картах всегда с козыря ходи» – «Фома Гордеев») үлгілер
де жетерлік.
Фразеологизмдердің грамматикалық, стилистикалық
жəне функционалдық өзгешелігі бар.
Ендеше М. Горький пайдаланған фразеологиялық
топтардың өзіндік ерекшеліктерін байқау қажет.
Фразеологизмдер көркем əдебиетте қашан да белгілі
бір сөйлем ішінде беріледі. Олай болса бұларды
сөйлеммен байланысты тексерген дұрыс. Кейде бұлар
өзара синоним болып та жұмсалады. Бірақ мұның сыры
əдеттегі синонимдерден басқаша. Фразеологияның
грамматикалық ерекшелігі дегенде осы қасиетін,
яғни сөйлемде белгілі бір грамматикалық формада,
белгілі бір сөз табын тілейтінін айтамыз. Сөйтіп ол
грамматикамен, əсіресе морфологиямен байланысты
екен. Ал лексикологиямен байланысты болатын
себебі, онда лексикалық сөздердің болатындығынан.
Фразеологизмдер белгілі бір сөйлем мүшелері ретінде
көрінетіндіктен синтаксиспен де тығыз байланыста.
Сөйлемнің бастауышы болса тəуелсіз, баяндауыш
не басқа тұрлаусыз мүшенің бірінде тұрса тəуелді
қалыпта жұмсалады. Фразеологиялық тіркестердің
грамматикалық заңдылықтары олардың стилистикалық
қызметін де танытады. Яғни бұл синтаксистік стилистика
элементі.
Бұдан біз фразеологизмдердің белгілі бір грамма-
тикалық формаға түсіп, қажетті стилистикалық қызмет
атқаратынын көреміз. Сөйлем – біздің қатынас құралы-
мыз, тілдің ерекше единицасы. Егер сол сөйлемдегі
кейбір сөздің, не жай тіркестің бірінің орнына фра-
132
зеологиялық тіркесті қолдансақ, сөзіміз басқаша сти-
листикалық өң-ажарға ие болатынын байқаймыз. Əлгі
сөйлеміміз бұрынғыдан гөрі экспрессивті-эмоционалды
кейіпке түседі, басқаша айтқанда, əсерлі əсем болмақ.
Бұлар сөйлемнің басқа мүшелерімен байланысқа
түскенде, əрқилы мінез танытады. Егер бастауыш
рөлінде тұрса, сол бастапқы дербес күйі сақталады, ал
сөйлемнің басқа мүшелерінің бірінде тұрса əбден кірі-
гіп кетеді. Сөйтіп олардың грамматикалық байланыс-
тары əртүрлі болып келеді.
М. Горький шығармаларынан байқалатын бір жайт,
ондағы фразеологизмдердің бəрі дерлік жоғарыда
айтылған əрқилы қызметте жұмсалатыны. Яғни олар
барлық грамматикалық, синтаксистік стилистикалық
қызметте жұмсала береді. Тек бастауыш болып келетін
фразеологизмдер өте сирек. Мысалы: «Вот и Валаамова
ослица заговорила» («Фома Гордеев») деген сияқтылар.
Өмір шындығын, қоғамдық құбылысты, болмыстың
неше алуан фактілерін көркем суреттеу үшін предика-
тивті фразеологизмдерді жиі қолданған. Контекске
синоним боп келетін фразеологиялық тіркестердің
номинативті мағынасы баяндауыш қызметінде белгілі бір
қозғалыс процесін, соның қалай өтіп жатқанын, қандай
белгілері барын көрсетеді. Мысалы: «А ты прежде время
не горуй,– сказала она» («Фома Гордеев»). Осы фразаны
«подожди» деген бір сөзбен алмастыруға да болар еді.
Бірақ ондай жағдайда жазушы ойлаған көркемдік қасиет
көмескі күйде қалады. Сөйлемнің көркемдігіне нұқсан
келеді.
М. Горький фразеологизмдерді шығармашылықпен
қолданады дедік. Мұның мəнісі қалай? Ол баяндалатын
құбылыстың ыңғайына орай фразеологизмдерді əрқилы
қызметке жегеді. Құрылысы, формасы өзгеруі де,
133
өзгермеуі де мүмкін. Ол автордың творчестволық
мақсатына байланысты. Мысалы: «загребатъ жар
чужими руками» деген фразеологиялық тіркесті
талдағанда, мынадай жағдайды анықтаймыз. Мұнда
«чужими руками» деген еркін тіркес семантикалық
жағынан əлсіз байланысқан «загребать жар» дегенге
омоним мəндес. Ал ауыспалы мағынасы жағынан бұлар
фразеологиялық тіркес. «Загребать жар руками» дегенде
əлі фразеологиялық бола алмайды. Ол үшін «чужими»
деген сын есімді қосып, «руками» зат есімімен
байланыстырғанда ғана фразеологиялық мағынаға
көшеді.
Осы фразеологиялық тіркес сөйлемде басқа мүше-
лермен байланыстырушы баяндауыш қызметінде
жұмсалады. Мысалы: «А что ее Сонькой зовут это
всем известно... И что она любит чужими руками жар
загребатъ тоже все знают» («Фома Гордеев»).
Бірақ М. Горький бұл фразеологиялық тіркестің осы
күйінде берер жалпы мағынасын қанағат етпейді.
Оны белгілі бір құбылыстарды көрсету мақсатына
жақындатып нақтылай түседі. Мұны ол «чужими» деген
сын есімді басқа сөзбен алмастыру арқылы іске асырады.
Дерексіз мағынадағы «чужой, чужими» сөзінің орнына
«рабочих» деген нақтылықты танытатын сын есімді
қолданады. Мысалы: «не удастся вам загрести руками,
рабочих жар в свои пазухи... («Жизнь Клима Самгина»).
М. Горький сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі қызметінде
жұмсалатын фразеологизмдерді де едəуір қолданады.
Бұлар атрибут мəніндегі фразеологизмдер. Сөйлегенде
көбінесе анықтауыш рөлінде жұмсалады. Мұндай
қызметте жұмсалатын көбінесе идиомдар, қарапайым
фразеологиялық тіркестер, синтаксистік құрылысы
əбден қалыптасқан фразеологиялық штамптар т.б. Бұ-
134
лардың стилистикалық қызметі тілдің көркем құралдары
қызметімен тығыз байланыста болмақ. Мына мысалға
көңіл бөліңіз: «Который человек сам за себя отвечать
не может, значит – боится он себя, значит грош
ему цена» («Фома Гордеев»). Осындағы курсивпен
берілген фразеологиялық тіркес «человек» деген сөзге
предикативті анықтауыш ретінде жанасып тұр.
Жазушы шығармаларында өз алдына жеке сөйлем
ретінде қолданылатын фразеологизмдер де бар. Олар жай
сөйлем болып та, күрделі сөйлемдерде не басыңқы, не
бағыныңқы болып та келе береді. Сауаты бар Маякиннің
қызына үйлен дегенде Фома былай дейді: «Но это –
пустое дело. Всякая ржавчина очищается, ежели руки
приложитъ...». Бұл – қоғамдық құбылыстарды, халық
тұрмысын бұлжытпай танытатын фразеологизм.
Өз алдына жеке сөйлем немесе күрделі сөйлемнің бір
бөлегі болып көбінесе мақалдар, мəтелдер, афоризмдер,
цитаттар жəне қарапайым сөйлеу тілі формасындағы
фразеологизмдер қолданылады. Жеке сөйлем болу үшін
оның бастауышы мен баяндауышы болуы қажет екені
белгілі. Бұлардың кəдімгі сөйлемдерден айырмасы оның
грамматикалық құрылысында емес, фразеологиялық
тұтастығында, яғни компоненттер жиылып беретін
ауыспалы, астарлы мағынасында. Ал сол фразеологиялық
мəн, мағыналық əр дегендеріңіз стилистикалық қызметті
айқындайды. Олай болса грамматика жағынан қарағанда
фразеологиялық тіркестер мен сөйлемдер арасынан
алшақтық іздеудің қажеті жоқ.
М. Горький шығармаларындағы фразеологизмдердің
көпшілігі құрылысы жағынан бастауыш, баяндауыш
жəне сын есімнен болған анықтауышты болып келеді.
Кейде «есть», «является» деген сияқты етістіктер түсіп
қалып отырады. Мысалы, «бывший друг – злейший
135
враг», «Матъ – враг смерти» («Фома Гордеев»). Белгілі
бір тұлғаның мінездемесін беріп тұрған бұл мысалдар
жазушының əрқилы стилистикалық өң беруіне септігін
тигізген. Алғашқының баяндауышы мінездемелік
сипатқа ие. Қазіргі қалпында əшкерелеудің түрін
стилистикалық өңмен беріп тұр. Мұндай қолданыстар
өнімді келеді. М. Горький кейбір фразеологизмдерді
стилистикалық мақсатта неше түрлі өң беріп, дамытып,
түрлендіріп қолданып отырады. Сөйтіп фразеологиялық
тіркестердің жаңа түрлерін жасайды. «Счастье –
возможно полное удовлетворение потребностей»
тəрізділер осыған дəлел.
Жазушы қолданған фразеологизмдердің біразы
құрылысы жағынан бір құрамды сөйлемдер сияқты.
Бұлардың негізгі ұйтқысы əртүрлі формадағы етістіктер.
«Золото огнем пробуют» дегенде ең басты объект зат
есім. Ол бірінші орында тұр. Көптеген фразеологизмдер
құрмалас сөйлемге бара-бар. Біріне-бірі басыңқы-
бағыныңқы болып келетін екі сөйлемнен тұрады.
Мысалы: «Волка не осудит господь, если волк овцу
пожрет,.. но если крыса мерзкая повинна в овце – крысу
осудит он».
Бұл келтірілген мысалдардан ұлы жазушының
халықтық фразеологизмдерді мейлінше сұрыптап мол
қолданғанын көреміз. Олардың əрқилы мақсатта, əртүрлі
формада ғана жаратылып, жазушы тіліне стилистикалық
ажар бергенін байқадық. Бұдан М.Горький өз шығар-
маларында тек дайын фразеологизмдерді, мақал-
мəтел, идиомдарды ғана пайдаланумен шектелген екен
деп қорытынды жасауға болмайды. Осыларды твор-
честволықпен еркін пайдалана отырып, өз тарапынан
да мүлде жаңа фразеологиялық тұрақты тіркестер жасап
отырған.
|