Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет6/109
Дата21.10.2022
өлшемі3,45 Mb.
#44704
түріСборник задач
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
ПИЗА ДАЙЫНДЫ0 ТАПСЫРМАЛАРЫ қазақша

 
10-
тапсырма.
Жер бетінде ғажайып материк бар. Оның ғажайып болу себебі келесіде: 
егер саяхатшы кемемен осы материктің жағалауымен батыстан шығысқа қарай 
жүзсе, үш мұхитты кесіп өтеді. Бұл материкте солтүстік пен оңтүстік 
орындарын «ауыстырады». Сонымен бірге бұл жерде адам теңіз бен құрылықты 
айыра алмайтын күйге түседі.
Сұрақ: бұл қай материк?
Қандай үш мұхитты жүзіп өту керек?
Неліктен оңтүстік пен солтүстік бір уақытта орындарын ауыстырады? 
Неліктен бұл жерде теңіз бен құрылықты айырып алу қиындық туғызады? 
11-
тапсырма.
Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі 
теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі 
мемлекетті бөледі.
жәндіктер
өсімдіктер
құрттар
саңырауқұлақтар
микробтар
кішкентай
аңдар



Сұрақ: бұл қай бұғаз? 
Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұп-
жұбымен жазыңыздар. 
Екі мұхит –
Екі теңіз –
Екі материк –
Дүниенің екі бөлігі –
Екі түбек –
Екі мемлекет –
12-
тапсырма.
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың 
«ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын 
түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады? 
Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін 
есептеңіздер.
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді 
білесіздер, атап шығыңыздар. 
 
13-
тапсырма.
Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей 
ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын 
жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге 
етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын 
затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз
машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз 
терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі 
жертөлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып 
неғұрлым сенімді баспана табуға тырысыңыз.
Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған 
қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады. 
Сұрақтар:
1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып 
табылады? 
2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты? 
3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер? 
4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады? 
5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың 
маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін 
атаңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет