жағдай діннің әр түрлі 
қоғам типтері мен тарихи кезеңдерде атқаратын қызметі мен орнының
әр түрлі болатындығы. Әрине, ортағасырлар мен қазіргі замандағы,
Батыс пен Шығыс қоғамдарындағы діннің орны мен рөлі екі басқа. 
Батыс қоғамдарында ХҮІ ғасырдан бастап секулярлау процесі орын 
алып, дін мен саясаттың, дін мен басқа да қоғамдық салалардың ара-
жігі алшақтай түссе, Шығыс қоғамдарында дін өзінің бастапқы 
мазмұнын сақтап қалды. Сондықтан бұл қоғам типтерінің рухани 
өміріндегі діннің маңызын анықтауға бір тұтас қадым тұрғысынан 
келуге болмайды. Сондай-ақ діннің қоғамдық ықпалын айқындағанда 
жеке тұлғалық сана деңгейінде естен шығармау керек. Діни 
құндылықтар мен ұстанымдардың тұлға бойындағы көрінісі мен
ұялану дәрежесі де әр түрлі болуы мүмкін. 
Тарих қойнауларына көз салсақ, дін мен саясатқа ортақ нәрсе – 
билік мәселесі болғандығын көреміз. Саясат та, дін де, қоғам да заңды 
билікке қол жеткізуге ұмтылады. Алайда дін мен саясаттың билікпен 
байланысының өзіндік ерекшеліктері бар. Дінде діни сана құдайылық 
құдіретке, құдайылық беделге бағынады. Саясатта адамдардың жүріс-
тұрысы мен сана – сезімі нақты бір тұлғаның немесе әлеуметтік топтың 
ырқына бағынады. Егер дінде билік көзге көрінбейтін тылсымдық 
бастауды мойындаса, саясатта билік нақты, осы дүниелік әлеуметтік 


286 
күшке негізделеді. Алайда нақты өмірде дін тек абстрактілі рухани 
билікпен шектеліп қалмайды, ол құдайылық билікпен қатар осы 
дүниелік саяси билікті орнатуға талпынады. Дін мен саясаттың 
байланысы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға 
қатысты өзгеріп отырады. Рим империясының орнын Рим шіркеуі 
басқаны белгілі. Яғни ұзақ уақыт бойы діни және саяси билік тұтасқан 
бірлікте болып келді. Сондықтан дін мен саясаттың мақсаты ортақ – 
бұқара халықты өз ырқына, беделіне бағындыру болып табылды. 
Ортағасырларда діни билік қоғамның барлық сфераларына өз үстемдігін 
жүргізді. Бұл жайт ағылшын ағартушысы Т. Гоббске «Христиандық 
мемлекет пен шіркеу бір» деп мәлімдеуге түрткі болды. Шіркеудің 
шексіз билікке ұмтылуы баршаның көңілінен шыға қоюы екіталай еді. 
XVI ғасырда орын алған Реформация қозғалысы діни сипат алғанымен, 
белгілі бір саяси талаптарды да жүзеге асыруға талпынды. Түптеп 
келгенде бұл қозғалыс жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық 
мемлекеттердегі билік өкілдерінің шіркеудің саяси үстемдігін шектеуге 
деген қозғалысы болды. Еуропа елдерінде өріс алған Реформация 
қозғалысы біртіндеп діни билік ықпалының әлсіреуіне және секулярлану 
үрдістерінің дамуына алып келді. Сөйтіп, Еуропада саяси билік зайырлы 
сипатқа ие болды.
Д.М. Угриновичтің пайымдауынша, дін саяси өмірге үш негізгі 
бағытта ықпал етеді. Біріншісіне, халықтың саяси белсенділігін 
бәсеңдететін, қоғамдық қайта құруларды жүзеге асыруына кедергі 
келтіретін діни уағыздар жатады. Екіншісінде дін саясатқа діни 
әлеуметтік ілімдер арқылы ықпал етеді. Үшінші бағытқа саяси 
ұйымдардың әрекеті жатады [190, 9 б.]. Алғашқы екі бағытта дін 
саясатқа тек ықпал етумен шектелсе, үшіншіде саяси өмірге белсене 
араласу орын алады. Дін мен саясаттың арақатынасын қарастырғанда 
бірнеше факторларды ескеру қажет. Біріншіден, дәуір ерекшелігін, елдің 
әлеуметтік-саяси дамуы мен білімділік деңгейін, субъективті 
факторларды, яғни діни индифференттіліктің немесе діни төзімділік 
дәрежесін назардан тыс қалдырмау керек. Ортағасырлар мен қазіргі 
заманғы діни сананың және оның саясатқа ықпалы әр түрлі екені 
ешкімде күмән туғызбас. 
Екіншіден, аймақтық ерекшеліктерді де есепке алу өте маңызды 
болып табылады. Мысалы Батыс Еуропалық елдер мен Таяу Шығыстағы 
елдердегі діннің саясатқа ықпал ету дәрежесі бірдей емес. Бұдан әр түрлі 
елдердегі діни сананың өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін көреміз.
Үшіншіден, саясат пен діннің өзара байланысын талдағанда діни 
ілімдер мен жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне де көңіл аудару қажет. 
Мысалы, 1555 жылғы «Аугсбурлік діни бітімге» сай лютерандық шіркеу 
ұйымының негізіне шіркеудің зайырлы билікке бағынуы принципі 


287 
алынды. Ымырасыз оңшыл ультраортодоксальды иудейлік топтар 
Израиль мемлекеті мен оның заңдарын мойындамайды. 
Бір қатар зерттеушілер қоғамда орын алып отырған әлеуметтік-
экономикалық, ғылыми-техникалық, идеологиялық өзгерістер діни 
институттардың дамуына әр түрлі ықпал етеді деп санайды. Л. Р. 
Полонскаяның пікірінше, «шығыстағы капитализмнің ерекшелігі діни 
қоғамдық институттардың, дәстүрлі діни байланыстардың, жалпы 
көпшілік сана стереотиптері мен психологияның және атап айтқанда, 
діннің саяси ойды қалыптастырудағы ықпалының тоқырауға ұшырауын 
айқындады». Ал Батыста капиталистік қатынастар ондағы діндермен 
үйлесімді бірігіп, кей жерде діндердің дамуына оң ықпал етті. Аталған 
автордың айтуынша дін қоғамдық өзгерістерге тез икемделіп, қоғамдық 
санаға бейімделіп отыруы керек. Керісінше жағдайда, дін өмірдің 
ағымына ілесе алмай, өзгеріссіз қалады. Сөйтіп адамдардың арман-
тілектері мен мақсат-мүдделерінен алыстап кетеді. Әрине дін қатып-
семіп қалған қағидалар жинағы емес екені белгілі, бірақ діни сана осы 
және о дүние деген бинарлық оппозицияға негізделетіні де шындық. 
Сондықтан асылы діни құндылықтардың табиғаты мәңгілікке 
бағытталатын сияқты. Ж. П. Сартр айтқандай, адамды қоршаған дүние 
өзгерсе де, адам мәні өзгеріссіз қалады. Дін құбылмалы әлемдегі адам 
болмысының тұрақтылығын, өз-өзіне бара-барлығын сақтап қалатын 
әмбебап негіз деуге де болады. Алайда дін өзінің осы бір бастапқы 
ғажап мәнінен алыстап «күйбең тірлікке» араласа бастағанда адам 
танымас метаморфозаларға ұшырайды. Ресей зерттеушілері С. Самыгин, 
В. Нечипуренко, И. Полонская діннің өзгеріп отыратын әлеуметтік 
жағдайға бейімделуінің бірнеше тәсілін атап көрсетеді: 
- дін орын алып отырған өзгерістерді елемеуге талпынады, жабулы 
қазандай өз-өзіне тұйықталады. Бұл діннің әлеуметтік позицияларының 
әлсіреуіне алып келеді; 
- дәстүрлі құндылықтарын сақтау үшін әлеуметтік ортаға белсенді 
түрде ықпал етуге талпынады. Бұл қоршаған әлеуметтік ортаның 
ерекшеліктерімен есептесе бермейтін діни фундаментализмге алып келуі 
мүмкін; 
- дін дәстүрді шығармашылықпен қайта қалпына келтіруге және 
бастапқы діни тәжірибені қайта түсіндіруге талпынады. Бұл 
консерватизмге немесе дәстүрлі дінді реформалауға алып келеді; 
- діни дәстүр жаңаландырылады (модернизацияланады). Діни 
дәстүрді жаңалау сол діннің аясында немесе басқа діндердің кейбір 
элементтерін қабылдау арқылы іске асады; 
- дәстүрлі құндылықтар түбегейлі қайта қарастырылады және қайта 
түсіндіріледі; 
- өзіндік дәстүрден толық бас тартып жаңа діни қозғалысқа жол 
ашады [191, 581 б.].  


288 
Діни қозғалыстардың сипаты нақты тарихи-әлеуметтік жағдайларға 
тікелей байланысты болады. Бейімделу барысында діни сана мен діни 
идеологияда үлкен өзгерістер алуы мүмкін. XVII-XVIII ғғ. 
православиелік шіркеу ішіндегі күрес жікшілдік тудырды. Никон 
енгізген жаңалықтарға қарсы шыққан ескі рәсімшілдер олардың көне 
христиандыққа сәйкестігін теріске шығарды. Олар жаңалықтарды – 
«шайтанның аздыруы» (патшаны – «антихрист, ал Никонды «ит» ) деп 
атады. Сөйтіп шіркеу мен мемлекет билігі құдайылық емес және заңсыз 
деп танылды. Сондықтан шіркеу мен мемлекет жікшілдер қозғалысын 
бірігіп басуға талпынды. Жікшілдерге қарсы билік тетіктері: түрме, жер 
аудару, өлім жазасына кесу, қудалау кеңінен қолданылды. Жікшілдер 
қозғалысы шіркеу мен мемлекеттік биліктің негізін шайқалтты. Көріп 
отырғанымыздай, дін тек о дүниелік өмірді насихаттаумен және діни 
әдет-ғұрыптарды атқарумен шектеліп қала алмады. Дін қоғамдағы 
әлеуметтік күштердің арақатынасына тікелей ықпал етіп отырды.
Дін саясатқа қатысты бірнеше қызмет атқарады. Солардың 
негізгілеріне тоқталып өтейік: Дін биліктің іс-әрекетін, идеяларын, 
ұстанымдарын қолдауы немесе айыптауы мүмкін; саясат субъектілері 
ретінде әрекет ететін діни ұйымдар өз ізбасарларының мақсат-
мүдделерін қорғауды жүзеге асырады; дін қоғамды белгілі бір мұраттар 
төңірегіне топтастырып, күш-қайратын қоғам алдында тұрған мақсатты 
(мақсаттарды) жүзеге асыруға жұмылдырады.
Қазіргі өркениет үшін діннің саясаттануы (дәлірек айтсақ саясат 
құралына айналуы) қауіпті тенденцияға айналып отыр. Американдық 
сарапшы С. Хантингтон діни ерекшеліктер өркениеттер қақтығысына 
алып келеді деген болжам айтқаны баршаға мәлім. Әрине, бұл болжам 
ғана, бірақ қауіп жоқ деуге болмайды. Қауіп бар жерде оның алдын 
алған, оның салдарларымен күрескеннен әлдеқайда артық. Сондықтан 
қазіргі заман саясаткерлер мен діни лидерлерден жалпы адамзаттық сана 
мен бейбіт қатар өмір сүру мұраттарын бұқара халық санасына сіңіру 
жолында күш-жігерлерін жұмылдыруды талап етеді. Осы бағытта 
халықаралық ұйымдар тарапынан көптеген істер атқарылып жатыр. 
Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысымен Астанада өткен әлемдік және 
дәстүрлі діндердің съездері жаңа өркениеттік сананы қалыптастырудағы, 
әлемдік және дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған оң 
тәжірибесі мен мүмкіндіктерін адамзат алдында тұрған ортақ 
мәселелерді шешуге бағыттаудағы жаңа белес болды. Ғасыр соңында 
жаппай қырып-жою қаруынан бас тартып, ядролық қарусыздану үлгісін 
көрсеткен қазақ елінің ғасыр басында діни-саяси ала ауыздық пен 
жауласудан арылып, ортақ мекеніміз жер шарында бейбіт қатар өмір 
сүруге, тұрақты дамып гүлденуге шақыруы халықтар жүрегінде үміт 
отын жағып, халықаралық аренада қолдау тапқаны қуанарлық жайт. 


289 
Алайда, ғылым мен техниканың, технологияның өркендеген дәуірі 
– ХХI ғасырға аяқ басқан заманда дүниенің әр түкпірінде діни 
алаауыздықтардың орын алып отырғаны көңілге көлеңке түсіреді және 
зиялы қауымды «дін» деп аталатын қоғамдық құбылыстың табиғаты мен 
мәнін тереңірек, жан-жақты қарастыруға жетелейді. Осы уақытқа дейін 
бұл құбылысқа берілген анықтамалардың бірде – біреуі оның табиғаты 
мен мәнін толық ашып бере алмайды. Ғылымның мақсаты зерттеліп 
отырған нысанға немесе құбылысқа анықтама берумен шектелмейтіні 
белгілі, сондықтан дінге берілген анықтамалар мен көзқарастар, 
ұстанымдар мен қадымдар оның белгілі бір қырын ашуға жәрдемін 
тигізеді. Дін туралы айтқанда біз адамның жан дүниесіне тиесілі сенім, 
ар-ұят, парыз сияқты тылсымдық қасиеттермен істес боламыз. Екінші 
жағынан, дін қоғам мен мемлекеттің өзіндік сапалы ерекшеліктерін 
айқындайды. Сондықтан болар көп жағдайда дін әлеуеттің адамгершілік 
кескін-келбетінің сақтаушысы, қорғаны ретінде көрініс береді. 
Мемлекеттердің гүлденуі мен өрлеуін қайсы бір зерттеушілер діннің 
ықпалымен түсіндіреді. Мысалы, екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі 
қираған Жапонияның өрлеуі Синтоизмнің, яғни жапондардың өзіндік 
дүниетанымы мен рухы көрініс тапқан ұлттық діндерінің тазалығын 
сақтап қалуымен, Қытайдың қарыштап дамуы, мәдени революцияның 
сәтсіздігінен кейінгі Конфуцишілдік аясына қайтып оралумен 
түсіндіріледі. Дін ең алдымен ортақ наным-сенім, діни ғибадат арқылы 
қоғамның тұтастығын қамтамасыз етеді, индивидті әлеуметтік өмірге, 
шындыққа даярлайды, әлеуметтік бірлікті нығайтады, қалыптасқан 
дәстүр мен құндылықтарды қолдайды, қанағаттану сезімі мен әлеуметтік 
энтузиазмді оятады. Діни сезімдер мен сенімдердің тарихи позитивті 
мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы да, регресивті, яғни қоғамның 
дамуын тежейтін немесе құлдырататын үрдістерге де итермелеуі мүмкін.
ХХ ғасыр тарихындағы ұлт азаттық қозғалыстардың діни сипатта 
болғандары да белгілі. Сондай-ақ діннің адамгершілік бастауларының 
мүмкіндігін қоғамды дамытуға бағыттаудың өз жемісін бергені де 
тарихи шындық (Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрес ерекшеліктері). 
Ал әр түрлі «тарихи» және «құдайылық» мақсаттарды, діни және соның 
негізіндегі ұлттық ерекшеліктерді асыра дәріптеудің жақсылыққа 
әкелмейтіні де белгілі. Демократиялық қоғамда діннің әр адамның өз ісі 
екені айқын, алайда әрбір қоғам өз негізінің шайқалмауын қамтамасыз 
етуге құқылы екенін де ұмытпауымыз керек. Дін қоғамдық сана 
формасы ретінде дінді ұстанатын қалың қауымға арқа сүйейді. Тарихтың 
белгілі бір кезеңдерінде, жер шарының белгілі бір аймақтарында бұл 
сана формасы халық арасында кең таралғандықтан қоғамдық сананың 
басқа формаларынан басым түсіп немесе оларды тұтастай қамтып 
жатады. Сөйтіп, бұқаралық сананы айқындайтын басты элементке 
айналады. Сол себепті діни факторды жеткілікті есепке алмайынша, 


290 
аймақтар мен әлемдік саясатта орын алып отырған құбылыстардың 
астарын түсіну қиынға соғады. Қазіргі таңда жер шарының түрлі 
аймақтарында әлсін-әлсін (бір полярлы дүниеге өткеннен соң тіпті 
жиілеп кеткен) саяси-әлеуметтік қақтығыстар орын алып отырғаны 
ешкімге жұмбақ емес, ал олардың басты себебі ретінде діни факторлар 
(бір қарағанда) аталады. Алайда, осы процестерге тереңірек үңілсек 
діннің тек жамылғы екенін, түпкі себеп саяси-экономикалық 
қатынастарда жатқанын аңғарамыз. Мысалы Ұлыбританиядағы 
протестанттар мен католиктер арасындағы қайшылықтың сыртқы 
формасы діни сияқты болып көрінгенмен, түпкі себебі Ирландияның 
тәуелсіздікке ұмтылуы. Үндістандағы сикхшылдардың осындай 
қозғалысының түпкі мақсаты Халистан мемлекетін құру болып 
табылады.
Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер бой көтерген өткен 
ғасырдың 90-жылдары діни сананың қайта өрлеу кезеңі болғаны тарих 
еншісіне айналды. Егемендік салтанаттары, демократиялық қайта 
құрулар, шекаралардың ашылуымен қатар елімізге әр түрлі бағыттағы 
идеологиялар да ағылып келе бастады. Олардың басым бөлігі діни 
сипатта болғаны да белгілі. Мұндай діни ұйымдардың артында қомақты 
қаржылық қорлары бар шет елдік діни орталықтар мен бірлестіктер 
тұрды. Табиғат ресурстарына өте бай Орталық Азия мен Кавказ 
республикалары осылайша текетірес пен «саяси көкпардың» аренасына 
айналды. Мемлекеттік басқару институттары қалыптасып үлгірмеген, 
шаруашылығы тұралап қалған, экономикалық-қаржылық қиындыққа 
ұшыраған елдерде билікке ұмтылған топтар бой көрсете бастады. 
Олардың арасында діни құндылықтар мен принциптерді, ұрандарды өз 
мүддесіне асыруға талпынғандары да болды. Дағыстан мен 
Шешенстандағы, Қырғызстанның Баткен өңіріндегі, Өзбекстан мен 
Тәжікстандағы 
саяси 
қарама-қайшылықтар 
жергілікті 
билік 
құрылымдарының 
жаңа 
жағдайларда 
туындаған 
әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешудегі осал тұстарын айқындап берді. Бұл 
елдердің рухани өмірінде ислам дінінің ықпалы зор болғандығын 
ескерсек, оның қоғамдық өмірді, соның ішінде орын алып отырған 
қиыншылықтарды діни тұрғыдан бағалау мен талдауға ұмтылуы
түсінікті. Белгілі бір топтардың аз уақыт ішінде қаржы-экономикалық 
қорларды иемденіп, шексіз байлыққа ұмтылуы мен қарапайым халықтың 
кедейшілікте ауыр тұрмыс кешуі, қордаланып қалған әлеуметтік 
мәселелердің уақытылы шешілмеуі оларды діни құндылықтар 
тұрғысынан қарастырып, шешуге түрткі болды. Тәуелсіздік пен 
егемендікке ие болған елдерге Батыстың демократия және либерализм 
идеяларымен қатар ислами құндылықтар мен өмірлік ұстанымдарға жат 
сәуегейлік мәдениет пен «тобырлық құндылықтар» ағылып келе 
бастады.


291 
Осының бәрі ұстанған саяси-экономикалық бағыттың дұрыстығы 
мен әділеттілігіне күмән туғызды. Альтернативті бағыттар ретінде түрлі 
идеялар мен идеалдар дүниеге келді, олардың ішінде қалыптасқан 
жағдайды бір жақты бағалап, ымырасыз және түбегейлі (радикалды) 
шешуге талпынған экстремистік топтар да кездесті. Экстремизм 
(француздық exstremisme және латындық exstremus) саясат пен 
идеологиядағы ымырасыз көзқарастар мен әрекетшілдікті қолдауды 
білдіреді. Экстремизмнің туындауына жоғарыда аталып өткен 
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен тұрмыс деңгейінің күрт 
төмендеуі, 
саяси 
институттар 
мен 
билік 
құрылымдарының 
деформациялануы, олардың қоғамдық дамудың өзекті мәселерін шешуге 
қабілетсіздігімен қатар саяси режимнің тоталитарлық сипаты, биліктің 
оппозицияны қудалауы мен басып-жаншуы, ұлттық езгі, жекеленген 
топтардың өз мақсат-міндеттерін тез арада шешуге ұмтылуы, саяси 
лидерлердің амбициялары және т.б. факторлар ықпал етеді.
Саяси тұрғыда экстремизм өз мақсаттарына жету үшін қалыптасқан 
әлеуметтік құрылымдар мен саяси институттардың іргесін шайқалтуға 
ұмтылады және осы мақсатты күш көрсету, қару қолдану арқылы жүзеге 
асыруға талпынады. Идеологиялық тұрғыда экстремизм басқа 
көзқарастар мен идеяларды теріске шығарады, саяси-идеологиялық 
сұхбат мүмкіндігін қабылдамайды. Сол арқылы өздерінің саяси, 
идеологиялық 
немесе 
діни 
ұстанымдарының 
басымдылығын 
қарсыластарына танытуға және таңуға талпынады. Экстремистік 
ұйымдар өз мүшелерінен толық бағыныштылықты, бұйрықтар мен 
нұсқауларды сөзсіз орындауды талап етеді. Бұл талаптар діни немесе 
ұлттық ерекшеліктер, діни немесе тарихи миссия жолындағы құрбандық 
мұраттары, азап шеккен халық пен жолдастар үшін қанды кек алу, 
әлемдік зұлымдықпен ымырасыз күрес ұрандары арқылы жеке және 
топтық санаға сіңіріледі. 
Экстремизмнің барлық көріністеріне бірқатар ортақ белгілер тән. 
Олар: күш қолдану немесе күш қолдану қаупін тудыру (әдетте қару 
қолдану), әлеуметтік-саяси мәселелерді тек бір қырынан қарастыру, 
қабылдау және шешуге ұмтылу, өз көзқарастарын сынсыз мақұлдау 
және басқаларға таңу, фанатизм, бұйрықтар мен нұсқауларды сөзсіз 
орындау, басқа идеялар мен көзқарастарға деген төзімсіздік, ақылдан 
гөрі сезімге берілу, сұхбат пен келіссөз жүргізуден бас тарту. 
Экстремизм, радикализм, терроризм, нигилизм, көсемшілдік сияқты 
құбылыстармен тығыз байланысты.
Фундаментализм (лат. fundamentum – негіз, ескіге, көнеге қайтып 
оралуды жақтайтындар) діннің әр түрлі қайта құруларға, жаңа 
көзқарастар мен бағыттарға қатынасын білдіру мақсатында жиі
қолданылады. Діни фундаментализм мен экстремизм көріністері барлық 
діндерде байқалады. Кең мағынада фундаментализм модернизацияға 


292 
(жаңартуға) қарсы құбылыс, ескі құндылықтар мен құрылымдарды, 
әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың дәстүрлі қалыптасқан тәсілдерін 
сақтап қалуға бағытталған үрдіс. Алғашқыда фундаментализм деп 
протестантизмдегі либералдық рационализмге қарсы бағытталған 
ымырасыз консервативті ағымды атаған. ХХ ғасыр басында АҚШ-тың 
оңтүстігінде дәл осындай фундаментализм қалыптасты. Ол Інжілді 
сынаудың кез-келген талпыныстарын айыптап, оны жаңа жағдайлар 
тұрғысынан түсіндіруді теріске шығарды. Уақыт өте «фундаментализм» 
ұғымы 
кез-келген 
әлеуметтік-саяси, 
діни-мәдени 
қағидаларға 
радикалды-консервативтік қатынасты, ұстанымды білдіретін болды. 
Қазіргі кезде фундаментализм ұғымы «батыстану» мен «еуропалық» 
мәдени-өркениеттік үлгілерді қабылдаудан ат тонын ала қашатын, діни 
ілімді бастапқы таза күйінде қалдыруды жақтайтын ортодоксалды 
топтарды сипаттауда қолданылады. Алайда Батыста, әсіресе АҚШ-тың 
саяси 
элитасы 
американдық 
саяси-әлеуметтік 
құндылықтарды 
мойындамайтын, халықтың өзіне тән тұрмыс салтын, әлеуметтік-саяси 
институттарын сақтап қалуға талпынуын да бір жақты фундаменталистік 
деп айыптайтынын айта кетуіміз керек. Батыс өркениеті ислам дінінің 
мемлекеттік саясатқа араласуын фундаментализм көрінісі ретінде 
бағалайды. Бұның себебі, діни доктрина және әлеуметтік ұйымдастыру 
формасы ретінде исламның мұсылмандық Шығыстағы рөлі Еуропадағы 
христианшылдықпен салыстырғанда басқаша сипатта болды. Ислам
мұсылман елдеріндегі рухани өмірді тек бір қалыпқа келтіріп қана 
қойған жоқ, ол толықтай ислам аясында өтті. Рухани өмірдің сыртқы 
қалпы да, ішкі мәні де исламдық болды. Ислам мұсылман қоғамының 
барлық салаларын қамтып, экономикалық және құқықтық қарым-
қатынастарды, саяси әкімшілік формаларын, әлеуметтік құрылым мен 
мәдениетті айқындады. Мұнда Батыс әлеміне тән саяси және діни 
биліктер арасындағы жік пен бөлініс, діннің мемлекет пен білімнен 
алыстатылуы орын алмады. Мұсылман елдерінде де Құран мен сүре, 
хадис қағидаларын түсіндіру мен шариат нормаларын тұрмыста қалай 
қолдану керектігі бағытында діни пікір-таластар жүріп жатты. Соның 
барысында әр түрлі ағымдар мен масхабтар қалыптасты. Бірақ ислам 
діні мен оның канондарын жоққа шығару мүмкін емес еді. Істің мәнісі 
діннен безгендігі үшін қатал жазаланудан қауіптенуде емес. Ислам діні 
қағидалары мен ғибадаттарының түсініктілігі, әлеуметтік ілімі мен 
адамгершілік нормалары арқылы кең қолдауға ие болып, рухани өмірге 
тұрақтанып, терең сіңген еді. Сондықтан исламға басқа дін немесе 
мәдениет, саяси ұстаным тұрғысынан қарағанда оның бұл ерекшеліктері 
түсініксіз немесе тіпті, оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ исламды өз 
идеяларына сай өзгертуге талпынғаннан гөрі оны түсініп, сол күйінде 
қабылдау мен сұхбат орнату (саяси, мәдени, экономикалық және т.б.) 
көп түрлі өркениеттілікті дамытуға өз үлесін қосар еді. Сонымен қатар 


293 
дүниеде басқаның көзқарастарын, түсініктерін, наным-сенімдерін бір 
жақты дұрыс емес деп санап, тек өз ілімдері мен қағидаларын ақиқатың 
соңғы ұшқыны деп қарастыратындар да аз емес. Діни қағидаларды 
түсінудегі болар-болмас өзгешеліктердің ұзақ ғасырларға созылған 
қантөгістерге алып келгені тарихи шындық.
Діни экстремизм мен терроризм мәселелелерін зерттеген бірқатар 
ғалымдар 
оны 
модернизация 
процесімен 
байланыстырады. 
Модернизациялау 
қоғамда 
маргиналданған 
топтардың 
санын 
арттыратын «артық адамдардың» пайда болуына алып келеді. 
Өркениеттік құндылықтар мен игіліктерді тұтынудан қағылған бұл 
топтар арасында экстремистік пиғылдардың қанат жаюы әбден мүмкін. 
Қоғам мен мемлекет мұндай топтардың шамадан тыс көбейіп кетуіне 
жол бермеуі керек. Яғни модернизациялау үрдісін іске асыру барысында 
оның салдарларын барынша жұмсартуға көңіл аудару қажет. Сондықтан 
«әлеуметтік мобильділік» деңгейін үнемі жетілдіріп отырған дұрыс деп 
санаймыз. Бұл әсіресе ауылдық жерден қалаларға қоныс аударған жастар 
үшін пайдалы болмақ (мысалы қалаларда тұрғын үй мен жол 
құрылыстары, транспорттық инфраструктура өсуде, ал олар білікті 
жұмысшыларды талап етеді. Кеңестік дәуірде ауылдан келген жастар 
осылайша қалалық өмірге бейімделетін). Бұл бағыттағы іс-шаралар 
елімізде қолға алына бастады. Кіші-гірім қалалардың өзінде нарықтық 
және 
техникалық 
мамандықтарға 
үйрететін 
оқу 
курстары 
ұйымдастырылуда, осының бәрі ауыл жастарына қазіргі өмірге қажетті 
мамандықтарды меңгеріп, өмірден өз орнын табуға ықпал етеді.
Діни экстремизм және фундаментализммен күрестің бір бағыты дін 
мен теология саласындағы білімділікті арттыру болып табылады. 
Алайда діни білімділікті арттырамыз деп барлық келімсек секталарға 
есігімізді айқара ашудың қажеті шамалы. Біз бұл мәселеге еліміздің ішкі 
бірлігі мен қауіпсіздігі, тұрақтылығы тұрғысынан келуіміз керек. Ең 
алдымен, 
Республикамызда 
бұрыннан 
келе 
жатқан, 
халық 
руханилығында өз орны бар дәстүрлі діндердің негіздері мен 
адамгершілік мазмұнын ашатын білім беру қажет. 
Діни экстремизм және фундаментализммен күрестің келесі бағыты 
осы тұрғыдағы құқықтық-заңдық тұғырды нығайту. Бұл туралы ашық 
баспасөз беттерінде көп айтылып жүр. Басқа елдерде тиым салынған 
діни бірлестіктердің елімізде ашық әрекет етуі қоғамды қатты 
толғандырып отыр. Мұхит асып, қаптап кеткен діни ағымдар елімізге не 
береді, осыны мұқият ойлаған жөн. Біз тек бүгінгі туып отырған 
қауіппен күресіп қана қоймай, болашақ қатердің де алдын алуымыз 
қажет. Осының бәрі діни экстремизм және терроризммен күрестің
халықаралық және мемлекетаралық жүйесін, құқықтық негізін 
нығайтуды талап етеді. 


294 
Дінаралық қатынастар барлық уақытта бейбіт болмағаны белгілі. 
Еуропадағы католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыстар 
мыңдаған адамдардың өмірін қиды. Діни соғыстар мен жанжалдар 
адамдар арасындағы діни сенім мәселесіне қатысты қатынастарды 
заңдық реттеу қажеттілігін туындатты. Діни наным-сенім бостандығы 
мен діни төзімділік адамзат өркениетінің ұзақ ғасырлық дамуының 
жемісі болып табылады. Діни наным-сенім бостандығы мемлекет 
тарапынан құқықтық негізделіп, заңмен қорғалуы діни қатынастарды 
бейбіт үйлестірудің алғышарттарын қалыптастырды. Қазақстан 
Республикасы Ата заңындағы адам құқықтары, соның ішінде діни 
бостандықтары туралы тармақтар адамзат өркениетінің жетістіктерін 
ескере отырып қабылданды. 
Демократиялық қоғамда адамның өзін діни айқындауы немесе 
айқындамауы жеке және ерікті таңдаудың нәтижесі болып табылады. 
Полиэтникалық ортадағы тұлғаның этноконфессионалдық бірегейлігіне 
басқа этностар мен тұлғалардың ұлттық діни бірегейлігіне 
толеранттылық тұрғыдан қарау тән. Ал автоэтноконфессионалды 
тұлғаның этноконфессионалды бірегейлігіне басқаларды қабылдамау 
мен 
тұйықталу 
тән 
болып 
келеді. 
Бірақ 
сонымен 
қатар, 
поликонфессионалды ортада тұлғаға өзінің діни бірегейлігін өзгерту 
мүмкіндігі 
де 
бар 
екендігінде 
айта 
кету 
керек. 
Бірақ 
поликонфессионалды мемлекеттерде тұлғаның діни бірегейлігін 
анықтау мүмкіндігі қарастырылғанымен, қоғамның жалпы діни
бірегейлігін сақтауға және оны нығайтуға да көп көңіл бөлінетіндігін 
атап өту керек. Бұл жағдай, мәселен, бірқатар елдердің ата заңында 
көрініс тапқан. Норвегияның конституциясында евангелдік лютерандық 
дін ресми мемлекеттік дін болып табылатындығы, Грекияның 
конституциясында шығыс православтық шіркеудің үстем дін екендігі, 
Оңтүстік Американың бірқатар елдерінде апостолдық католиктік 
шіркеуге басымдылық берілетіндігі атап көрсетілген. Ұлыбританияда 
ресми 
діни 
салтанаттарды 
өткізгенде 
англиканшылдық 
пен 
пресвитерианшылдықтың ресми мемлекеттік діндер болып табылады. 
Бұдан 
байқайтынымыз 
мемлекет 
діни 
бостандықты 
адам 
бостандықтарының ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып, 
қоғамның діни тұтастылығына да үлкен мән береді және дәстүрлі 
діндерді үнемі қолдап отырады. 
Елімізде қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы 
заңына» сай дін мемлекеттен ажыратылғанымен, қоғамның рухани 
өмірінде үлкен орын алады. Қазастан Республикасы Конституциясында 
адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән беріледі. Ата 
заңымызда Қазақстан Республикасы азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарына кепілдік беретін зайырлы мемлекет деп бекітілді. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында, жоғарыда аталған заң 


295 
баптарында және адам құқы туралы актілер мен келісімдерде бекітілген 
азаматтардың сенім бостандығын іске асыруға кепілдік берілетіндігі, 
Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттердің және азаматтығы жоқ 
азаматтарының жеке дара немесе басқалармен бірлесе отырып кез-
келген дінді еркін ұстануына немесе ұстанбауына, сондай-ақ діни 
рәсімдерге қатысуға немес қатыспауға құқылы екендігі, діни 
айқындалуға қатысты ешқандай мәжбүрлеуге жол берілмейтіні, діни 
бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгендігі туралы айтылды. Қазақстан 
Республикасы Конституциясы мен «Діни әрекет және діни бірлестіктер 
туралы заңы» тәуелсіз мемлекет пен дін арақатынасын реттейтін 
құқықтық негізді айқындады. Бұл қатынастар төмендегідей іргелі 
принциптерге сүйенеді: а) дінге қатынасына қарамастан барлық 
азаматтардың тең құқықтылығы; б) діни және зайырлы бірлестіктердің 
мемлекеттен ажыратылғандығы; в) мемлекеттік білім беру жүйесінің 
зайырлы сипаты; г) діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі; д) 
наным-сенім бостандығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін арнайы 
заңдардың болуы және оларды бұзған жағдайда жауапкершілікке 
тартудың қарастырылуы. Қазақстан Республикасы азаматтарының ой 
еркіндігі мен дінді ұстану құқы Қазақстан Республикасының 
Конституциясына, Азаматтық кодекске, «Діни әрекет және туралы» 
заңға, басқа да заң актілеріне және Қазақстан Республикасы мойындаған 
адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық актілерге 
негізделеді. Адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы 
халықаралық пактінің бірінші пунктының он сегізінші бабында: «Әрбір 
адамның ой еркі, ар-ұждан және дін құқы бар. Бұл құқық өз таңдауына 
сай дінді және сенімді қабылдау, өз дінін жеке дара немесе басқалармен 
бірге жариялы түрде немесе жеке ұстану, діни және әдет ғұрыптық 
салттарды орындау бостандығын қамтиды» делінген. Адамның 
азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пакт дінді немесе 
сенімді ұстану бостандығы тек заңмен белгіленген және қоғамдық 
қауіпсіздікті, тәртіпті, басқа тұлғалардың денсаулығы мен моральін, 
сондай-ақ негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттілігі 
негізінде ғана шектелетіндігін атап көрсетеді. Мұндай шектеулер 
Қазақстан Республикасының Конституциясында да қарастырылған. 
Конституцияның 12 бабының 5 пунктінде «Адам мен азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуы басқа тұлғалардың 
құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс пен 
қоғамдық әдепке нұқсан келтірмеуі керек» деп тап көрсетілген. 
Конституцияның бұл бабы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 
заңда нақтылана түседі. Заңда «Дінді ұстану немесе сенімді таратуды 
жүзеге асыру тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, басқа азаматтардың 
өмірін, денсаулығын, адамгершілігін немесе 
құқықтары 
мен 
бостандықтарын сақтау мақсатында ғана шектеледі» делінген. 


296 
«Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңның 3 бабы бойынша: 
«Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық 
құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге 
немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi 
ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды 
қорлауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияға және осы 
Заңға сәйкес жеке өзi, сол сияқты өзгелермен бірлесіп, діни немесе өзге 
де нанымдарды ұстануға және таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне 
қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы».
Аталған заңның үшінші бабына сай діни бірлестіктер мемлекеттен 
ажыратылған. Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында тең. 
Ешқандай дін мен діни бірлестіктердің бір - бірінен артықшылықтары 
жоқ. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. 
Діни бірлестіктер мемлекеттік функцияларды атқармайды және 
мемлекет егер заңға қарсы келмесе діни бірлестіктердің әрекетіне 
араласпайды.
Діни бірлестіктер мемлекеттік билік пен басқару органдарын 
сайлауға қатыспайды. Конституцияда көрініс тапқан діни негізде саяси 
партиялар құруға тиым салу қағидасын одан әрі дамыта Заң діни 
бірлестіктерге саяси партиялардың әрекетіне қатысуға және оларды 
қаржыландыруға тиым салады. Діни бірлестік қызметкерлері саяси 
өмірге тек өз атынан барлық азаматтармен қатар қатыса алады. 
Республикамызда діннің саясатқа араласуына тиым салынғанымен, дін 
қызметкерлерінің барлық саяси - азаматтық құқықтар қорғалған. Дін 
қызметкерлері жергілікті мәслихаттарға, парламентке депутаттыққа 
сайлана алады. 
Діни бірлестіктер заң мен құқықтық тәртіп талаптарын сақтауы тиіс. 
Мемлекет дінді ұстанатын және оны ұстанбайтын, сондай-ақ әр түрлі 
діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен сыйластық қатынас 
орнатуға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген талаптарға сәйкес тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің 
әрекет етуіне жол берілмейді.
Мақсаты мен іс - қимылы мемлекетте бір діннің үстемдігін орнатуға 
бағытталған, діни ала ауыздық пен дұшпандықты қоздыруға, соның 
ішінде, күш көрсетумен немесе күш көрсетуге үндеумен байланысты 
діни бірлестіктер құруға тиым салынады. Діни экстремизмге үндеуге, 
сондай-ақ конфессия аралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарға 
пайдалануға бағытталған іс- қимылдарды іске асыруға тиым салынады. 
Елімізде эстремизмнің алдын алу мақсатында «Экстремизмге қарсы 
күрес туралы заң қабылданды». Бұл заң ұлттық, этникалық, діни 
араздық пен төзімсіздік қаупін тудыратын әрекеттерге тосқауыл қояды. 
Осы заң негізінде «Хизбут тахрир», «Өзбекстан ислам қозғалысы», 


297 
«Мұсылман ағайындар» сияқты саяси партиялар мен ұйымдар елімізде 
заңсыз деп танылды.
Аталған заңның үшінші бабының төртінші пунктіне сәйкес 
республикамыздағы мемлекеттік білім беру мен тәрбие жүйесі діннен 
ажыратылған және зайырлы сипатта.
Ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар өз балаларын өз 
сенімдеріне сай тәрбиелеуге құқықты, бірақ балаларды дінге 
мәжбүрлеуге жол берілмейді. Балаға діни тәрбие беру оның тәндік және 
психикалық денсаулығына, сондай-ақ адамгершілік дамуына нұқсан 
келтірмеуі керек. Сондай-ақ, «ешкімнің де өз діни нанымдарын себеп 
етіп Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында 
көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ».
Алайда діндер заң алдында тең болғанымен, олардың қоғамға 
ықпалы бірдей емес. Мемлекеттік конфессионалдық қатынастың 
еуропалық нұсқасында мемлекет пен діни ұйымдардың үш деңгейлі 
қарым - қатынасы қалыптасқан. Бірінші төменгі деңгейде мемлекетпен 
өте шектеулі ынтымақтасатын діни топтар орналасқан. Олар 
мемлекеттен қаржылай көмек ала алмайды, мемлекеттік ақпарат және 
байланыс құралдарына кіре алмайды, өз оқуларын мектептерде оқыта 
алмайды. Бұл топтар әдеттегідей жалпы заңмен, барлық бірлестіктерді 
реттейтін заңмен реттеледі. Екінші деңгейдегі дін топтары мемлекеттен 
қолдау табады. Бұл конфессиялар ерекше тәртіппен реттеледі. Бірінші 
топтан екінші топқа өту белгілі мемлекеттік бақылауға жатады. Үшінші 
жоғары деңгейде келісім жасалған ұлттық және мемлекеттік шіркеулер, 
діни қауымдар орналасқан.
Мемлекеттік конфессионалдық қатынастың аталған еуропалық 
үлгісі «Діни әрекет және діни бірлестіктер туралы заңында» ескерілген. 
Жаңа заңның кіріспесінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының 
дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, 
халықтың мәдениеті мен діни өмірін дамытуда ханафи бағытындағы 
ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, 
Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді 
құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және 
азаматтардың 
діни 
нанымдарын 
құрметтеудің 
маңыздылығын 
танитынын негізге алады» деп атап көрсетілген. Жаңа заңның діни 
бiрлестiктерді құру, мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру, тарату 
тәртібіне арналған тарауында діни бірлестіктердің мәртебесі анықталады 
және олар жергілікті, өңірлік және республикалық болып бөлінеді. Заң 
қоғам дамуына, адамгершілік ахуалдың кемелденуіне оң ықпал етіп, 
уақыт сынынан өткен діндер мен мақсаты күңгірт, ілімі ала - құла 
діндердің ара жігін ашады. «Діни әрекет және діни бірлестіктер туралы 
заңда «Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен 
азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе 


298 
олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, не ерлі-зайыптылардың 
некесін бұзумен (отбасын ыдыратумен) немесе туыстық қарым-
қатынастарды 
тоқтатумен, 
адамгершілікке 
зиян 
келтірумен, 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген 
міндеттерін орындаудан бас тартуға мәжбүрлеумен және Қазақстан 
Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықтармен байланысты 
діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейтіні» айқын айтылған. 
Сонымен қатар заң азаматтардың мүлкін діни бірлестіктердің және 
олардың басшыларының пайдасына берілуіне тиым салады. Заң 
баяндалған бұл ұстанымдар қағаз бетінде емес, нақты өмірде көрініс 
табады деген сенімдеміз. Заң мемлекеттің зайырлы сипатын ескере 
отырып, 
діни 
жоралар 
мен 
рәсімдерді 
орындау, 
ғибадат, 
құлшылықтарды өткізу тәртібін де қарастырады. Мемлекеттік 
органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, қарулы күштер, басқа да 
әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында, 
азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен, қоғамдық қауіпсіздікті 
қамтамасыз етумен байланысты басқа да қызметтерде, діни оқу 
орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және 
оларға бөлінген аумақта діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге (жасауға) 
жол берілмейді. Біздің пікірімізше бұл тиым салулар діни бостандықты 
шектемейді, керісінше заңның мәні мен мазмұнын ашып, мемлекеттің 
зайырлы сипатын нақтылай түседі. 
Осыған дейін еліміздегі дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынас 
тұрғылықты халық арасында соншалықты күрделі мәселелер 
тудырмаған еді. Ал жаңа бағыттағы діндердің әрекетіне тұрғындардың 
көзқарасы бірдей емес. Жастар арасында жүргізілген соңғы 
әлеуметтанулық зерттеулерге сүйенсек, сауалнамаға жауап бергендердің 
жақындарының діни тиесілікті өзгертуіне 45,4% қарсымын, 35,9 % 
қарсы болмаймын, 18,6 % бәрі бір деп жауап берген. Діни сезіміне 
нұқсан келтірілсе қайтесіз деген сұраққа 13,4% оларды қолыма қару 
алып қорғауға дайынмын, 17,8 % құқық қорғау ұйымдарына 
шағымданамын, 8,7 % сотқа шағымданамын 20,5 % өз ұлтымның немесе 
дінімнің өкілінің көмегіне жүгінемін, 11,6 % билік органдарына, 
полицияға шағымданамын, 1,5 % елден кетуге тырысамын, 21,1 % 
ештеңе болмағандай түр көрсетемін деп жауап берген. Сонымен қатар, 
жас қазақстандықтар өзіндік бірегейлігін анықтауда азаматтық белгіге 
басымдылық берген, яғни өзін Қазақстан азаматымын деп анықтаған 
(54%). Ал діннің қоғамға ықпалын респонденттердің 44,1% оң бағаласа, 
11,3 % теріс бағалаған. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі 
(66,5%) өздерін «енжар діншілдер» деп санаса (мен дінге сенемін, бірақ 
діни өмірге араласпаймын), 10,8% «белсенді діншілдер» (Мен дінді 
ұстанамын, діни қауымның мүшесімін және діни рәсімдерді сақтаймын), 


299 
9,8 % діни сенімге құрмет көрсететіндер, 9,2 дінге сенбесем де дәстүр 
бойынша діни рәсімдерді ұстанатындар, 3,4% діни мәселелерге 
немқұрайлылар, 0,4% «атеистер» қатарына жатқызған [192, 13-14 б.]
Бұл зерттеулер қоғамда толеранттылық деңгейі жоғары болғанымен, 
діни негіздегі қақтығыстардың мүмкіндігін теріске шығармайды және 
діни қатынастарға байланысты азаматтардың құқықтық мәдениетін 
жетілдіру қажеттілігін байқатады. БАҚ мәліметтеріне жүгінсек, 
еліміздің тұрғындарын жаңа діндердің белсенділігі алаңдататындығы 
байқалады. Әсіресе, республикамыздағы дәстүрлі болып табылатын 
ислам және православие дінінің өкілдері жаңа діндердің таралуына 
қауіппен қарайтындығын аңғару қиын емес. Тоталитарлық құрсаудан 
шыққан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары діни сенімдердің шектелуін 
демократиялық нормалардың бұзылуы деп бағалаған болсақ, қазіргі 
кезде кейбір діни бағыттардың демократиялық принциптерге қайшы 
келетіндігі, тіпті адам құқықтарын елеп ескере бермейтіндігі анық 
болып отыр. Осыны ескерген билік экстремистік бағыттағы діни 
ұйымдарға тиым салды. Атеизм мемлекеттік идеология болып табылған 
кеңестік жүйеден шыққан жас мемлекеттерде азаматтардың дін, діннің 
шын мәні туралы білімдері таяз болып шықты. Сондықтан сыртқы бітімі 
«жалтырап» тұрған, ел басына түскен ауыртпалықты діни тұрғыдан 
интерпретациялаған «кірме» діндер етек жайды. Экономикамыз тұралап, 
рухани құндылықтар көмескіленіп қалған жылдары бұл жаңа діни 
бағыттар халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтарына гуманитарлық, 
мейірімділік, қаржылай көмек көрсету арқылы да өз торларына тартқаны 
жасырын емес. Екінші жағынан, сыртқы инвестицияларға зәру болған 
мемлекетіміз де миссионерлер әрекетіне көз жұмып қарағаны да рас.
Осы уақыттарда сыртқы қаржылық құйылымдар мен қатар шет 
елдік миссионерлер де ағылып келе бастады. Белгілі бір деңгейде 
олардың әрекеті мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына нұқсан 
келтіріп, негізін шайқалтатыны күмән келтірмейді. Бұл туралы 
Президентіміз Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: 
«Біз өзіміздің ең ірі әлемдік діни дәстүрлерге ұдайы қосылып 
отырғанымызды ұмытпағанымыз жөн. Бұл да біздің бүгінгі 
бірегейлігіміздің негізі болмағанмен де, бір бастау көзі. Жиырмасыншы 
ғасыр жалпы тосын қайшылықтар дәуірі, солардың бірі – бүгінгі әлемде 
рухани жаңғырудың қосымша құрамдас бөлігі боларлық діні жоқ ұлт 
арагідік бөгде мемлекеттік жүйенің жемі болатындығы. Ал ондай 
мемлекеттер өзінің діни құндылықтарын саналы түрде немесе ойланбай-
ақ басқалар үшін үлгі ретінде ұсынады»,- деп атап көрсетеді. Ал халық 
руханилығына жат құндылықтардың қоғамның прогресивті дамуына оң 
ықпал ететіндігі өте үлкен күмән келтіреді. Қазіргі қоғамымызда орын 
алып отырған діни процестердің бәрі бірдей емес.


300 
Жаңа діндердің қоғамға ықпалын ғалымдар төмендегідей 
бағалайды: «Біздің қоғамымызға бұрын белгілі болмаған діни 
конфессиялардың Қазақстанға келуін қазақстандықтардың мәдени 
бірегейлігін белгілі бір деңгейде ерікті немесе еріксіз шайқалтатын 
жаһанданудың салдарына жатқызуға болады». Осы жерде атақты 
ағылшын тарихшысы Тойнбидің батыс өркениеті экономика мен саясат 
саласына өз ықпалын таратып болды, енді қалғаны мәдениет саласы 
деген ойы еріксіз еске түседі. Сонымен қатар жоғарыда келтірілген 
авторлардың мына пікірлері де адамға ой салады: «Планетарлық 
гегемония күші мәдени жаһандану астарларынан да байқалады, ол 
қазіргі кезде шешуші стратегиялық ресурс ретінде де, майдан алаңы 
ретінде де, қару типі ретінде де көрініс беріп отыр. ХХІ ғасырдың 
ақпарат және ақпараттық технологиялардың ғасыры екені белгілі, 
сондықтан қарсыласын бағындырудың басты құралы ретінде 
идеологиялық форматтар алдыңғы қатарға шығуда. Ал дін ең пәрменді 
идеологиялардың бірі екендігі талас тудырмайды. Әрине, жаһандану 
дәуірінде біздің әлемдік процестерден шет қала алмайтынымыз белгілі. 
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздіктің саяси-
экономикалық ірге тасын қалады деп айта аламыз. Сондықтан ендігі 
кезекте тәуелсіздігіміздің ақпараттық және мәдени-рухани аспектілеріне 
де жете көңіл аударуымыз қажет. Бұл тұрғыда дін мәселесінде де дәйекті 
әрі жан-жақты таразыланған саясат ұстанған абзал. Мемлекеттің 
тұрақты дамуының басты кепілі - қоғамдағы тұрақтылық. Сондықтан 
қазіргі таңда зайырлы мемлекет үшін азаматтық бірегейлік басты белгі 
болып табылғанымен, діннің де қоғамдық процестерге пәрменді ықпал 
ететінін естен шығармаған абзал. Қазақстан Конституциясы гуманистік, 
демократиялық принциптерді жариялап қана қоймай, оларды әлеуметтік 
өмірдің барлық салаларында жүзеге асыру механизмдерін де жан-жақты 
қарастырған. 
Бұл 
тұрғыда 
Елбасы: 
«Конституциямызда 
артықшылықтардың бірі ретінде айқындалған ождан бостандығы, жай 
ғана жансыз заңдылық ұстанымы емес, аса маңызды қоғамдық 
институттарының бірінің орасан зор рөлін мойындау деген сөз. ... 
Әрине, демократиялық мемлекеттердің діни қағиданы зорлап «миға 
шегедей 
сіңіруге» 
хақысы 
жоқ. 
Бұл 
Қазақстанның 
бүгінгі 
басшылығының берік байламы», -деп атап көрсетеді. Алайда, кейбір 
жаңа діни ағымдардың өздерінің діни ілімдері мен түсініктерін «зорлап 
«миға шегелей сіңіруге» талпынатындығы Республика тұрғындарын 
қынжылтады. Этносаяси және гуманитарлық зерттеулер орталығы 
жүргізген 
этноконфессионалдық 
саласындағы 
мониторингі 
туыстарыңыздың дінін өзгертуіне қалай қарайсыз деген сауалға 
респонденттердің 45,4% қарсы боламын, 35,9 % қарсы болмаймын, әр 
адамның ар-ұжданға еркі бар, 18,6 % мен үшін бәрі бір, 0,1% мен оны 
түсінемін, өйткені өзім дінімді өзгерттім деп жауап берген. Алайда 


301 
адамдардың бәрі бірдей еркін таңдау барысында белгілі бір дінді қалап 
алады деп айту қиын. Осындай «белсенді миссионерлермен» қала 
көшелерінде кездесіп сұхбаттасқанымызда, олардың өздері насихаттап 
жүрген діндері туралы білімдерінің деңгейі төмен екені байқалады, ал 
басқа діндер туралы білімдері тіптен жоқ. Ал жаңа діни бірлестіктер 
жетекшілерінің жергілікті қазақ халқының өкілдерімен қызу жұмыс 
жүргізетіні де құпия емес. Көп жағдайларда жаңа шіркеулердің 
жетекшілерін қазақ ұлтынан тағайындау тәжірибесі кездеседі. Мұндай 
шіркеулердің қатарына «Қасиетті рух шіркеуін», «Сенім», «Иман» 
сияқты Евангелиялық Христиандық орталықтарды және т.б. жатқызуға 
болады. Қазақ тілінде христиандық әдебиеттер басылып таратылады. 
Жоғарыдағы сауалнама көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі 
мұндай фактілерге теріс баға береді немесе немқұрайлы қарайды. Басқа 
діндерге кірген қазақтардың үлес салмағы өте аз болғанымен этностың 
ыдырауы және бұл тенденцияның күшеюі алаңдатады. Сонымен қатар 
жаңа діндерге жастарды тарту ісін де бұл ағымдар жақсы жолға қойған. 
Еліміздің болашағы жастар дейтін болсақ, бұл мәселеге де бей- жай 
қарауға болмайтыны түсінікті. Сондықтан мектепке және басқа да оқу 
орындарына жақын жерлерде, сондай-ақ кәмелетке толмаған жас 
жеткіншектер арасында діни үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді шектеу 
қажет деп ойлаймыз. Мемлекет пен қоғам азаматтардың психикалық 
саулығына да аса көңіл болуі керек. Өйткені, жастардың көбі танымдық 
қызушылықтың, 
сондай-ақ 
қарым-қатынастың, 
отбасы 
мен 
жақындарының оларға жеткілікті көңіл бөлмеуі, яғни өтпелі кезеңде 
туындайтын психологиялық қиыншылықтардың салдарынан да жаңа 
діндерге еріп кетеді. Осыған орай, мектептер мен басқа да оқу 
орындарында ұлттық тәрбие мен рухани жетілуге көп көңіл бөлуіміз 
қажет. Қазақстанның болашағы ұлттық мақсат-мүддемізге сай келмейтін 
діни идеялармен уланбаған, жан-жақты терең білімді жастардың 
қолында. Өкінішке орай, демократия, либерализм, плюрализм 
құндылықтарының желеуімен елімізге жат жерлік діни наным-сенімдер 
ентелеп ене бастады. Христофор Колумб Америка құрлығын ашқаннан 
соң, жергілікті халықты отарлау саясаты христиандандыру саясатымен 
қатарласа жүзеге асырылған еді. Оның нәтижесі бәрімізге белгілі. Ал 
қазіргі кезде бұл саясаттың тәсілдері мен формасы өзгергенімен, 
мазмұны сол қалпында қалды. Сол дәуірде христиандықты зорлық пен 
күштеп таңудың барысында қабылдаған халықтардың басым көпшілігі 
тарих толқынында құмға сіңген судай жойылып кетті. Ал 
қалғандарының көсегесі көгерді деп айту қиын. Мемлекетіміз пен 
ұлтымыздың болашағын ойласақ, бұл ойланатын жайт. «Дінінен 
айырылған халық ұлттық қасиетінен де ажырайды, ұлтсыздандырылған 
халық дінінен, ділінен айырылатыны белгілі. ... Ал үстемдік жасаған ұлт 
өркениеттер алмасуы, білім мен ғылым тарату сияқты желеумен кейде 


302 
ашық, кейде жасырын түрде өз дінін, өз тілін енгізеді». Дін ұлт 
мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл аксиома. 
Алайда, діннің қоғам дамуындағы рөлін асыра әсірелеу де жақсылыққа 
әкеле бермейді. ХХ ғасыр басындағы қазақтың зиялы азаматтары мұны 
жақсы түсінді және сондықтан мемлекеттің зайырлы сипатына зор мән 
берді. «Ұлттық интеллигенция, бір жағынан, өз халқының 
мемлекеттілігін, мәдениетін, тілін, білімін, діннен жоғары қойды, ояна 
бастаған ұлттық сананың діни клерикализм жетегінде кетпегенін 
қалады. Екінші жағынан, түрік, мұсылман өркениетінен алшақтау 
ұлтсыздандыруға, төлтума ерекшеліктерден айырылуға апаратын жол 
екенін түсінді» [193, 149-150 б.]. Осы кездерде Ресейдің мұсылман 
халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдері арасында пайда болған 
жәдитшілдік қозғалысы да діни догматизммен шектеліп қалмай, 
адамның творчестволық ойлау, рухани іздену, діни және зайырлы 
мәдениет элементтерін ұштастыру мәселесіне көп көңіл бөлді. Діни 
білімі терең адамдардың өзі әрқашан қоршаған ортаны тануға мүмкіндік 
беретін ғылымдарды игеруге үлкен мән берген. Сондықтан діни және 
зайырлы мәдениеттер бір-біріне қайшы келмейді, қайта бір-бірін 
толықтырып отырады. Өкінішке орай, әр түрлі діндер ғана емес, бір 
дінді ұстанатын адамдардың өзі ымыраға келе алмай жатады. Мысалы, 
қазір Республика тұрғындарының 70% жуығы ислам дінін ұстанады деп 
жүрміз. Алайда, соңғы кездері мұсылман қауымының арасындағы 
алаауыздықтың ұшығып бара жатқандығы да жасырын емес. Көп 
жағдайда бұл діни білімнің таяздығы мен бір жақтылығынан, сонымен 
қатар, жергілікті халықтар дәстүріндегі исламның ерекшеліктерін дұрыс 
түсінбеуден туындайды. Исламның таралуы барысында жергілікті 
дәстүрлер мен ислам өзара бейімделу үрдістерін бастан кешірді. Ескі 
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің ішінде исламның негізгі қағидаларына 
қайшы келмейтіндері сақталып қалды. Шариат нормалары қазақ 
хандарының жарғыларына енді, үкім шығаруда қазылар Ханафи 
масһабының үлгілеріне сүйенді. Патшалық Ресей империясы қазақ 
даласын басқарудың түрлі ережелерін енгізіп, әлеуметтік өмірдегі ислам 
нормаларын ел басқару ісінен шеттетті. Кеңестік үкімет діннің аясын 
барынша тарылтты. Ресми идеология дінді кереғар құбылыс ретінде 
интерпретациялады. Мұндай жағдайда, дінді әлеуметтік құбылыс 
ретінде объективті тұрғыдан зерттеу мүмкін болмады. Қазіргі таңда шет 
елдерде (әсіресе, араб елдерінде) діни білім алып келген жастар 
арасында Қазақстандағы исламды сол елдердің дәстүрі тұрғысынан 
бағалап, түсіндіруге бейім топтар бар. Кей жағдайларда олардың бұл 
әрекеті түсініспеушілікке алып келеді. Сондықтан білім беру жүйесінде 
сұхбаттық мәдениетке, басқаның көзқарасын бөліспеген күнде де 
оппонентіңді сыйлай білуге баулудың маңызы зор. Қоғамдағы 
толеранттылық туралы айтқанда, Қазақстанды кеңестік және одан да 


303 
бұрынғы заманнан бері мекендеп келе жатқан халықтардың арасындағы 
этноконфессиялық төзімділікті сақтауға көп көңіл бөлуіміз қажет. 
Толеранттылық тонын жамылып, қалыптасқан қарым-қатынасты бұзуға 
бағытталған әр түрлі діни ағымдардың әрекетін құқықтық тұрғыдан 
шектеу демократия принциптеріне қайшы келмейді. Діни бірлестіктер 
мен ұйымдар Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай орындауын, 
«басқаның үйіне өз заңдарымен кірмейді» деген принципті мұхит асып 
келген миссонерлердің санасына әрқашан құйып отыруымыз керек. 
«Есіктен кіріп, төрге озғысы» келетіндер осыны түсінгені абзал. 
Либерализм, демократия, толеранттылық абстрактілі идеяларға емес, 
нақты азамат пен еліміздің болашағына қызмет етуі қажет.
Мемлекет пен қоғам халқымыздың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуде еліміз үшін дәстүрлі болып табылатын және халықтың басым 
көпшілігі ұстанатын діндерге көңіл бөлуі қажет. Осы тұрғыда ислам 
дініндегі құрбан айт пен православиедегі пасха мерекелерін халықтық 
мейрам деп танып, демалыс күндерін белгілеу уақытылы және орынды 
шара деп ойлаймыз.
Соңғы жылдардағы қоғамдық пікірді саралау «Наным - сенім 
бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңның жетілдіруді талап 
ететін бірқатар тұстары да бар. Еліміздің әр түрлі аймақтарында орын 
алып, бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көрген оқиғалар заңды 
жетілдіруге немесе нақтылай түсуге түрткі болып отыр. Мысалы, діни 
бірлестіктерге жер телімдерін беру мен ғимараттар салу жергілікті 
мемлекеттік органдары тарапынан заңмен реттелуі қажет.
Республикамыздың азаматтары көше - көшені аралап, өздерінің үн 
парақтарын тықпалайтын миссионерлікке де наразы екенін газет, радио, 
теледидар беттерінде ашық айтып жүр. Кейбір миссионерлердің 
тіркеуден өтпей әрекет ететіні де белгілі. Сондықтан діни үгіт насихат 
жұмыстарын белгіленген аумақтарда жүргізу және білім беру мен 
тәрбие орындарында діни насихат ісі де реттелуі қажет деп санаймыз. 
Бірақ бұл азаматтардың дін туралы объективті ақпараттар мен білім 
алуына кедергі болмауы керек.
Соңғы кездері мемлекеттік мектептер мен оқу орындарында діни 
үлгідегі киім кию мәселесі, білім беру бағдарламасына енген сурет, ән 
және дене шынықтыру сабақтарынан бас тарту фактілері ұшырасады. 
Оқу орындарының жалпыға бірдей ішкі тәртіп пен оқу бағдарламасына 
сәйкестікті талап етуі кейбір оқушылардың ата - аналары тарапынан 
діни бостандықты шектеу ретінде бағаланатыны да жасырын емес. 
Мемлекетіміздің зайырлы сипатын ескере отырып, осы жағдайларды да 
заңдық реттеу қажет деп санаймыз. Заңға өзгертулер енгізу үш мақсатты 
қамтамасыз етуі қажет. Олар: адам құқықтарын қорғау, діни 
бірлестіктердің қызметін реттеу, азаматтық заңнамамен сәйкестендіру 
және кемшіліктердің орнын толтыру. 


304 
Жоғарыда 
аталған 
мәселелерді 
құқықтық 
реттеу 
республикамыздағы әр түрлі конфессиялардың өзара және мемлекетпен 
қарым - қатынасын жүйелі жетілдіріп, өзара төзімділік пен келісімді 
дамытуға өз үлесін қосады деп ойлаймыз.
Еліміздегі мемлекет пен дін арақатынасының құқықтық-заңнамалық 
аспектілеріне тоқталып өткеннен соң, осы қатынастарды жетілдіру 
жолдарын саралап өтейік.
Қазақстанның ата заңы мен діни наным-сенім бостандығы туралы 
заңнамалық актілері елімізде әрбір адамның өз ой еркіндігін, сенімін 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғам типін қалыптастырудың қажетті 
құқықтық негіздерін айқындайды. Дегенмен, заңнама тек осы 
құқықтарды, наным - сенім бостандығы принципін жүзеге асырудың, 
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуының құқықтық 
алғышарттарын ғана жасақтайды. Бұл қағидаттардың іс жүзінде 
орындалуы әр түрлі дүниетаным, дін бірлестіктер және мемлекет 
арасындағы байсалды пікір алмасу, үнқатысу барысында ғана мүмкін. 
Үнқатысу әр түрлі тараптардың арасындағы пікір алмасудан тұрады. 
Үнқатысудың мазмұны оның мақсаты мен міндеттеріне байланысты 
өзгеріп отыруы мүмкін. Үнқатысу нақты формальды іс - шаралар: 
кездесулер, келіссөздер, конференциялар формасында ұйымдастырылуы 
мүмкін. Мұндай іс - шаралар қоғамдық сұраныстан туындайтын 
мәселелерді шешу үшін маңызды болып табылады. Бірақ қоғамдық 
өмірде көптеген мәдени, дүниетанымдық және құндылықты ұстанымдар 
кездесетіндіктен, осы қоғам интеллектуалдары мен зиялы қауымының 
шығармашылығы барысында дүниеге келетін идеяларды талдаудан 
тұратын кең мәтіндік тұрақты үнқатысулар орын алады.
Үнқатысу барысында бұл идеялардың қарама - қайшылықтарының 
айқындалуы, бір - біріне ықпал етуі, толықтырылуы мүмкін. Дегенмен, 
үнқатысудың басты мақсаты көтерілген мәселеге қатысты тараптардың 
позициясын анықтап, басқаны тыңдап, мәселені ұшықтырмай бейбіт 
жолмен шешудің алғышарттарын қарастыру болып табылады. 
Сондықтан үнқатысу оң нәтиже беру үшін оған қатысушы тараптар 
белгілі бір принциптерді басшылыққа алуы қажет. Біріншіден, үнқатысу 
субъектілері тараптардың тең құқын мойындауы керек. Яғни, тараптар 
өз пікірі мен ұстанымын басқаға таңудан, үстемдік ету мен 
бағыныштылық позициясында болудан сақтануы абзал. Үнқатысудың 
маңызды шарттарының бірі - оған қатысушының өз көзқарастарын 
қорғауы, яғни басқалар оның өз көзқарастарынан бас тартуға міндетті 
емес екенін мойындауы тиіс. Сондықтан үнқатысуда өзара түсіністікке, 
басқаның көзқарасын сыйлауға бағытталған психологиялық ахуал өте 
маңызды. Үнқатысу адамдарды жақындастыруға және сондай - ақ ой 
бөлісе отырып, мәселені жан - жақты қарастыруға, өз позициясының 
мүмкіндіктері мен кемшіл тұстарын болжамдауға бағытталған. Осы 


305 
айтқандарымызды түйіндей отырып, үнқатысуға төмендегідей анықтама 
беруге болады: үнқатысу - оған қатысушылардың теңдігі мен еркіндігіне 
негізделген, ұстанымдарды айқындауға, жақындастыруға, өзара 
толықтыруға бағытталған әлеуметтік қатынастың ерекше формасы.  
Үнқатысу азаматтық қоғам мен демократиялық мемлекет арасындағы 
өзарақатынастың негізгі механизмі десек артық айтпаймыз. Сол арқылы 
мемлекет пен қоғамның бірлігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі. 
Алайда үнқатысу қоғамның салауаттылығы мен өркениеттілігіне тікелей 
қатысты. Сондықтан ол байсалды тәрбие мен терең білімділікті талап 
етеді.
Енді қоғамдағы дін мәселесіне қатысты үнқатысуға қатысушылар 
кімдер екенін анықтап алайық. Кең мағынасында үнқатысуға барлық 
қазақстан қоғамы қатысады. Өйткені қазақстан қоғамы әр түрлі 
этностардан, мәдениет және дін өкілдерінен тұрады. Алайда, нақты 
мағынасында үнқатысудың субъектілері төмендегілер болып табылады: 
а) әр түрлі діни наным, ұйым, конфессия өкілдері, олардың арасында 
Қазақстан қоғамындағы орны мен рөлі төңірегінде әлеуметтік 
қатынастар мен өзара әрекеттесу орын алады; б) үнқатысудың 
субъектілері бір жағынан әр түрлі діни бірлестіктер, екінші жағынан 
өкілетті органдар ретіндегі мемлекет болып табылады; в) Қазақстан 
қоғамы тұтастай әр түрлі діни сенімдегі адамдар мен топтардан 
тұрмайды. 
Қоғамның 
белгілі 
бір 
бөлігі 
діни 
сенімді 
қабылдамайтындардан 
және 
атеистерден 
тұрады. 
Сондықтан 
үнқатысудың тағы да бір субъектілері өкілетті органдар ретіндегі 
мемлекет және діни сенімді қабылдамайтын азаматтар мен атеистер 
болып табылады; г) үнқатысудың келесі субъектілері - діни ұйымдар 
ретіндегі дінге сенушілер мен діни сенімді қабылдамайтын азаматтар 
мен атеистер. Үнқатысудың мақсаты не дейтін болсақ, мақсат - 
Қазақстанды дамыту, елімізде демократия мен әділеттілікке негізделген 
азаматтық қоғамды қалыптастыру, қоғамда басқа дүниетанымдық 
ұстанымдарды және адамдардың рухани - адамгершілік бағдарларын 
жүзеге асыру құқын сыйлау және оған төзімділікпен қарау ахуалын 
қамтамасыз ету.
Осы бағытта еліміздегі дәстүрлі діндердің әлеуметтік үйлесімділікті 
сақтаудағы әлеуетін, еліміздің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз 
етудегі мүмкіндіктерін ұтымды жүзеге асыра білудің маңызы зор 
болмақ. Еліміздегі әр түрлі діни бірлестіктер түрлі мәселелер бойынша, 
соның ішінде сенім негіздері төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыра 
алады. Бұл да қоғамдағы тыныштықты сақтауға оң ықпал етуі мүмкін. 
Алайда, біз ар - ұждан бостандығы және Қазақстан мемлекетінің 
зайырлы сипаты принциптерін жүзеге асыруға бағытталған үнқатысуға 
басты назар аударуымыз қажет. Діндердің қоғам өміріндегі орны мен 
маңызын мойындай отырып, бір діни сенімнің басқалардан артықшылғы 


306 
мен ерекшелігін дәріптеуіне, өзін басқалардан жоғары қоюына жол 
бермеуге тиіспіз. Сондай-ақ, қоғамның ішкі бірлігіне нұқсан келтіріп, 
ыдыратуға бағытталған тенденциялардың да алдын алатын шараларды 
жүзеге асыруымыз керек. Бұл бағыттағы маңызды шара – Қазақстан 
халықтарының дәстүрлі мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тарихын, рухани 
дамуында ерекше орын алған тұлғаларының шығармашылығын, 
осындай дәстүрге негізделген бірлік пен елдікті кеңінен насихаттау. 
Діни бірлестіктердің өкілетті органдар ретіндегі мемлекетпен 
үнқатысуының мақсаты – барлық діни ұйымдардың заңнамалық және 
құқықтық теңдігін іс жүзінде қамтамасыз ету, олардың діни әдет-
ғұрыптарын, рәсімдерін орындауына, өз діни нанымдарының негіздерін 
оқып-үйретуге мүмкіндіктер жасау. Дегенмен, мемлекеттің зайырлы 
сипаты мемлекеттің билік құрылымдары өздерінің жекеленген 
мүдделері үшін діни бірлестіктерді, діни бірлестіктер мемлекеттің билік 
құрылымдарын пайдалануға талпынбаған жағдайда қамтамасыз 
етілетінін естен шығармаған жөн. Сонымен қатар, мемлекеттің діни 
сенімдегі 
адамдардың 
дүниетанымдық 
және 
адамгершілік 
ұстанымдарын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер беретін заңнамалық 
актілерді қабылдайтындығын атап өткеніміз де абзал. Бұл бір жағынан, 
олардың толыққанды еркін азаматтар ретінде әрекет етуін, өздерінің 
азаматтық құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз етсе, екінші 
жағынан Қазақстан Республикасының рухани өрлеуіне өз үлестерін 
қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық және 
азаматтық бірліктің маңызы өте зор.
Яғни, әрбір азамат шыққан тегі мен діни нанымына қарамастан 
өзінің тағдыры мен болашағының Қазақстан елі және мемлекетімен 
тығыз байланысты екенін терең түсіне білуі қажет. Дәстүрлі және 
әлемдік діндер мен діни бірлестіктердің көп ғасырлық тәжірибесі, 
сұрыпталған құндылықтары мен білімі, діни дәстүр мен тәжірибені 
жүзеге асыра алатын білгір мамандары мен дағдылары бар екенін естен 
шығаруға болмайды және осы әлеуетті мемлекет қоғамның рухани 
кемелін арттыруға тиімді қолдануы тиіс. Қоғамда рухани құндылықтар 
мен идеалдар, адамгершілік бастаулар туралы жиі айтылып, олардың 
мазмұны БАҚ беттерінде жарияланып тұрса, сол арқылы олар қоғамдық 
санаға еніп, руханилыққа деген сұранысты тудырады. Діни бірлестіктер 
мен діндар адамдар қоғам мен жеке тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен 
дүниетанымын өзгертуге, тұтынушылық психологиядан арылып, рухани 
ізденуін қамтамасыз етуге қабілетті. Бұл өз кезегінде мемлекеттегі 
тұрақтылықты, әлеуметтік серіктестікті жетілдіріп, қылмыскерлікті 
құрықтауға ықпалын тигізері сөзсіз. Діни бірлестіктердің қоғамдық 
өмірге етене араласуының бір бағыты – қайырымдылық іс-шараларын 
ұйымдастыру және жүзеге асыру. Бұл әрекет аумағында діни 
бірлестіктер бейбітшілікті сақтауға, мәдени ескерткіштерді қалпына 


307 
келтіруге, әлеуметтік қорғалмаған топтарға немесе әр түрлі стихиялық 
жағдайлардан зардап шеккендерге көмектесе алады. Бұл қоғамдағы 
рухани-адамгершілік ахуалды жақсартып, әлеуметтік қатынастарды 
үйлесімді дамытуға мүмкіндік береді.
Себебі, адамдар басқаға қол ұшын беру, жанашырлық таныту 
сияқты гуманистік принциптердің қалай іске асатынына тікелей куә 
болады. Бірақ ескере кететін бір жайт, діни бірлестіктер бұл саладағы 
мемлекеттік функцияларды атқармауы және өздерінің қайырымдылық 
шараларын діни ілімдерін таратуға пайдаланбауы керек. Қазіргі заманда 
барлық адамдардың діни сенімде болуы және діни ілімдер мен ондағы 
құндылықтарды бөлісуі шарт емес. Сондықтан «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер 
туралы» 
заңда 
атап 
көрсетілгендей, 
Қазақстан 
Республикасы азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар кез-келген 
дінді ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқықты. Діни сенімді 
ұстанбайтын адамдардың өкілетті органдар ретіндегі мемлекетпен 
үнқатысуы, ең алдымен, діни сенімді ұстанбайтын адамдардың өз 
дүниетанымдық 
позицияларын 
ұстануын 
қамтамасыз 
ететін 
конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс. Заң шығарушы 
және билік құрылымдары арқылы мемлекет діни сенімді ұстанбайтын 
адамдардың адамгершілік ұстанымдарын жүзеге асыруына және өз 
балаларын түрлі ұйымдардың ықпалынсыз тәрбиелеп, білім алуына 
жағдай жасайды. Яғни, мемлекет кез-келген діннің жеке адамның өзінің 
қалауынсыз тұрмысы мен өміріне араласуына жол бермейді. Өз 
кезегінде діни сенімді ұстанбайтын адамдар мемлекеттік құрылымдарды 
дінмен күрес үшін қолданбауы керек. Қоғамдық дамудағы секуляры 
сананың жетістіктері де адамзат игілігіне қызмет етіп келгені белгілі. 
Рухани байлық пен прогресс туралы айтқанда осы салада жинақталған 
бай мұраның оң ықпалы да назардан тыс қалмағаны жөн.
Үнқатысудың маңызды тараптары діни бірлестіктер мен ұйымдарға 
кіретін немесе кірмейтін діни сенімдегілер мен діни сенімді 
ұстанбайтындар болып табылады. Бұл жердегі негізгі мәселе – өзге 
дүниетаным мен сенімді дұрыс бағалап, қабылдаудың алғышарттарын 
қалыптастыру, санада тұрақталып қалған біржақты стереотиптерден 
арылу. Дінге иланбайтындар дінді қоғамның дамуына кері ықпал ететін 
реакцияшыл күш, «сананы улайтын апиын» деп қарастыратын, 
діндарлардың сеніміне нұқсан келтіретін көзқарастардан алыс болғаны 
абзал. Ал діни сенімдегі адамдар атеизмге деген көзқарастарын өзгертіп, 
идеология ретіндегі атеизм мен өз көзқарастарында тылсым күш 
идеясына орын бермейтін және дүние суреттемесінде ғылыми негіздерді 
басшылыққа алатын дүниетанымдық позиция ретіндегі атеизмді 
ажырата білуі тиіс. Сонымен қатар, діни сенімдегі адамдар Құдайға 
деген сенімсіз адамгершіліктің болуы мүмкін емес деген ұстанымнан бас 


308 
тартып, адамгершіліктің діннен тыс негіздерінің де болатындығын 
мойындауы керек.
Дінге сенбеу рухани құндылықтардың маңыздылығын жоққа 
шығару болып табылмайды. Бұл мәселеде көп нәрсе адамның білімі мен 
тәрбиесінің сипатына байланысты болмақ. Дінге сенетіндер мен 
сенбейтіндердің айырмашылығы олардың адам өміріндегі рухани 
құндылықтарды мойындауында немесе мойындамауында емес, осы 
құндылықтарды қалай түсінетіндігі мен түсіндіретіндігінде. Сондықтан, 
оларды түйістіретін құндылықты ұстанымдардың әлдебір ортақ 
негіздерін анықтап алған абзал. Біздің пікірімізше, гуманистік 
құндылықтар осындай ортақ негіз бола алады. Республикамызда 
жүргізілген әлеуметтік зерттеулер де осыны айғақтайды. «Құдайға 
сенушілер мен атеистер ортақ тіл тауып, гуманизм, толеранттылық және 
басқа да жалпы адамзаттық құндылықтар принципі негізінде өзіндік 
ерекше қоғамдық келісім - шартқа келуі мүмкін» [194, 45 б.].
Гуманистік құндылықтар адам өмірі мен бостандығын, оның өзін 
шындықта жүзеге асыру, қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну құқын 
қамтиды. Яғни, түрлі дүниетаным мен сенімді ұстанатын адамдар ең 
негізгі құндылықтың осылар екендігін мойындап, өз әрекеттерінде 
соларды басшылыққа алса ғана олардың арасында өзара үнқатысу мен 
ынтымақтастық, серіктестік қатынастар орнығады. Бұл тұрғыда біз 
профессор С.Е. Нұрмұратовтың «ақиқатында адамға берілген ең негізгі 
Құқық – оның өмірде жол таңдау Еркіндігі. Сондықтан жеке адамның 
Ақиқат жолына түсуі немесе түспеуі, Шынайы Дінге бейімделуі немесе 
оның орнына Зерденің құдіретіне жүгінуі, яғни Ғылымды пір тұтуы 
сияқты мәселелер оның өз құзырындағы нәрселер. Оны ешқандай 
әлеуметтік, саяси, діни субъект зорлықпен міндеттей алмайды» деген 
пікіріне толық қосыламыз [195, 111 б.].
Мемлекет осындай қатынастарды жүзеге асырудың механизмдерін, 
саяси-әлеуметтік және құқықтық алғышарттарын қалыптастырады. 
Жоғарыда қарастырылған мәселелер еліміздегі мемлекет пен дін, 
зайырлы қоғам арасындағы қарым-қатынастарды үйлесімді дамытып, 
әлеуметтік тұрақтылық пен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды 
үлес қосады деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет