Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет101/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
KAO-3-2020

қызғалдақты 
адырманы 
тізеден 
кешіп 
жүгіреді-ай 
дейсің 
(Сейдімбеков А. «Серпер»); Жанған кезде жұлдызың, Тіршілікте 
жіберген Қатең үшін күн ертең Қызармаса болғаны Қызғалдақ көңіл 
ұл-қызың (Молдағалиев Т. «Шақырады»); Қызғалдақ жердің сәні, 
жебейтін арман атын, Мен үзген гүлдің бәрі Бір саған арналатын 
(Шаханов М. «Балладалар»); Тұсын түрген үйлерде қыз-келіншек
Қызғалдақтай киініп отырады (Әзірбаев К. Таңд. шығ.). Майысқан бір 
қызғалдақтан жаралсам, Мен ешқашан кактус болып гүлдемен! 
(Мырзалиев Қ. «Мәңгі»). Киінген қызғалдақтай қыз, келіншек, 
Сапырса сары қымыз құлан ойнақ (Әзірбаев К. Таңд. шығ.).
Бүгінде қызғалдақ гүлінің Отаны Қазақстан екені анықталды. 
Қазақстанға жасаған ресми сапарында Нидерланды Ханшайымы 
Беатрикс былай деген еді: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны 
Азиямен, сондай-ақ, Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып 


331 
тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. 
Қазақстанның даласы мен тауларында жайқалып өсетін бұл гүл біздегі 
саудада ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі 
нидерландылықтарға барынша танылған экспорттық тауар ретінде 
бағаланады. Ол біздің ұлттық символымыз іспетті. Қызғалдақ – ең үлкен 
сыйлық. Сол үшін біз сіздің елге қарыздармыз. Қызғалдақ екі 
мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дәнекер ретінде 
жайнап өсе берсін!» [11, 1 б.]. Жоғарыдағы талдауларды қорыта келе, 
қызғалдақ атауының біздің әдебиетімізге де, мәдениетімізге де, тіпті 
салт-дәстүрімізге әсемдік пен сұлулықтың өлшемі ретінде сіңгенін 
байқаймыз.
Сұлулық туралы айтқанда, жоғарыда аталған гүлдердің қатарында 
міндетті түрде аталатын гүлдің бірі – жауқазын. Тілімізде жауқазын 
гүліне қатысты жауқазын гүлдей, аршыған жауқазындай (аппақ, 
кіршіксіз деген мағынада), жауқазын ғұмыр т.б. тілдік бірліктер 
кездеседі. Аршыған жауқазындай кіршіксіз ақ маңдайы, әжімсіз, жұп-
жұмыр мойны, үлбіреген торғын тамақ қыз ажарын онан әрі арайлап 
тұр, – дейді ол (Қанахин Ө. «Дәмелі»). 
Жаңа жарылған, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет