Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет92/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

Команда — ӛзара әрекеттесетін және ортақ мақсаттарға жету ҥшін 
жҧмысын ҥйлестіретін, екі және одан кӛп адамнан тҧратын топ. 
Жҧмыс командасы (workteam) барлық мҥшелерінің ҥйлесімді 
әрекеттерінің есебінен жағымды синергизмді қамтамасыз етеді. 
Команда қҧру – барысында жҧмыс командасының мықты жақтары 
мен оны жетілдіру перспективалары бағаланатын, содан кейін 
команда тиімділігін нығайту бойынша әрекеттер командасы 
әзірленіп, іске асырылатын, бастапқы ақпарат негізінде іске 


98
 
асырылатын араласу немесе интервенция.
Команда тек оның дамуының әр тҥрлі сатыларында, 
басталуынан бастап, қатысушылардың ӛзара әрекеттесуі барысында 
және одан кейін, команда жҧмысының барлық кезеңдерінде әр тҥрлі 
рӛлде әрекет ете алатын кӛшбасшы менеджермен ғана шынымен 
табысты бола алады. Команданы тиімді басқару ҥшін кӛшбасшы 
менеджерге интерактивті құзыреттіліктер қажет. Ол рӛлдерді 
басқаруға, команда мҥшелерінің ӛзара әрекеттесуінің стратегиялары 
мен тактикаларына, жеке және топтық қатынасу стильдеріне 
байланысты ептіліктер мен дағдылар. Олар келесі ептіліктерді 
қамтиды:
■ 
Серіктестерді анықтау және бағалау (олардың мақсаттары мен 
уәждерін, ақпаратты қабылдау мен тҥсіну деңгейін, жетекшілікті); 
■ 
Командалық қатынаста рӛлдерді дҧрыс бӛлу және ӛзара 
әрекеттесудің тиімді стратегияларын таңдау; 
■ 
Команда ішіндегі қатысушылардың жеке және топтық 
интеллектуалдық қызметін басқару; 
■ 
Топ мҥшелерінің сенсорлық арналарын анықтау және оларды 
қолжетімділіктің вербалды және вербалды емес кілттері арқылы 
тиімді пайдалану; 
■ 
Даулы жағдайларды шешу, пікірлер шиеленістерін жою, 
командада жағымды климат тудыру; 
■ 
Топтық және топаралық пікірталас жҥргізу, қорытынды жасау, 
ҧжымдық нәтижелерді қалыптастыру; 
■ 
Фасилитатор мен модератор рӛлдерін орындай отырып, топтық 
жҧмыста ӛзара әрекеттесу, қызметтің жоғары нәтижесіне жету. 
Әлеуметтік бірлік ретінде «командалық жҧмыс» «топтық 
жҧмысты» дәстҥрлі ҧғынудан ерекшеленеді және бір қатар 
артықшылықтарға ие. Команда:
■ 
Қызметтің жиынтық нәтижесіне кӛзделген, ал жҧмыс тобы 
кӛбінесе қатысушыларының қызметке жеке ҥлесіне сҥйенеді; 
■ 
Топ мҥшелеріне белгілі психологиялық артықшылық береді: 
қауіпсіздік, жеңілдік сезімі, ӛз жетістіктері ҥшін мақтаныш, 
мойындау; 
■ 
Топқа қарағанда тәуекелге кӛбірек бейім; 
■ 
Кәсіби қызметінде, әлеуметтік оқытуда және қатысушыларын 
тәрбиелеуде айтарлықтай басымдықтарға ие. 
Топтық міндеттерді шешу тәжірибесінде іскерлік ӛзара 
әрекеттесу тҥрлері әдетте оның кооперация және бәсекелестік 
тәрізді тҥрлерінде іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет