332
Адам өзін
қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстар мен
әрекеттерді,
олардың пайда болуы мен дамуын, ішкі-сыртқы
заңдылықтарын тығыз қарым-қатынас арқылы танып біледі, санасында
белгілейді. Дүниедегі бір құбылысты, екіншісіне теңеу арқылы танудың
басқа танулардан айырмашылығы алынып отырған нысанға көркемдік
көзімен қарауында. Қыз баланың мөлдіреген әдемі көздерін
қарақатпен
салыстырғанда: мөп-мөлдір тұнық көз –
жаңбыр шайған қарақаттай,
тұңғиық, ал, азырақ мұң тұнған тұнық көзді –
тұнжыраған
қарақаттай, ерекше сүйкімді, қара көзді –
көздері қарақаттай деп
көркемдейді [6].
Қадалып қарақат көз күлім қақты, Қара жас түйдек-
түйдек ұшып жатты – деп Әлішер Науаи оны арудың күлімдеген
көзіне теңейді.
Ұлттық
танымды
беретін
тілдік
бірліктер
ұлттық
психологиямыздың негізі болатын ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің
тілдік көрінісі
әдеби шығармаларда метафора, мақал-мәтелдер,
фразеологиялық тіркестер арқылы жиі беріледі.
Отыздан бірер жасы асып тұрмын, Азулы тісті жарып, басып
тұрмын. Қара қас, бадам қабақ, нәркес көзді, Таба алмай сондай
жанды жасып жүрмін (айтыс);
Ай маңдай, бадам қабақ, түзу мұрын,
Тартқандай сұлу дене күміс сымын.
Жібектей болған тұлымы
(Қалауова З. Таңд.) Бұндағы
бадамқабақ – сыртына шығыңқылау, дөңес
қабақ.
Бадам – жаңғақ жемісті өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: