заразителен – жаман əдет жұққыш келеді; утопающий
хватается за соломинку – суға кеткен тал қармайды;
что посеешь, то и пожнешь – не ексең, соны орасың
поспешишь – людей насмешишь – асыққан қалар
ұятқа деген сияқты мақал-мəтелдер. Екіншісі – түрі
тура келмегенмен, мағынасы дөп шығып жататын мақал-
мəтелдер. Мысалы: кошку бьют, невестке наветки
дают – қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда; куда ни
кинь – все клин – жапалақты таспен ұрсаң да, тасты
жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі; провалиться в
тартарары – жер жұту т.б.
Сағындықовтың пайымдаулары, ғылыми дəлелдері
осы тəрізді. Аудармашылар жəне аударма теориясымен
шұғылданушылар мұнда айтылған пікірлермен жете
таныс болуы тиіс. Өйткені аударманың қиын проб-
лемаларының бірі – тұрақты тіркестердің тілден-тілге
берілудегі табиғатын зерттеп, тұңғыш ой толғағандар
көп емес. Бұл тəрізді күрделі мəселенің шешімі қалай
табылатыны осы еңбекте аз да болса баян етіледі.
Біз осы тараудың басында мақал-мəтелдер аудармасын
тексерген біраз зерттеушіні атап өткен едік. Солардың
бірі белгілі ғалым Ғылым академиясының академигі
М.Қ. Қаратаев болатын. Жалпы Қазақстан бойынша
аударма мəселелері жөнінде келелі ой толғап, кесек
пікір айтқан кісі көп емес. Осы деңгейден қарасақ,
М.Қаратаевтың көркем аударма проблемаларына
байланысты жазған сын-зерттеу мақалалары алдымен
көзге түседі. Республикамызда көркем аударманың
маңызын, мəнін, оның ерекшеліктерін жете түсініп,
сауатты, салиқалы пікір айтушының бірі де М. Қаратаев.
Аударманың əртүрлі мəселелеріне арналып жазылған
еңбектерді түгел талдап жатпай-ақ, біз бұл жолы
91
ғалымның тұрақты тіркестер төңірегінде айтқан ойла-
рын қарастырамыз.
Проф. Қаратаев «Тынық Донның» қазақшаға ауда-
рылуы жəне көркем аударманың кейбір мəселе-
лері» [55] деген мақаласында тіл проблемасының,
соның ішінде «орыс тілінде де бар, бейтарап идиома»
деп аталатындардың қалай шешілгенін сөз етеді. Автор
тұрақты тіркестер түрін талдап жатпайды. Термин
қолдану жағынан ауытқитын жерлері де бар. Жалпы
идиом атаулының екі түрін бөліп алып, солардың
аударылғыштық қасиетін тексереді. Бейтарап идиомдар
жəне «ұлттың өз бояуы, ерекшелігі бар идиомдар».
Зерттеушінің пікірі бойынша, бұлардың алғашқыларын
«дəлме-дəл, тіпті сөзбе-сөз дерліктей етіп аударуға
мүмкіндік бар», мысалы: «И волки сыты, и овцы целы –
қасқыр да тоқ, қой да аман. Чем богаты, тем и рады –
барымен базар деген сияқтылар. Ал ұлттық ерекшелігі
бар идиомдарды дəл бұлай аударуға болмайды. Сөзбе-
сөз аударғанда түпнұсқа мағынасын беру мүмкін емес.
Өз пікірлерін өзге ел ғалымдарының пікірлерімен
тиянақтайды. Мəселен, əзірбайжан ғалымы Д.Азимов-
тың да осыны қолдайтынын айтады. Мұндай идиом-
дарды аударуға болмайтындықтан, олардың тек
қана баламасын іздестіру қажет деп біледі. Ондай
баламалардың түрлері мынадай: мать ее курица – ой
енесі байтал, чума его знает– қырғын тигірді кім білсін,
туда и дорога – барсын барар жеріне, земля пухом –
топырағы торқа болсын, царство ему небесное – жаны
жəннəтте болғыр, аж чорт их хмылем візьме – қағар
олардың сайтанын, туды же его в перемет – қара басқыр
антұрған, наведут ухлат – сазайларын тарттырар, а
какой мерой меряете, тою и воздается – кісіге не істесең,
алдыңа сол келер т.б.
Аударма кезінде ауыз əдебиетінің сөз орамдары да
творчестволықпен пайдалануға болатыны əңгімеленеді.
92
Мəселен, алабұға, ақ қайран, қармағыма қап қайран –
ловись, ловись рыбка, большая и малая – дегеннің
мағынасын шынында да тамаша береді. Мынау аталған
балықтарды түпнұсқадан іздеп əлек болғандарды
сынайды.
Ал орыс тіліндегі идиомдарға сай балама қазақ тілінен
табылмайтын жағдайда «Тынық Донды» аударушылар
жаңа идиомдар мен мақалдар құрастыруға тырысқан.
М. Қаратаев идиомдар проблемасын арнайы зерттеме-
ген. Оны тек аударма проблемаларының бірі ретінде
жол-жөнекей сөз етеді. Бұл түсінікті де. Аудармада
жазушының көркем бейнелеуіш құралдары қозғалмай
тұрмайды. Сол себептен идиома аударма талдамасының
логикалық жалғасы ретінде азғана тексерілсе де, ойға
азық тастайды. Жоғарыда Сағындықов халықтар мақал-
мəтелдерінің кейбірі неге біріне-бірі сай келеді деген
мəселеге тереңдемейді деген болатынбыз. Осы мəселенің
сырына аз да болса М.Қаратаев үңіліп, толғамды
пайымдаулардың басын бастаған тəрізді. Ол: «Барлық
халықтардың, соның ішінде орыс халқы мен қазақ
халқының да ауыз əдебиетінде пікірлер образдарына,
суреттеудің поэтикалық құралдарына, халықтардың сан
ғасырлар бойғы тəжірибесін, даналығын бейнелейтін
мақалдар мен мəтелдерде бəріне ортақ, ұқсас, туыс
жəйттер көп»,– дейді. Бұдан біздің байқайтынымыз
М.Қаратаев идиомдарды мүлде аударылмайтын кате-
горияға жатқызбайды. Оларды бір тілден екінші
тілге аударуға əбден болатынын «Тынық Донның»
қазақша аудармасын тексеру арқылы дəлелдейді. Жəне
аударманың əрқилы тəсілдерін көрсетеді. Халықтардың
тарихына тереңірек үңілсек, көптеген көрші елдің
тіршілігі, болмысы, кəсібі ұқсас болғанын байқаймыз.
Ұқсас тірлік, ортақ кəсіп əр тілде түрлі асыл ұғымдарды,
93
нақыл сөздерді дүниеге келтірген. Бұдан халықтар ой-
пікірінің тең, деңгейлес екенін, қай-қайсысының болса
да тілге шешен, ойға жүйрік екенін білеміз. Олай болса,
қай халық жасаған ұғым болмасын, оларды бірінен-
біріне аударуға əбден болады деген ой туындайды.
Көрші туысқан халықтарға қарағанда, бізде аударма
мəселесінің зерттелу жайы онша мақтарлық емес. Ал
оның жекелеген проблемаларына келгенде жағдай мүлде
төмен болатын. Мəселен, осы біз объект етіп отырған
көркем əдебиеттегі тұрақты тіркестердің екінші тілде
берілу жайы арнайы тексерілмеген сала. Көрші отырған
туыс халықтарда аударма проблемаларын сала-салаға
бөліп, жан-жақты терең талдауға кіріскенін жоғарыда
жасалған сілтемелерден байқайсыздар. Əрине біз бұл
салада арнайы еңбек жазып, өзінің күллі өмірін аударма
теориясын жасауға бағыштаған ғалымдардың ісін
жоққа шығара алмаймыз. Алайда бірді-екілі еңбекпен
ғылым жасалмайтыны да белгілі. Жоспарлы түрде
жұмыла кірісіп, аударманың бар тармағын тарамдап
талдағанда ғана, ғылыми ой-пікірлер дамып, ғылыми
айтыс туғанда ғана ғылым болмақ.
Кейінгі жылдары біздің республикамызда да
аударманың жеке салаларына арналған еңбектер, бірен-
саран болса да бой көрсете бастады. Солардың ішінен
біздің тақырыбымызға тікелей қатыстысы жазушы
Мұзафар Əлімбаевтың 1967 жылы басылып шыққан
«Өрнекті сөз – ортақ қазына» деп аталатын кітабы.
Бұл кітап ақынның көптен ізденіп, жинақтап жүрген
еңбегінің нəтижесі. Кітап мақал-мəтелдердің көркем
құрал ретіндегі рөлі жəне оларды аударудың жолдарын
қарастырады. Автор көптен практикалық жұмыстармен
де шұғылданып жүр. Ол көптеген халықтың мақал-
мəтелдерін аударып, баспадан шығарған. Сөйтіп өзге
94
ұлттың талай айшықты сөзін халқымыздың ортақ
қазынасына айналдырған. Еңбекті түгел талдап жату-
дың бізге қажеті жоқ. Сондықтан «Аударма ағайын-
дастырады» деген біздің ізденісімізге септігі тие ме деген
бесінші тарауға ғана кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.
Алдымен автордың аударма жөніндегі түсінігіне зер са-
лайық. Өйткені негізгі пікірлерге жол ашу үшін бұл өте
қажет. Автор аударманың негізгі міндеті түпнұсқаның
эмоциялық жəне эстетикалық ерекшеліктерін екінші
тілде түгел мүсіндеу деп ұғады. Өз сөзімен айтсақ: «Өзге
тіл табиғатында қызара бөртіп, қызу қанын сыртқа тепкен
өмір тіршілігін өшіріп алмай, тынысын тарылтпай,
тамыр соғысын бəсеңдетпей, өз ана тілінің табиғатына
аялап əкелу – көркем аударма дегеніміз міне осы!»
Яғни оның өзге жұрттан келгендігін оқушы аңда-
масын... Біз автордың «түпнұсқаның ыстығын суытып
алмай, суығын қыздырып жібермей, өз температурасын
сақтап аудару – басты талаптың бірі» дегеніне əбден
қосыламыз. Бірақ оны оқушыға байқатқысы келмей,
мүлде қазақыландырып жіберу ниетін жақтайтын
тұстарын дұрыс дей алмаймыз. Өйткені аударма
екені сезілмесе, оның несі аударма. Ол ана тіліміздің
топырағында туған төл туынды болады да шығады.
Аударманың күллі қасиетінің өзі оның аударма екені
білініп тұруында, яғни оқып отырған нəрсеңізге сүйсінер
болсаңыз оның аударма екеніне, тамаша аударма екеніне
сүйсінуіңіз хақ. Аударманың қасиеті сонда байқалмақ.
Автор мақал-мəтелдердің аудармасы жайында өте
қызғылықты пайымдаулар түзген. Мұнда ең алдымен
ажыратып алатын нəрсе, Əлімбаев белгілі бір көркем
шығармаларда қолданылған нақыл сөздерді емес,
əр халықта жеке-дара күйінде əжетке жарап жүрген
мақал-мəтелдерді аудару мəселесін əңгімелейді. Мұның
95
шынында өзгешелігі бар. Көркем шығармалардағы
нақыл сөздерді аудару үшін, сонда баяндалатын
оқиғаларды ескеру қажет. Ал əлі қолданысқа түспей,
жеке күйде тұрған мақал-мəтелдің сыры басқашарақ.
Мұндағы сан түрлі астарлы ойды мақал-мəтелдің өз
бойынан табуға, танып ашуға тура келеді. Əлімбаевтың
аудармашы жəне зерттеуші ретіндегі басқалардан
өзгешелігі осынысында. Бұл процесс кезіндегі еңбектің
ауыр-жеңілдігін ол былай түсіндіреді: «жеңілдігі – қол
байлайтын контекске жалтақтағаным жоқ, ауырлығы –
əр мақалдың дербес универсалдығын сақтау керек
болды» [56].
Нақыл сөздерді аударуда ескеретін басты нəрсе –
ондағы ұлттық сипат жайы, əр халықтың өз мəнері
болса керек. М.Əлімбаев та бұл мəселені ескермей кете
алмаған. Міне, осы ерекшеліктерді сақтауды ол жөн деп
есептейді. Суармалы егісті, бау-бақшалы елдерде туған
жəне таулы-тасты, теңіз аймақтарында, орман-тоғайлы
өлкелерде өрбіген көптеген мақал-мəтелдерді аудар-
ғанда ұлттық өрнектерді əсте ұмытпау дұрыс. Сонда
тіліміз бен əдебиетіміз жаңа мақалдармен байып қана
қоймай, оның көркемдік өрнектері сұлулана түспек деп
ақиқат тұжырым жасалады.
Автордың байқауынша, мақал-мəтелдерде ұлттық
оқшау бояулардан гөрі, барша халықтарға ортақ
интернационалдық сипаттағы нақылдар басым көрінеді.
Шынында да солай. Бұл да жоғарыда ескерткеніміздей
халықтар тұрмысының, болмысының өте ұқсас екенін,
соған орай олардың ақыл, ойлау, сезім дүниелерінің де
бара-бар келетінін танытатын фактор.
Бұл жерде автормен аздап түсінісіп алатын да
мəселе бар. Ол мақал-мəтелдердегі ұлттық өрнектерді
əңгімелейді дедік. Жалпы аударма мəселесінде, қала
96
берді мақал-мəтелдерді аудару кезіндегі ең қиын да
күрделі процестің бірі осы ұлттық ерекшеліктерді
қалай беруге байланысты болса керек. Мұның қиын
мəселе екенін автордың қашқақтауынан да аңғарамыз.
Ол сол ұлттың өрнек дегендерді аударудың жолдарын
мүлде сөз етпейді. Оны сипай өтіп, «мұндай асыл
сөздерді аударғанда сыртқы бояу – ұлттық нышан
іздеп, түртініп, қарайламай, ойдың тереңдігіне, өрнекті
сөз бедеріне баса көңіл бөл», – дейді. Біріншіден,
ұлттық нышан дегенді «сыртқы бояу» деп қарау қате
тұжырымға апаратын сияқты. Ұлттық өрнек деген
халықтың қанына, сүйегіне сіңген асыл қасиеттерден
туатын, болмыспен, тірлік дүниесімен біте қайнасқан
біртұтас нəрсе. Мақал-мəтелдердегі өзге халықтар
мəдениетіне өң беріп, түрлендіруге септігін тигізер
ұлттық нышандарды интернационалдық сипаттағы
нақыл сөздерге карсы қоюдың қажеті шамалы.
Екіншіден, əрине кез-келген мақал-мəтелден ұлттық
нышан іздеп «түртінудің» орны жоқ, ал бар нəрсені
көрмеу тағы бекер. Үшіншіден, «ойдың тереңдігіне,
өрнекті сөз бедеріне баса көңіл бөлу» əбден керек нəрсе.
Ондай қасиет ұлттық сипаттағы мақал-мəтелдерде де
өте басым болатынын ескерген жөн.
Автор сəтті-сəтсіз аударылған көптеген мақал-
мəтелдерді қарастырып, біраз түйінді ойларға барған.
Сол түйіндердің қайсыбірін тереңірек талдауға тура
келеді. Бізде көп ретте негізгі мəселеге тікелей кіріспей
орағытып жүріп алатын əдет бар. Сондай əдеттен
кейде Əлімбаев та құтыла алмаған. Мəселен, аударған
адамның əдебиетші емес екенін алдын ала айтып,
оқушыны сендіруге тырысудың қаншалықты жөні бар.
Сондықтан, ең алдымен, ол шығарманы кім аударса
97
сол аударсын соны ғылыми байыптылықпен тексеріп,
негізгі қағидаларға сай дəлелді пікір таратқан абзал.
Аударма мəселесіндегі парасатты, мəдениетті сын
дегенімізге сонда ғана жақындай түсеміз.
«Аударма – мамандық емес, өнер» деген тұжырымда
автордың не айтқалы отырғанын əбден түсінеміз. Сонда
да болса бұл «қағидаға» кеңірек түсінік берген дұрыс.
Бұл мəселе төңірегінде көптеген білімпаздар əрқилы
пікір айтқан. Оның көпшілігі қызу айтысқа да ұласқан.
Олардың бəрін тізіп жатпай-ақ (əрине сол пікірлерді
еске ала отырып), өз ойымызды білдірейік. Аударманың
өнер екеніне дау жоқ. Сонымен бірге оның өнерге толы
айрықша мамандық екенін де мойындау қажет. Оны
сол өнерге дағдыланған, соны меңгерген білгір, маман
адамдар ғана игере алмақ. Оған маманданбай аударма
өнеріне ешкімнің тісі батпаса керек. Осыған қарағанда
өнер мен мамандық деген ұғымдарды жарыстырмай-ақ,
оларды бірімен-бірін байланыстыра зерттеп, аударма-
ның негізгі қасиеттері ретінде əңгімеленгені жөн тəрізді.
Зерттеуші осындай бірнеше түйінді ойларын өр-
біте келіп: «Əр халықтың айшықты сөздерінің кілтін
тапса, қазақшаға аударылмайтыны кемде-кем», – деп
қорытынды жасаған. Сол кілт қалай табылмақ десек
«гəп аудармашының білігі мен шеберлігінде» екен.
Ал мақал-мəтелдерді қалай аудару керек, оларды
аударудың жолдары қайсы дегенге келсек, автордың
ұстаған принциптерін былайша баяндауға болады. Ең
əуелі ол мақал-мəтелдерді поэтикалық тұрғыдан алып
қарастырған. Осыған сай оларды аударудың үш түрлі
жолын саралап көрсетеді. Яғни мақал-мəтел негізгі
ұйқастармен, ішкі ұйқастармен, ішкі үндестіктермен
аударылуы тиіс. Осының үшеуінде де автор өз
тəжірибесін жəне негізінен көркемдік кестені қалай
98
сақтағанын баяндайды. Аударма мəселесімен автордың
арнайы шұғылдануы ғылыми-зерттеу ісіне едəуір
пайдасын тигізген. Шынында да, мақал-мəтелдердің
аудармасын қарастырушы адамға автор көрсетіп отырған
өзгеше белгілерге мəн бермей өтуге болмайды. Бұлар
мақал-мəтелдің негізгі қасиеттері. Ендеше аударғанда
сол негізгі қасиеттердің табиғатына үңілу əбден қажет.
Зерттеуші бұл тұста мақал-мəтел жасайтын əсерлі
ықпалды да талдауға тырысады. Мəселен, аударма
творчестволық өнер болғандықтан, аудармашының
тебіреніссіз, сезімсіз, толғанусыз еш нəрсе бітіре
алмайтынын айтқанда еріксіз бас шұлғисыз. Шынында,
түйсіксіз еш тірлік бітпек емес. Ал мақал-мəтелді
аударғанда аудармашы өзгеше толғаныста болуы шарт.
Ондай толғануды мақал-мəтелдің өзі-ақ тудырады. Сол
себепті автордың: «Ақын өзінің төл туындысын жазарда
қалай толғанса, аудармашы да халық даналығын – мақал-
мəтелді, нақыл сөздерді өзге тілден ана тіліне аударарда
солай шиыршық атып, шын тебіренуі парыз»,–дегеніне
қосылуға болады. Өз тəжірибесінен туған мысалдармен
əлгі пікірлерін дəлелдеп отырады. Көптеген мақал-
мəтелдердің аудармасы өте ұтымды шыққан. Бұған
себеп автордың ақындық алғырлығына байланысты
ма дейміз. Ол ең алдымен қазақ мақал-мəтелдерінің
қазақ поэзиясының ең ақырында мейлінше бай ауыз
əдебиет үлгілерінен алуан түрлі жол тауып, талғаммен
пайдаланып отырған. «Күйе киімді жесе, күйік миыңды
жейді («моль одежду ест, печаль человека»), «солдат
бізбен қырынады, түтінге де жылынады» («солдаты
шилом бреются, солдаты дымом греются») деген мы-
салдар, əсіресе орыстың «Курица – не птица, лодырь –
не человек, болтун – не работник» деген мақалын
аударудың техникасын баяндау өте нанымды. Дəл солай
99
ұғынып, дəл солай аудару қажет сияқты: «Тауық – құс
емес, жалқау – кісі емес, бос сөз – іс емес».
Міне, осылай ұйқастарын аударғанда зерттеуші қазақ
өлеңінің өзіне тəн өлшеміне, табиғатына мейлінше
көңіл бөлген. Өзге халықтың көптеген мақал-мəтелдерін
осылай өлеңдік ұйқаспен əдемі аударуға болатынын
автор тікелей өз тəжірибесімен дəлелдеген.
М. Əлімбаевтың екінші бір көңіл қойған мəселесі
мақал-мəтелдердегі ішкі ұйқастың мəні. Бұл да нақыл
сөздердегі қажетті белгілерден саналады. Мақал-
мəтелдің мəнін, əсерлілігін айқындауда айрықша рөл
атқаратын да осы. Ішкі ұйқас поэтикалық аудармаға ғана
емес, көркем шығарманың барлық түріне тəн əрі аса
қажетті элемент.
Мұндай мақал-мəтелдер формасына қарай екі
түрлі ыңғайда болады. Соңғы сөздері ұйқаспен
келген мақалдарда жəне ұйқаспай жай сөйлем ретінде
келген мақалдарда да ішкі ұйқас берік сақталады.
Аудармашылардың мақал-мəтелдерді осындай форма-
сын сақтап беруге мүмкіндігі мол. Осы типтес
аудармалардың біразын қарап отырсақ, М.Əлімбаев
аудармашылар назар аударатын біраз мəселені шешкен.
Мəселен, бірнеше мысалды қарастырайық: «долг –
это проклятие» («қарыз дегенше, қарғыс де»), «ум не
от возраста, а от головы» («ақыл жас талғамайды, бас
талғайды») дегендер немесе əзірбайжан мақалын бы-
лай алуы: «сұрай-сұрай халықтан тау асарсың, сұрама-
саң жарықта адасарсың», «күйеусіз сайқал – жүгенсіз
байтал» т.б. қонымды. Бұларда мақалдың əрі аударма
екенін, əрі өзіміздің төл дүниеміздей шыққанын
байқаймыз.
«Аударылған дүниенің аударма екені мүлде білінбеуі
керек» деген тұжырымына автор осындай мысалдармен
өзі қарсы жауап береді.
100
Зерттеушінің бөліп айтқан үшінші мəселесіне біраз
анықтамалар берген абзал сияқты. Мұнда ұйқас, ішкі
ұйқас дегендерге үндестік деген сөзді термин ретінде
жегіп, белгілі бір бөлек ұғым есебінде қарсы қояды да,
жеке-дара қарастырады. Жалпы бұлардың бəрі де біріне-
бірі байланыспайтын жеке ұғымдар тобына жатпаса
керек. Өйткені сол саздылық, үндестік дегендеріңіз əлгі
айтқан ішкі ұйқас, ұйқастардың табиғатынан шығатын
нəрсе. Тіпті мысал үшін басқа кітапты ақтарсақ,
автордың дəл осы пікірін дəлелдеу ретінде берілген
мына бір мысалды қарайықшы:
Достарыңызбен бөлісу: |