2.3 Математикалық сауаттылық 1- есеп. Жанармай.
2016 жылы 1 литр бензиннің бағасы 125 тг. Ал 2007 жылы 1 литр
бензиннің бағасы 23,2%-ға арзан болған.
1- сұрақ: 1 литр бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?
Жауабы: __________
2- сұрақ: 2016 жылығы 1 литр бензиннің бағасы 2007 жылмен
салыстырғанда қанша теңгеге қымбат?
Жауабы: __________
2- есеп. Киім тігу.
Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және
одан 84 көйлек тігілген.
1- сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды?
Жауабы: __________
2- сұрақ: Осындай үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған?
Жауабы: __________ 3- сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: __________ 3- есеп. Қозғалыс.
Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы шамамен 450 км. Осы
арақашықтықты картада бейнелеу қажет.
1- сұрақ. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы картада 8 см
болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет?
Жауабы: _______.
2- сұрақ. Егер картаның масштабы 1: 1000 болса, онда 450 км қанша
сантиметрге тең болады?
Жауабы: ________ .
4- есеп. Қозғалыс.
Масштабы 1:190 картада Алматы қаласы мен Қостанай қаласының
арақашықтығы 10 см-ге тең.
1- сұрақ. Алматы мен Қостанай қалаларының арақашықтығы қанша
километрді құрайды?
Жауабы: ________ .
2- сұрақ. Егер 100 км-ге 8 л бензин қажет болса, онда осы қалалардың
аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады?
Жауабы: ________ .