22
1. Митоздық ұршық қашан пайда болады?
2. Қандай фазада ядро қабықшасы жойылады?
3. Анафазада пияз жасушасынды қанша хроматидтер болады?
3-ші тапсырма
1. Цитоплазма қай кезде бөлініп екі жаңа құрылған жасушаларға беріледі?
2. Центромердің бөлінуінен кейін митоздың қандай фазасы басталады?
3. Қатты бидайдың ядросында қанша хромосома болады?
4-ші тапсырма
1. Митоздың
қандай
фазасында
хромосомалардың
құрылымдары
ширатылады?
2. Митоздың қандай фазасында ДНҚ молекуласының репликациясы
жүреді?
3. Хромосомалардың морфологиялық белгілерін қандай фазада анық
байқауға болады?
4. Митоздың қандай фазасында хроматидтер полюстерге жылжыйды?
1.3 Жасушаның жыныстық жолмен бөлінуі. Мейоз
Жұмыстың мақсаты: студенттерге жасушаның жыныстық жолмен
бөлінуін игерту, мейоз фазаларын түсіндіру
және мейоздың биологиялық
маңызын көрсету.
Жыныстық клеткалар мейоздық бөліну арқылы бөлінеді. 8-9-шы
суреттерде мейоздың жүруінің толық сызбасы көрсетілген.
Мейоз бірінен сон бірі кезектесіп келетін екі бөлінуден тұрады.
Нәтижесінде диплоидты (2п) хромосома жиынтығы бар сомалық клеткадан
гаплоидты (п) жыныс клеткасы - гамета түзеді. Мейоздық екі белінуді шартты
турде I мейоз, II мейоз немесе редукциялық және эквациялық деп атайды. Әр
мейоздық бөлінудің өзі митоздағы сияқты профаза, метофаза, анафаза, және
телофазалардан тұрады. Оларды ажырату үшін рим цифрымен I,
II деп
белгілейді. Хромосомалардың редупликациясы (екі еселенуі) мейоз I алдыңда
өтетін интерфаза кезеңінде жүзеге асады.
I профаза - бұл ең күрделі кезең болып саналады. Онын өзі бес этаптан
тұрады: лептонема, зигонема, пахинема, диплонема және диакинез.
Лептонема (жіңішке жіпшелер стадиясы) митоздың алғашкы профазасына
ұқсас келеді. Бұл кезде хромосома жіпшелері екі еселеніп жұптасады және
олардың шиыршықталуы әлі әлсіз болады.
Зигонема кезінде гомологты хромосомалардың ұксас бөлімдері бір-біріне
жақындасып, конъюгацияланады, соның негізінде биваленттер түзіледі.
23
Пахинема (жуан жіпшелер стадиясы)
кезінде хромосомалардың
конъюгациясы (қосылуы) аяқталып, ал олардың шиыршықталуы әрі қарай
жалғасады, нәтижесінде хромосомалар жуандап, тұрқы қысқарады.
8 сурет. Мейоздың жүруінің толық сызбасы
Пахинема сатысында
кроссинговер – гомологиялық хромосомалардың
гомологиялық бөліктерінің алмасулары жүреді (сурет 10).
Диплонемада биваленттер мен оларды құрайтын төрт хроматиданың
кұрылымы анық көрінеді. Бұл кезеңде гомологты хромосомалар бірін-бірі
итермелей бастайды, нәтижесінде хиазмалар деп аталатын "X"
тәрізді
фигуралар пайда болады. Ол биваленттегі гомологты хромосомалардың бір-
бірімен бөлік алмастыратындығын көрсетеді.
24
9 сурет. Мейоздық бөліну және оның сатылары
Диакинезде шиыршықталу күшейіп, хиазмалардың саны азаяды да,
биваленттер ядроның шетіне қарай орналасады. Бұл кезенде ядро кабығы
жойылып, сонымен профаза I аяқталады.
I профаза - бұл ең күрделі кезең болып саналады.
Оның өзі бес этаптан
тұрады: лептонема, зигонема, пахинема, диплонема және диакинез.
I метафаза. Мұнда ядролық мембрана мен ядрошық жойылады.
Биваленттер клетканың экватор жазықтығына жиналып, метафазалық
пластинка кұрайды. Хромосомалар бұл кезде толық шиыршықталып бітеді де,
тұрқы қысқарып жуандайды.
25
1 - бір реттік кроссинговер; 2 – екі хроматидтер арасындағы екі рет болған кроссинговер; 3 –
төрт хроматидтер арасындағы екі реттік кроссинговер; 4−5 – үш хроматидтер арасындағы
екі реттік кроссинговер; А, Б, В – доминантты гендер; а, б, в – рецессивті гендер.
10 сурет. Пахинемадағы әртүрлі типті кроссинговерлердің сызбалық түрілері
I анафазада хромосомалар қарама-карсы полюстерге ажырайды. Мейоздың
I анафазасының митоздық анафазадан айырмашылығы
- полюстерге бір
центромераға бекіген, екі хромотидадан тұратын хромосомалар ажырайды.
I-ші телофазада ядроның мембранасы мен оның құрылымы кайтадан
калпына келеді. Қысқа мерзімді интеркинезден сон, екінші мейоздық бөліну
басталады. Кәдімгі интерфазадан интеркинездің айырмашылығы хромосомалар
екі еселенбейді.
ІІ-ші профазада хромосомалар анық көрінеді.
Бұл кезде олар көбінесе
кресті фигуралар тұрінде болады. ІІ-ші метафаза митоз тәріздес жүреді. Бұл
кезеңдегі
хромосомалардың
митоздағыдан
айырмашылығы
-
оның
шиыршықталу дәрежесі жоғары, сондықтан анығырак көрінеді.
26
II-ші анафазада
екі
еселенген
центромералардың
бір-бірінен
алшақтайтындығы байқалады, соның нәтижесінде жас хромотидалар әр
полюстерге ажырайды. II-ші телофазада төрт гаплоидты ядро түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: