Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. Кердері Әбубәкір Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп! Неге олар бақытты ? Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ: «Оның жолы болғыш»


Екі адам арасындағы кризис деген не?



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата18.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43844
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Әйел бақыты

 
17.Екі адам арасындағы кризис деген не? 
«Кризис» деген сӛз грек тілінен шыққан , «құлдырау» және «ӛзгеріс» 
деген мағынаны білдіреді. Яғни, ол белгілі бір құрылымның шарықтау 
шегіне жетіп, ӛзгерісті талап ететін кезі. Жасыратыны жоқ, қазір адамдар 
кризис десе, тек қаржылық жетіспеушілікті айтады. Ал бұл ӛмірде кризистің 
түрі кӛп дер едім. Ол екі адамның арасындағы қарым-қатынас кризисі, ішкі 
жан дүние тоқырауы, қаржылық жетіспеушілік, ата-ана мен бала арасындағы 
кризис, тағы-тағы да кӛптеген түрлері бар. Енді біз ерлі-зайыптылар 


Калиева Куралай - www.kuralay.kz 
13 
арасындағы қарым-қатынас кризисін алып қарайық. Екі адам бірін-бірі 
мүлдем түсінбейді, яғни енді олардың ӛмірге деген кӛзқарастары , ой-
пікірлері бұрынғыдай бір арнаға тоғыспайды. Соның салдарынан отбасында 
береке бақыт азаяды. Оның соңы тіпті екі адамның ажырасуына әкеліп соғуы 
мүмкін. Адамдар ӛз басынан ӛтіп жатқан барлық проблемалардың ішінен ең 
алдымен материалдық кризисті бірінші кӛреді. Яғни олар барлық 
проблемалардың бастауы – ақшаның жетіспеушілігінен, жақсы ӛмір сүре 
алмауынан деп түсінеді. Бірақ ойланып қарайтын болсақ, кез келген сыртқы 
әлемде болып жатқан нәрсенің бәрі - ішкі жан дүниенің кӛрінісі. Кризис –
рухани кризистің және білім тапшылығының нәтижесі. 
Мысалы, сіздің отбасыңызда соңғы кездері сүйіспеншілік, жақсы кӛру, 
құрметтеу деңгейі біршама азайды делік. Оның себебі неде? Ӛйткені сізде 
отбасын дамытуда тың идея жоқ. Ал идея неге жоқ? Ӛйткені сізде мотивация 
жоқ. Ішкі жан дүниеңізде проблема болса, ол отбасына деген 
кӛзқарасыңызды қалай жақсы жаққа ӛзгертеді, қалай сіздің жүрегіңіз 
бақытты отбасың, бақытты боласың деп мотивация береді. Міне, адамның 
проблемасы ішкі жан дүниесінде. Егер адамның ішкі жан дүниесінде алға 
қарай ұмтылдыратын мотивация болса, ми тынымсыз жұмыс істейді, жаңаша 
ойлар келеді. Ешқашан берілмейді, алға ұмтыла түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет