187
Статистикада мүмкіндіктері бар жағдайлар тіпті кездеспейді. Демек, кестеда
көрсетілген 0,05 бағанасындағы
χ
2
-нің мәні мынаны көрсетеді,
салыстырмалы
шамалар арасындағы айырмашылық кездейсоқ жағдай емес. Яғни нөлдік
болжамды міндетті түрде қабылдамау керектігін көрсетеді.
0,01 мүмкіндігі де солай айтады, тек кестеда көрсетілген
χ
2
-нің
мәнінің
пайда болуы 100 ретте бір-ақ рет мүмкін болатындығын көрсетеді, егер
айырмашылық кездейсоқ болса, яғни бұл өте сирек. Сол себептен кестеде
көрсетілген
χ
2
мәнінде тең немесе үлкен
болғанда нөлдік болжам
қабылданбайды, яғни салыстырмалы шамалардың айырмашылығы кездейсоқ
болып саналмайды, ол заңды түрде болады. Басқа жағдайларда (
χ
2
кестедегіден
төмен болса) нөлдік болжам қабылданады. Яғни, айырмашылықты
кездейсоқтық деп санайды.
Сонымен, кестедегі қатарларды анықтайтын,
бос дәрежелі сандар нені
көрсетеді? Бос дәрежелі сандар дегеніміз - теориялық күтілген мөлшерге
тәуелсіз есептелінген сандар. Қарастырып отырған мысалымызда екі теориялық
күтілген мөлшер алынған (сұр және қара шыбындар саны). Дегенмен, егер сұр
шыбындардың санын есептесек онда қара шыбындардың саны өзінен-өзі
анықталады, ол сұр шыбындардың жиынтығына байланысты. Демек, тәуелсіз
есептелген
шамалар саны мұнда, бірге тең болып отыр. Бұл дегеніміз
бостандық дәрежесі.
χ
2
толық мағлұматты береді, егер таңдалған көлемдер 50 жоғары, ал
теориялық күтілген класстар жиілігі 5 кем болмауы қажет.
Кесте 2.4. Дрозофила шыбынының денесінің тұқым қуалауының сандық
талдаудың нәтижесі (моногибридтік будандастыру).
Достарыңызбен бөлісу: