Перифраздары



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Бота тірсек бұйра жал,
Болдырмайтын сұлу кер марал,
Ер мінер ат сенбісің? (Ж. Саин).
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мал атаулары, жан-
жануарлар, құс атауларына байланысты пайда болған 


191
сөздерге, сөз тіркестеріне өте бай. Сондықтан олардың 
сырын, мағыналарын жан-жақты қарастырып білу – осы 
зерттеу міндеттерінің біріне жатады.
ТҰРМЫС-САЛТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПЕРИФРАЗДАР
Тілімізде қазақ халқының өмір сүру салтына, тұрмы-
сына жəне дəстүріне байланысты қалыптасқан сөз 
тіркестері көптеп кездеседі. Мəселен, «қара шаңырақ» – 
үрім-бұтақ тараған үлкен үй:
Шұбар тас азулы ата, шынжыр балақ,
Батырған азу тісін елді талап.
«Толықсып» бесенесі бестен болып,
Байыған еңбегі жоқ жұртты қанап (Ж. С.).
Қыс бойы тынбай еңбек етіп, уақыттарының көп-
шілігін шеберханаларда өткізген комсомол мүшелері 
бəйгеге қосар темір тұлпарларын ерте бастан жаратып 
қойған (Ж. Ж.).
Толып қалды төрт айға,
Күйікпенен күн өтті ...
Жарылды, өкіріп, отарба,
Қанды жаққа əкетті (М. Жұмабаев).
– Бұл кімнің суреті? – деп сұрасаң: – Бұл Береген 
отағасының суреті ғой, – дейді Қали (Б. М.).
Бұл асты сызылған тіркестердегі «отаға» деген 
сөз үй иесін отбасы, қожайынын перифраздап айтып 
тұр, шынында ол оттың, яғни үйдің ағасы емес пе? 
Ал «от арба» деген перифраз паравоз деген ұғымды 
білдіріп тұр, шынында оның теміржолмен жүретіні, əрі 


192
отпен қуат алатыны рас, сондықтан бұл да табылған 
перифраз демекпіз. Негізінде бұл перифраз аударма 
арқылы жасалынып, «огненная повозка» деген 
перифраздан аударылып алынып тұр. Бұл асты сызылған 
перифраздардың бəрі де матаса байланысып, «зат есім 
(ілік), зат есім (тəуелдік)» моделінің үлгісімен жасал-
ған. Егер бұл модельде ілік септігі жасырын (импли-
цитті) тұрса, келесі модельде ілік септігі ашық 
(эксплицитті) тұрады.
АДАМНЫҢ ЖАН-ДҮНИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ПЕРИФРАЗДАР
Адамның ішкі жан дүниесі, сезім жүйесі, ақыл-ойы 
өте күрделі құбылыс. Осы құбылыстарға байланысты 
жасалған перифраздар да аз емес. Ақындар ақ тілекті, 
қуанышты сабырлы мүсінді жасыл жапыраққа оранған, 
ақ шүберек киген ақ арулы қайыңдарға балайды.
Көңілдің елжіреуімен қоса, бұрын жалбарынуы жоқ, 
жаңаруы көп жан сарайында үлкен сағыныш пайда 
болған еді (Ə. К.).
Қаншайымның алқына алған тынысы Қасымның 
көкірегін күйдіріп, жан сезімін апиындай ерітті (Ө. Қ.).
Лай суға май бітпес, қой өткенге,
Күлеміз қасқыр талап, дəметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ол кеткен бе? (Абай)
Салған əн – көлеңкесі сол көңілдің,
Тақтысына билесін ол құлаққа (Сонда)
Жалтыр құздан құладым,
Қолымнан кетіп сүйеніш,


193
Көңілімнің күні өшкен соң,
Жалғанда болмас жұбаныш (Сонда).
Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағынан.
Нəпсінің сынған қайғысын.
Бірге туған жақындығы болса да, табиғаты қаламады 
ма, Қадыр жанға онша жуыспады (Т. Ахтанов).
Мына мысалдарға қарап отырсаңыз, Ұлы Абай 
көңіл күйді, жан сезімді бірнеше тамаша «синонимдік 
перифраздармен бере білген, бірде «көңілдің жайлауы» 
десе, екіншіден «көңіл күйі» деп, тіпті кейде «көңіл 
құсы» деп те бейнелейді. Əрине бұндай көркем, əсерлі 
образ тіркестерді тек Ұлы ақындар қаламынан ғана 
кездестіруге болады.
Көк теңіз,
Күрең қарағай,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет