124 ■
Шетелдік сӛздерді асыра пайдалану;
■
Серіктесті толық ақпараттандырмау;
■
Ақпараття баяндаудың жылдам қарқыны;
■
Қабылдаудың әр тҥрлі арналарын елемеу;
■
Сӛздермен сәйкес келмейтін, орынсыз дене тілі.
Семантикалық кедергі (гр. semantikos— белгілеуші). Ол сӛздің
мағынасына байланысты мағыналық кедергі. Мҧндай кедергілер
әрқашан болады, себебі адам естіген ақпаратты диктофонның
дәлділігімен тіркемейді, қабылданғанды жеке тәжірибесі, білімі,
ӛмірлік қҧндылықтары, қажеттіліктері, сӛз қоры және т.б. арқылы
ӛткізеді. Адамдардың жеке айырмашылықтары жиі ортақ тіл табыса
алмау себебі болады, себебі әрбіреудің ӛз бастапқы позициясы бар.
Бҧл кедергінің болуы тіл сӛздерінің кӛп мағыналылығымен
анықталады. Кез келген сӛз әдетте бірнеше мәнге ие және
пайдалану мәнмәтінінен тәуелсіз, бірнеше мағынаға ие болуы
мҥмкін. Мысалы, «шығындар», «пайдалар» ҧғымдарының ақылы
қызметтерды ҧйымдастырумен айналысатын адамдар ҥшін мәні бар,
бірақ олардың оқытушы ҥшін мәні болуы шамалы. Одан басқа, жиі
пайда болатын ӛзара тҥсіністік елесі сҧхбаттастардың бір белгілерді
(оның ішінде сӛздерді), алайда, әр тҥрлі заттарды белгілеу ҥшін
пайдаланатынына байланысты, мысалы: «команда» сӛзі – бҧл
бҧйрық та, спорттық топ та, ҧйымдағы ниеттестер тобы да.
Демек, әр тҥрлі адамдар ҥшін сӛздер әрқашан бір нәрсені
білдірмейтіндіктен, сӛйлеп тҧрған адам тыңдаушының тҥсінуіне қол
жетпеуі де мҥмкін. Ол әсіресе сӛйлескенде жаргондарды
пайдаланған кезде жақсы байқалады. Ғылыми, кәсіби, студенттік,
жасӛспірімдік және басқа жаргондар бар (мысалы, сленгтер,
кинофильм немесе анекдоттан сӛздер және басқалар).
Ойын айтпас бҧрын, адам алдымен оны ішкі сӛзге «қаптайды»,
содан кейін оны дауыстап айтады. Сӛз сарынында сӛздерді ерекше
белгілеп, тыңдап тҧрған адам олардың мәнін ашады және осылайша
нақты жағдайдағы хабарлама мағынасын тҥсінуге тырысады. Бҧл
сӛздерді тҥсіну оның кодын ажыратудың қарапайым операциясы
болып кӛрінеді. Тҥсініспеушілік жалған сенімді кҥшейтіп,
серіктестің контрреакциясын тудыруы, ақпаратты бҧрмалауы
мҥмкін. Қатынасу ҥдерісін бағалаудағы әдеттегі қате келесідей:
«Мен айтуды қалағанымды айттым, ол менің айтқанымды тҥсінді».
Бҧл елес. Шын мәнінде сҧхбаттас барлығын «ӛзгеше», «ӛзіндік»
тҥсінеді.
Семантикалық (сӛздер ҥшін) және лингвистикалық, яғни,
мағыналық кедергілер аталғандардан басқа, ӛзге себептермен де
туындауы мҥмкін. Ең алдымен, ол серіктестердің бірінің шектелген
және басқасының бай сӛз қоры, сҧхбаттастардың лингвистикалық