115
беру. Мҧндай белгілер ретінде адам Сізден жасыруды қалайтын
эмоциялар белгілері әрекет етеді. Сонымен бірге, қатынасу
барысында интенционалдық емес сигналдарды уақытында
тіркепі, сауатты тҥсіне алуды ҥйрену маңызды.
Ақпарат жіберу арнасы. Ақпарат кодталғаннан кейін, ол
жіберушіге бір немесе бірнеше арна арқылы жіберіле алады: пошта,
телефон, телеграф, хат. «Арна» терминімен ақпараттың бір ойдан
екінші ойға «саяхат жасауына» мҥмкіндік беретін, хабарламаны
жіберушіден алушыға жіберу ҥшін пайдаланылатын бағдарды
белгілейді. «Коммуникациялық арна» - хабарламалар жіберушіден
алушыға қозғалатын нақты немесе ойдағы байланыс желісі. Ақпарат
желісі хабарлама қҧрушының дауыс аппараты және сигнал жіберу
іске асырылатын жағдайлар бола алады.
Осылайша тҥсіндірілетін арналарды келесі тҥрде бӛлуге болады:
■
табиғи — әр тҥрлі сезім мҥшелерінің қатысуымен
адамдардың тікелей ӛзара әрекеттесуі саласында туындайтын
арналар (кӛз – визуалды, есту – аудиалды, сезім –
кинестетикалық, иіс сезу – осмиялық, ольфакторлық, дәм —
дегустациялық, тері - тҥйсіну);
■
жасанды — техникалық арналар (телефон, телеграф
байланысы желілері, кӛлік артериялары, Интернет және
басқалар).
Ҧйымда қатынасудың негізгі арналарына: хат, телефон, факс,
электрондық пошта, афиша, брошюра, жарнама, видео және
басқалар жатады. Жіберу арнасын таңдау кӛбінде кодтау әдісіне
байланысты. Ауызша ақпарат телефон арқылы, кездесу кезінде,
видеожазба арқылы жіберіле алады, алайда, осы мақсатта пошта,
факс немесе шабарман пайдаланыла алмайды.
Коммуникациялық ҥдерісте хабарламаларды кодтау тәсілін де
(мысалы: сӛздер, суреттер, әріптер, дыбыстық сигналдар, дене
қимылдары және басқалар), кодтаудың техникалық қҧралдарының
ӛздерін де сипаттау ҥшін (жазу машинасы, баспа білдегі, дара
компьютер және т.б.) пайдаланылады. Заманауи тәжірибеде
хабарламалар кӛптеген басқа дәстҥрлі емес тәсілдермен ҧсыныла
алады – бейнелермен, дыбыстармен, белгілі тҥстегі гҥл
шоқтарымен, тіпті иістермен.
Достарыңызбен бөлісу: |