Калиева Куралай - www.kuralay.kz
24
салады.
«Менің күйеуімнің жалақысы аз, сондықтан тұрмысымыз тӛмен»,
«Ана құрбым сияқты бай жігітке үйленсем, бақытты болар едім», «Біздің
бақытты ӛмір сүрмегенімізге қайын-жұрт кінәлі» деп сылтаулар айтады.
Халық даналығында:
«Әр адамның ӛмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және
табыссыз болуы оз қолында» деген екен.
Отбасы қарым-қатынасын зерттеу барысында, ӛзін
толыққанды,
бақытты сезінетін адамдардың құпиясын зерттегенімде, олардың басты
құпиясы ӛмірлеріне, отбасына жауапкершілікпен қарайтындығында.
Жауапты болу дегеніміздің ӛзі не? Яғни, бұл - сенің барлық ойларың, сенің
сезімдерің, сенің кӛңіл-күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың немесе
сенің ішкі жан дүниеңде болып жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда
түсінуің.
Бұлардың барлығы тек сенікі, басқа ешкімдікі емес. Сенің іс-
әрекетің, ол - сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың. Ешкім
бұған жауап бере алмайды,оған тек сен ӛзің ғана жауап бересің.
Егер сенің үнемі кӛңіл күйің тӛмен болса, бақытсыздықты сезінген кезіңде
ӛзіңнің ішкі жан дүниеңе үңіл,онда не болып жатқанына мән бер, түсінуге
тырыс. Бұл жағдайға ӛзіңді тек ӛзің
жеткізген болсаң, онда осы жағдайды
ӛзің ғана ӛзгерте аласың. Осындай саналы түсініктен соң ӛзіңді, ӛміріңді
ӛзгертетін күш пайда болады. Ішіңіздегі мыңдаған кедергілерден сүрінбей
ӛтсеңіз,онда сырттағы кедергілерден де оп-оңай ӛте аласыз. Сіз қандай
болсаңыз, айналаңыздағыларды да солай кӛресіз. Дүние - ішіңіздегіні
кӛрсететін айна. Оны ешқашан естен шығарушы болмаңыз.
Отбасыңыздың
жауапкершілігінен қашпаңыз. Ӛмірде күйеуі әйелін кінәлайды, әйелі күйеуін
кінәлайды. Міне, кӛрдіңіздер ме, адам әр іске ӛзге біреуді кінәлауға дайын
тұрады. Намыссыз адамнан ештеңе ӛнбейді. Намысқа тырыспай, отбасының
проблемасын ӛзінен емес, ӛзгеден іздейтін, әр нәрседен сылтау ойлап табуға
бейім адамдардың ӛзгеруі қиын, әрине. Яғни ӛзгелерді кінәлауды қойған
кезде, намысқа тырысып еңбек еткенде ғана ӛміріңізде ұлы ӛзгеріс орын ала
бастайды. Сенбесеңіз,
біреуді кінәлауды тоқтатып, бар кемшілікті ӛзіңізден
іздеп кӛріңізші. Сізде алға жылжу, даму байқалады. Бір істі жүзеге асырамын
деген адам мүмкіндік табады, ал істемеймін деген адам сылтау табады.
Жазушы Мұхтар Әуезов:
«Қай істің болсын ӛнуіне үш түрлі шарт бар. Ең
әуелі ниет керек,одан соң күш керек,одан соң тәртіп керек.» -деп, яғни
алдыңызға ниет қойып, ерік-жігеріңізді жинап, белгілі бір тәртіпке бағынып
бақытты болуға талпынсаңыз, оның ӛнімділігі артады.
Әр нәрсенің жақсы жағын ойлаңыз.
«Ол жерге барсам, қолымнан келмесе»
деген күмәнді ойлар
сіздің жолыңызды болдырмайды, миға ақпарат кетті
шынымен болмайды. Шын мәнінде, бүгінгі күн, бүгінгі материалдық
жағдайымыз,
біліміміздің деңгейі, кӛңіл-күйіміз, бір сӛзбен айтқанда,
барымыз бен жоғымыз кешегі күннің нәтижесі.
Қымбатты ханымдар, шаңырағыңыз биік,
босағаңыз берік болып,
отбасыңызда махаббат пен береке орнасын!