117
шығуы ықтимал. Бірақ ұқсастығы болады. Мысалы,
«əлдеқайдан жаңғырық, білмей қалды аңырып»
(слышал
звон, да не знает, где он); «қорқынышты түс болса
да, рақымшыл құдай бар»
(страшен сон, да милостив
бог); «орманға
кірген сайын, отынға молығасың»
(чем
далъше в лес, тем больше дров); «шындық əрқашанда
жеңеді»
(правда всегда берет верх); «өткелін білмей, су
кешпе»
(не спросясь броду, не суйся в воду); «ауыр жүкке
жегілме, жегілсең – егілме»
(взялся за гуж –
не говори,
что не дюж) т.б. толып жатқан осы тектес аудармалардан
мысал тізуге болады. Қарап отырсаңыз бұл тəсілмен
берілген мақал-мəтелдер де тіліміздің байлығын мо-
лайтып, икемділігін арттыратынын көреміз. Мұндағы
өзгерістердің көбі аса көзге түсе қоймайды. Түпнұсқа
компоненттерінің қайсібірі аударылмаған. Бірақ олардың
айтпақ, білдірмек ойы басқа бейнелі сөзбен жеткізілген.
Кейбір сөздер ғана қалыпты қолданыстан шығып, жаңа
үйірге қосылғандықтан,
кейде ретсіздеу көрінуі де
мүмкін. Алайда бұл үрке қараудың əсері.
Тілдің негізгі функциясы қатынас құралы екенін
ұмытпасақ, ондай-ондай жаңа қолданыс, жаңа өріссіз
əдеби тіліміздің аясы кеңи алмайтыны мəлім. Ендеше тіл
мəдениеті, оның баюы, дамуы дегендеріңізге осы екінші
тəсіл əсері ерекше. Басқаша
формадағы жаңа мақал-
мəтелдердің тосындау көрінуі осындай себептерден.
Жаңа нəрсенің қалыпты ұғымға түсуі, сыюы қашан
да қиын. Олай болса аудармашының шеберлігі деген
мəселені де осы тұстан басымырақ іздестірген жөн.
Өйткені, орыс тілінде ерекше сөздер тобымен бейнеленген
мағынаны, екінші тілдегі басқаша бейнелі ұғым арқылы
беру жеңіл нəрсе емес. Бұл жерде аудармашыға қос
тілдің бүге-шігесін біліп қана қою аз, сол тілдердегі сөз
байлығының ішкі мүмкіндіктерін, дамымалы-үдемелі
118
қасиетін əр сөздің əлі аршылмаған бұқпантайлы мінезін
мейлінше сезімталдықпен мүлтіксіз
ұғатындай қабілет
керек. Мұндай қабілетті талант немесе дарын деп те
айтуға болар еді. Себебі əрбір істің, əрбір маманның
өзіне лайықты, өзіне жарасымды таланты болмақ. Сөйтіп
мақал-мəтелдерді аударудың бұл екінші тəсілі аударма
ісінде мақызды құбылыстың бірі деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: