Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. Кердері Әбубәкір Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп! Неге олар бақытты ? Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ: «Оның жолы болғыш»



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата18.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Әйел бақыты

3.Үнемі күліп жүріңіз! 
Мұңлы болып жүрсеңіз, сіз әдемі кӛрінесіз бе? Ал керісінше, үнемі күліп 
жүрсеңіз, сізбен қарым-қатынас жасағысы келмейтін адам жоқ. Қазір риза 
емес кейіп кӛрсетіңізші, енді қуанышты бір жағдай ойлап кӛріңіз. Ойлай 
алмайсыз.Тура солай керісінше. Күліп жүрген адам негатив ойлай алмайды. 
Есіңізде болсын, сіз күлгенде ағзаңызда бақыт гармоны түзіледі. Сондықтан 
риза болудың айырылмас серігі күліп жүру, жай күліп үйреніңіз. Сіздің бет-
әлпетіңіз - ішкі жан дүниеңіздің айнасы.
Америкалық психолог-педагог Дейл Карнеги: «Күлкі - адамға қуаныш 
сыйлайды. Сәттіліктің ең бірінші кілті, ол - күліп жүру. Есіңізде болсын, 
үнемі жымиып жүру сіздің ең құпия, ең басты қаруыңыздың бірі. Тіпті, сізге 
қатты ашуланған адам да жүзіңіздегі күлкіні кӛргенде, сабасына түседі. 
Ашуы басылып, дауыс кӛтеруі бәсеңдеп қалады» деп, сәттілікке жетудің 
керемет кеңестерін береді. Ауа-райы нашар ма, доллар кӛтерілді ме, сізді 
біреу ренжітті ме маңызды емес, күліп үйреніңіз. Нағыз еркек қасынан 
осындай әйелді кӛргісі келеді. Ӛйткені оны сіздің ішкі әлеміңіз 
қуаттандырады. Бүкіл әлемдік статистиканың кӛрсеткіштері бойынша кӛп 
отбасының айырылысуының 79%-ы ақша жетіспеушілігінен екен. Сонымен 
қатар, ауыратын адамдардың кӛбісі дерлік кедей отбасынан болатыны 
дәлелденген. Дейл Карнеги жүргізген зерттеулерге сүйенсек, адамның 
ӛмірінде биік жетістіктерге жетуінің 20%-ы іскерлік біліміне,
80%-ы қарым-қатынас жасау шеберлігіне байланысты екен. Иә, ешкім 
жаман кӛңіл-күймен жүріп, адамдармен жақсы қарым-қатынас орната 
алмайды. Тіпті мамандардың айтуы бойынша кӛңіл-күйдің дұрыс 
болмауынан аурудың 80% -ы содан туындайды екен. Үнемі кӛңіл-күйіміз 
кӛтеріңкі жүру үшін денсаулығымыз мықты болу керек. Денсаулық мықты 
болсын десек, жақсы кӛңіл-күйде жүруге тиістіміз. Жақсы кӛңіл күйде 
жүретін адамдардың отбасы, бақытты болмауы мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет