Динаева б. Б., Сапина с. М


мәселесін анықтап алыңыз. ✓



Pdf көрінісі
бет15/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   119
мәселесін анықтап алыңыз.

о
2.1 Зерттеудің басты мәселесі
Зерттеудің басты 
мәселесін 
анықтау көп адам 
үшін ешқандай қиындық тудырмайтындай көрінеді. Жас 
зерттеушілер зерттеудің басты мәселесін тақырыптың 
өзектілігі 
ұғымымен 
байланыстырады. 
Тақырыптың 
өзектілігін 
бүгінгі 
күннің 
сұранысымен, 
адамдардың 
көпшілігі үшін қызықтығымен, бұрын зерттелмегендігімен
20


// аз зерттелгендігімен т.с.с. байланысты жалпы сөздермен, ортақ 
фразалармен, бәрімізге таныс бірсарынды пікірлермен түсіндіреді. 
Айталық, сіз Қазақстандағы тұрмысы төмен отбасылар тақырыбында 
зерттеу жұмысын жазғыңыз келеді. Сіз бірден нарықтық қатынастардың 
дамуымен, қоғамда жұмыссыздықтың көбеюімен емір сүру деңгейі 
темен отбасылар пайда болғанын, оларға берілетін жәрдемақының 
мардымсыздығын жаза бастайсыз. Сіздің ойыңызша, мәселе езекті, 
себебі, біріншіден, бүгінгі күннің проблемасы, екіншіден, бұл мәселе 
бұрын аз зерттелгендіктен, өте қажетті болып табылады.
Бұл пайымдауда ешқандай зерттеу мәселесі жоқ, себебі елде тұрмысы 
темен отбасылар проблемасы бар екендігі бәрімізге белгілі, ол туралы 
теледидардан керіп, газеттен оқуға болады. Бұлжердегі зерттеу мәселесі 
қандай деген сұрақ туындайды. Кедейлер мәселесі, жұмыссыздық, 
мемлекеттік тілді қолданудың бүгінгі жай-күйі, жетім балалар, жастарды 
тұрғын үймен қамту т.с.с. сұрақтар зерттеу мәселесі бола алмайды.
Әңгіме сіздің зерттеу пәнін зерттеу нысанымен (объектісімен) 
алмастырып алуыңызда болып отыр. Нені зерттегіңіз келетіндігі (мысалы, 
жұмыссыздық немесе кедейлік) зерттеудің нысаны деп аталады. Ап, кем 
дегенде, талқылауға ұсынғыңыз келетін, қойғыңыз, кетергіңіз келетін, 
мүмкін болса, шешкіңіз келетін немесе шешу жолдарын ұсынғыңыз 
келетін ерекше мәселені көрсету зерттеудің пәні деп аталады.
Мысалы, жұмыссыздар, жас отбасылар тақырыбын 
зерттеудің 
«езектілігін» айта отырып, сіз бір нәрсе жасау керектігін, яғни оларға 
кемектесу, әлеуметтік қолдаудың қандай да бір шараларын жүргізу 
қажеттігін жазасыз, ал оның орнына бұған дейін белгісіз болып келген 
немесе күнделікті, қарапайым көзқарастарға қайшы келетін нәрселерді 
түсінуге, ашуға тырысқаныңыз дұрыс.
Жалпы зерттеу мәселесін әлеуметтік мәселелерден нақты ажыратып 
қарау керек. Әлеуметтік мәселесіз зерттеулер жүргізіле беруі мүмкін, 
бірақ зерттеу мәселесі болмаса, ғылыми еңбектің мәні де, мағынасы да 
жоғалады.
Зерттеу мәселесін басқа біреу (оқытушы немесе ғылыми жетекші) 
анықтап береді деп күтудің қажеті жоқ. Бұл - таза авторлық, тек қана 
сіздің жеке басыңыздың міндеті. Осы айтылғандар, әсіресе, әлеуметтік 
ғылымдар үшін өте маңызды, өйткені сіздің азаматтық және құндылық 
ұстанымдарыңыз тақырып таңцау кезінде маңызды рөл атқарады, 
сондықтан неліктен осы мәселені (жұмыссыздық, жас отбасылар) таңдап 
отырғаныңызды, ең бірінші, өзіңізге түсіндіргеніңіз дұрыс. Сіз өзіңіз жас 
отбасысыз немесе жұмыссызсыз ба немесе болашақта осы мәселемен 
кездесемін деп қорқасыз ба не туыстарыңыз бен достарыңыз арасында 
осы мәселе бар болғандықтан, оны талдағыңыз келе ме? Ең бастысы, 
неліктен бұл мәселе басқалар үшін қызықты болуы мүмкін? Осы 
сұрақтарға жауап іздеу керек.
21




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет