Тапсырманың орындауы.
1. Тәжірибенің сызбасын салу (тақырып 2.3.2. 1-ші сызба) теориялық
жағынан күтілетін белгілердің ажырауларын білу.
2. Екі-үш виргиндік (ebony) ұрғашыларды алып жаңа дайындалған қоректік
ортасы бар пробиркға орналастыру, оған 3-5 vestigial аталықтарын қосу.
3. Будандастырудан 10 – 12 тәуліктен соң, пробиркада көптеген F
1
ұрпақтары пайда болады, оларды ұйықтатып толығымен талдауды жүргізу
қажет. Олардың барлығы, яғни тура және кері будандастыру ұрпақтарының
денесінің түсі сұр, қанаттарының дамулары қалыпты болып шығады. Алынған
сандық көрсеткіштерді 2.4.-ші кесте бойынша жазамыз.
4. Әр F
1
комбинациядан 2-3 ұрғашыларды және 5-6 аталықтарды таңдап
аламыз, оларды таза, ішінде қоректік ортасы бар пробиркаға салып, біраз
уақыттан (10-12 күн) соң F
2
будандарын аламыз. F
2
түрлі комбинацияларын алу
мақсатында әр студент 3-5 пробиркаға тәжірибе қояды.
5. F
2
будандарының жалпы көп шығуы 10-12 күндері байқалады. Оларды
эфиризаторға салып ұйықтатып, таза ақ шынының үсіне салып талдаймыз.
Ұқыпты қарап қалыпты қанатты және сұр денеліні санаймыз, одан соң қалыпты
қанатты және қара денеліні, дамымаған қанатты және сұр денелі, дамымаған
қанатты және қара денеліні есептейміз. Алынған нәтижелерді 2.6.-ші кестеге
жазамыз.
F 1 будандарын фенотиптері бойынша талдауда, олардың барлығы қалыпты
қанатты және сұр денелі болып шықты (Мендельдің І ші заңы). Осыдан
қорытынды: дамымаған қанат және қара дене рецессивті белгілер.
F 2 будандарының ажыраулары қандай болғанын есептеп табыңдар.
Кесте 2.6. Дрозофиланың ebony х vestigial дигибридті будастырудан
алынған нәтижелерді гибридологиялық талдау
Линиялар және
будандар
Алынған шыбындар
Ажыраулар
барл
ығы
соның ішінде
теори
ялық
күтілг
ен
нақты
алынды
Cantоn
S (Д-
32)
ebon
y
vestigi
al
ebony;
vestigia
l
♀ebony х ♂vestigial