Калиева Куралай - www.kuralay.kz
1
Инабат – ердің азығы,
Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы.
Кердері Әбубәкір
Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп!
Неге олар бақытты ?.. Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ:
«Оның жолы
болғыш», «Тағдыры солай», «Ата-анасы бай, қуатты » деген неше түрлі
ӛзіңізді ақтайтын сылтаулар тауып аласыз. Осы уақытқа дейін осындай
сылтаулар мен ақталулар айтып келдіңіз емес пе?! Енді осы жерден тоқтай
қалыңыз. Бақытты әйел болудың әдістері ӛте оңай және қолжетімді.Тек сол
әдістерді
табандылықпен, сенімділікпен, білімділікпен қолдану қажет.
Ӛзіңізге қарату, сүйгізе білу, тамсандыру әдістері ӛте қарапайым.
Ол үшін ер азаматтардың психологиясын, жан дүниесін
жетік біле отырып,
олардың нені қалайтынын білуіміз керек. Әйел кӛзінің нәзіктігімен мықты,
қайсар ер азаматқа қарау - үлкен қателік. Қандай жағдайға ер адамның
кӛзқарасы еркек ретінде қалай болатынын ереже сияқты жаттап алу – сіздің
міндетіңіз. Ер азаматымызды қайтсек еңбекқор,
жауапкершілігі мол,
отбасының қамқоры болғанын, мені, балаларын жанымен сүйетін азамат
болса екен деп армандайсыздар. Егер
сіз ер азаматыңыздың табысты,
еңбекқор, жауапкершілігі мол
болғанын қаласаңыз,
оған
деген
кӛзқарасыңызды ӛзгертіңіз. Сіздер, нағыз еркек қандай болады деп ойланып
кӛрдіңіздер ме? Нағыз еркек кім? Нағыз еркек жауапкершілікті ӛзіне ала
отырып, отбасы мен әйеліне қамқор бола алатын азамат. Нағыз еркек
қасымда болсын десеңіз, сіз нағыз ханым болуыңыз керек.
Сонымен бірге
бақытты отбасын армандамай, арманыңыздағыдай отбасына ӛзіңіздің
лайықты екеніңізге сенбесеңіз,
онда кешіріңіз, сіздің бақытты болуыңыз
қиын болады.
Иә, өзіңіз ойлағандай, бақытты ханымға айналуыңыз сіздің