118 Кері байланыс бағалаушы және бағалаусыз болуы мҥмкін.
Бағалаушы кері байланыс – сӛз мәніне қатысты ӛз пікірін,
ойын, позициясын, кӛзқарасын хабарлау. Бағалар оң немесе теріс
болуы мҥмкін. Позитивті кері байланыс қатынасу ҥшін маңызды
серіктес позициялары мен қалыптасқан қатынастарды қолдау
функциясын орындайды. Негативті бағалаушы кері байланыс әдетте қылықтардың жағымсыз акцияларын жоюға және
позицияларды, кӛзқарастарды, қатынастарды ӛзгертуге бағытталған
тҥзету функциясын атқарады.
АҚПАРАТТЫ БҦРМАЛАЙТЫН КЕДЕРГІЛЕР Ақпаратты жіберу тазалығын тӛмендететін және хабарламаның
ӛзін бҧрмалайтын кӛптеген факторлар бар. Мҧндай факторларды
мамандар коммуникативтік кедергілер немесе шу деп атайды.
Оларға әдетте телефонды және радиожҥйелердің техникалық
сипаттамалары, шетел тілін және жазба сӛз дағдыларын игеру
дәрежесі жатады.
Ақпарат таратудың сӛйлеу арналарына қатысты бҧрмалаулар
келесі себептермен туындауы мҥмкін:
■
лингвистикалық (сӛзді
дҧрыс
қҧрастырмау
немесе
хабарламаның тым кҥрделі болуына байланысты);
■
акустикалық-айту (сӛйлеу және есту ақаулары, дикцияның
таза болмауы, тым жоғары немесе тым тӛмен дауыс тембрі,
орынсыз ырғақ);
■
экстралингвистикалық —
хабарламаның
бейтаныс
сигналдармен асыра жҥктелуі (жағымсыз фонетикалық
сипаттамалар - назализациялармен).
Әсіресе кӛзге кӛрінетіні және қосымша маңызды ақпаратты
кӛрсететіні – конгруэнттық емес, яғни, сӛздердің мәндік
мазмҧнының вербалды емес сигналдармен сәйкес келмеуі.
Содан кейін, кез келген коммуникативтік акт белгілі кеңістікті-
уақытты координаталар аясында іске асырылатынын атап кеткен
жӛн. Базалық терминдер санына сондай-ақ, коммуникативтік кеңістік – ӛзара әрекеттесу барысында туындайтын әр тҥрлі
коммуникативтік байланыстар жҥйесі (адамдар, адамдар топтары,
әлеуметтік институттар) және коммуникативтік уақыт –
коммуникативтік актілер ҧзақтылығы мен реттілігі тәрізділер де
жатқызылады.