нан, ұзақ жол, жақсы адам, үлкен қала т. б. тіркесуден
тұрады емес пе. Бұлардың əрқайсысының құрамындағы
сөздерді ауыстырып, басқа сөздермен байланыстырып
айта беруге болады. Мұндағы айтылып отырған нəрсе
күнделікті тұрмыста үнемі кездесетін үйреншікті
құбылыстар. Көп қабатты үй, лимонды шай, жол
жүру деп неше құбылтып айта бересіз. Бірақ тіліміз
құрамындағы сөздер өзара тығыз байланысқа түсіп,
жігін ажыратпай, тас түйін боп тұрған тіркестерге де бай.
Бұл тіркестердің кұрамындағы сөздердің қай-қайсысын
болсын орнын ауыстыруға, не басқа сөзбен алмастыруға
бола бермейді. Ондай бола қалған күнде, басқа бір
конструкцияға айналып, басқа бір мағынаға ие боп кетеді:
əлгі тіркес мағынасы жойылады. Мұндай тіркестерді біз
фразеологизмдер деп атап жүрміз. Фразеологизмдер
қатарына кіретін тұрақты тіркестердің бəрі бірдей емес.
Қайсыбірінің құрамындағы сөздер бастапқы лексикалық
мағынасын сақтап тұрса, енді біразының компоненттері
жиылып мүлде басқа бір ұғымды білдіріп жатады. Қандай
түрі болсын мұндай тіркестердің бəрі де фразеология
қатарында қарастырылуы тиіс. Бұдан былайғы жерде
біз осы тақылетті тіркестерді фразеологизмдер деген
терминге жинақтап сөз етпекпіз. Пікірдің нақты, жинақы
болуына септігі тие ме дейміз.
Лингвистиканың өзге салалары сияқты, фразеология
да жеке жəне жалпы сипатты болады.
Фразеологияға жататын барлық тіркестердің жалпы
атауы ретінде фразеологиялық единица деген термин
37
жиі қолданылады. Бұл терминді əуелде акад.
В.В. Виноградов [21] атаған еді. Көптеген ғалымдар
бұл терминнің жалпы атау ретінде сəтті табылғанын
қолдағанмен, кейінгі кезде оның мазмұнын əлі айқындай
түсу қажеттігін айтып жүр. В.В. Виноградовтың
классификациясы бір кезде айрықша рөл атқарды.
Сонымен қоса, оның көптеген мəселелері жете
қарастырылмай, дамытылмай, көмескі күйде қалғаны
мəлім. Жоғарыда ескерткеніміздей, кеңес тіл білімінде
фразеологияны зерттеген жүздеген еңбектер пайда
болды.
Фразеологияны өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыс-
тарының негізгі объектісіне айналдырған көптеген
айтулы ғалымдар бар. Олар өз зерттеулерінде
В.В. Виноградовтың классификациясына дау айтады,
дəлелді пікір қозғайды. Шынында, бұл пікірлердің
жаны бар. Əлі піспеген күмəнді, күдікті жерлері тағы
бар. Акад. В.В. Виноградовта фразеологиялық тізбектер
(фразеологические едивства) кейде метафоралық
тұрақты орамдар (метафорические устойчивые обороты)
деп те аталады. Тағы бір жерде бұлар идиомдар болып,
оның құрамына мақал-мəтелдер, тұрмыстық қосарлы
аттар (составные бытовые названия), қанатты сөздер,
үзінді цитаттар, кішіпейілдік формулалар (формула
вежливости) т. б. еніп кеткен.
Сөз тіркесі түріндегі фразеологияның объектісін
таныту үшін кейбір зерттеушілер «фразема» деген
термин қолданып жүр. Бұл термин «лексема», «мор-
фема», «семема» деген атаулармен сəйкес əрі ұйқас.
Ал түрі жағынан сөйлемге бара-бар фразеологизмдерді
«тұрақты фраза» («устойчивая фраза») деп атайды.
Бұл терминді қолдануға пейіл білдіріп жүрген
зерттеушілердің бірі В. Н. Телия.
Жалпы фразеологиялық тіркестерді зерттеуші ға-
лымдар тұрақты сөз тіркестерінің спецификалық мəнін
38
əрқилы ұғынады. В.В. Виноградов, О.С. Ахманова,
С.И. Абакумов, А.И. Смирницкий, Б.А. Ларин еңбек-
терін [22] қараңыз.
В.Н. Телия өзінің «Фразеология дегеніміз не» [23]
деген зерттеуінде құрылысы жағынан сөз тіркесі не
сөйлем болып келе беретін фразеология объектісінің
барлық түрін жинақтап атау үшін «фразеологиялық
орам» («фразеологический оборот не жай ғана «орам»),
«фразеологизм» деген терминдерді қолданады. Бұлай
атауда ол отандық ғылымның игі дəстүріне сүйенген.
Қазақ ғалымдарының арасында да тұрақты тіркес-
тердің жалпы атауы ретінде осыған ұқсас ғылыми терминді
ұстанатындары бар. Мысалы, авторлар коллективі–
проф. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манас-
баев [24] сияқты ғалымдар мынадай пікір айтады:
«Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы
жағынан бір бүтін единица болып, қолданылуы
дəстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде
фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп
атайды». Авторлардың «фразеологиялық орам немесе
фразеологизм» деп отырғандарына енетін тұрақты
тіркестер – идиома, фраза, мақал-мəтелдер. Бұған
қалыптасқан тиянақты фразеологиялық сөздердің бір
саласы ретінде қос сөздерді де қосады.
Мұнда фразеологиялық единица жəне оның
В.В. Виноградов жіктеген үш түрі жоқ. Академик
І.К. Кеңесбаев та қазақ тіліндегі фразеологимдерді
əлгіндей жік-жікке бөліп жатпайды. Ол «лексикалық
формасы, стилистикалық қызметі жағынан тілімізде
айрықша орын алатын»[25] мұндай нақыл сөздерді
екі топқа бөліп қарастырады. Ол лингвистика тілімен
айтқанда идиомдар, фразалық топтар.
Осыған қарағанда көптеген түрік тілдерінде
В.В. Виноградов классификациясын сол күйінде
39
қабылдаудың реті бола бермейтінін əңгіме етіп жүрген
пікірлердің жаны бар тəрізді, осындай пікірлерді
əзірбайжан, өзбек, татар т.б. ғалымдары да ұстанып
жүр. Жəне дəлелдері көкейге қонымды – сол тілдің
өз заңдылықтарына орай қорытылған пайымдаулар.
Мысалы, 1961 жылы Самарқанда басылып шыққан
«Фразеология мəселелері» («Вопросы фразеологии»)
деген жинақтағы А.А. Коклянованың мына пікіріне
көңіл аудармауға болмайды. Мақала «О границах
фразеологии тюркских языков» деп аталады.
«Түркі фразеологизмдерін зерттеушілердің негізгі
міндеті – фразеологиялық материалдарды өзге тілдерде
қалыптасқан жүйеге салып жіктеу емес, қайта бірқатар
теориялық мəселелердің басын ашу болса керек», –
дейді ол.
Фразеология терминінің өзі түптеп келгенде – орам,
сөйлемше (оборот, выражение) деген ұғымды білдіреді.
Бұл рһrаsіs – орам, сөйлемше (оборот, выражение);
Іоgоs – ұғым, ілім (понятие, учение) деген грек сөзі.
Фразеологияның көп мағыналылығы мазмұны күні
бүгінге дейін сақталып келеді.
Орыстың атақты ғұламалары: М.В. Ломоносов,
академиктер: Ф.Буслаев [26], И.И. Срезневский [27],
Ф.Ф. Фортунатов [28], А.А. Шахматов [29], проф.
А.А. Потебня [30] т.б. айтқан пікірлері фразеологияны
зерттеу жұмыстарын ғылыми арнаға салып, дұрыс
бағыт
берді.
Бұл
ғалымдардың
пайымдаулары
фразеологияны зерттеудің белгілі-белгілі кезеңдерін,
даму сатыларын танытады. Бірақ бұлардың ешқайсысы
да фразеологияны лексикологияның жеке бір бөлімі
ретінде бөліп қарастырған жоқ. Өз дəуірінің ғылыми
ой-өрісінің деңгейімен қарағанда ұтымды, дəлелді пікір
өрбіткенмен, түбегейлі зерттеу біздің ғасырымыздың
30–40-жылдарының үлесіне тиесілі болды.
40
Фразеологияны лексилогияның жеке бір тарауы
ретінде бөліп шығарған Ш.Балли [31] болатын.
Ол фразеологияның белгілі бір қалыптағы күйін
(синхроническая фразеология) қарастырудың негізін
жасады. Ш.Балли: «Языки постоянно изменяются,
функционировать они могут только не изменяясь», – дей
отырып, тілдің дəл қазіргі, осы күнгі жағдайына ерекше
мəн береді. Міне сондықтан Ш. Балли концепциясының
қазіргі кезеңде де едəуір маңызы бар. Дегенмен Ш. Балли
де фразеологияның түрлерін, мазмұнын таратып, талдап
айтып бере алмады.
30-40-жылдары кеңес тіл білімінде фразеологияға
арналған жеке еңбектер шыға бастады. Проф.
Е.С. Истрина [32] фразеологияны лексикологияның
жеке тарауы етіп бөлген. И.Вульфиус «К вопросу о
классификации идиомов» [33]
деген мақаласында
Ш. Баллидің теориялық көзқарастары тұрғысынан біраз
пікір қозғаған.
Л.А. Булаховский фразеологияны тіліміздегі бей-
нелеуіш мəнерлі сөздер жайындағы ғылым деп
есептейді. Фразеологияны «обычно разложимые –
смысловом отношении словосочетания, но закре-
пившиеся в языке как материал ходовой цитации
(пословицы, поговорки, удачные выражения писателей,
ставшие «крылатыми» словами, и т. п.) и потому
получившие известную цельность» [34], – деп түсінеді.
«Тұрақты тіркестердің» этимологиялық жүйелі
классификациясын жасауға тырысқан проф. С.И. Аба-
кумовтың [35] əрекеттері де көңіл аударарлық. Ол
идиоматика мен фразеологияның жігін ажыратады.
Ол идиомалық орамдардың ерекше белгілері ретінде
мыналарды көрсетеді: семантикалық бір тұтастығы,
екінші тілге аударуға келмейтіні, синтаксистік жəне
41
лексикалық тұлғаларға бөлінбейтіні, грамматикалық
формаларының
өзгермейтіні,
сөздер
орнының
тұрақтылығы, сөз жасау мүмкіндігінің кемдігі. Фразео-
логияға жататын орамдардың беретін мағынасы оның
компоненттерінің негізгі лексикалық мағынасынан
алшақтамайтынын анықтайды.
Сонымен, Абакумовтың пікірі бойынша, фразеоло-
гия дегеніміз ойды білдірудің дайын сөйлемшелері
жөніндегі ғылым болып шығады.
Фразеология мен идиоматиканың анықтамасын беруде
Е.Д. Поливанов: Фразеология (или идиоматика) является
«особой дисциплиной (наряду с фонетикой, морфологией,
синтаксисом и словарем, или лексикой), занимающей
по отношению к лексике то же положение, которое
синтаксис занимает по отношению к морфологии», так
как эта дисциплина оперирует так же, как и лексикология,
«выражением индивидуальных понятий (лексических
значений)» в отличие от синтаксиса и морфологии, кото-
рые «имеют своим объектом изучение символики общих
(абстрактных) идей» [36], – деп жазады. Поливановтың
анықтамасы И.А. Бодуэн де Куртенэ қолданған сөздердің
көп қызметтілігі (полифункциональность) жайындағы
жалпы методология концепциясынан шығып жатқан
ұғым. Мұны кейін Л.В. Щерба мен Б.Д. Поливановтың
қабылдағаны мəлім. Фразеология мəселесімен арнайы
шұғылданбаса да, Поливанов еңбектерінде, кейде, осын-
дай аса қажет ғылыми пайымдауларын айтқан. Кейінгі
зерттеушілер үшін бұл сияқты пікірлердің орны бөлек.
Фразеология синтаксистен, лексикологиядан, се-
масиологиядан бөлек жеке-дара дами алмайды.
Сөйлеуіміздегі сөздерден гөрі семантикалық біртұ-
тас тізбектерді, яғни сөздерден гөрі күрделірек сөздер
тобының (фраза, идиома, фразеологиялық тығыз
топ, тұрақты бөлінбейтін тіркестер, фразеологиялық
42
единицалар) жігін ажырату ниеті В.В. Виноградовтың
жазуы бойынша К.Бругман, Г.Пауль, Ш.Балли, А.Сеше,
О.Есперсен, И.А. Бодуэн де Куртенэ, А.А. Шахма-
товтардың еңбектерінде байқалған. Бұл бір жол. Яғни
бұл семантикалық сипаттама. Мұндай семантикалық
топтарды басқа бір жолмен қарастыруға болатынын
талдаған ғалымдар да бар.
Фраза құрудың механизмін басқарып отырған тіл
категорияларын зерттеу айрықша нəтиже береді. Сондай
категориялардың бірі тіл жүйесінің дерегі ретіндегі сөз
мағынасының құрылысы болса керек. Фраза құрудың
əрқилы процесінің негізін жасайтын сөз мағынасының
құрылысын зерттеу жолын ең алғаш В.В. Виноградов
[37] көрсеткен болатын. Ол «Современный русский
язык» (Вып. І. М., 1938, 122 б.) деген еңбегінде былай
деп жазған: «Тесная связь идиоматики и фразеологии
с лексикологией обусловлена не только структурной
близостью понятий слова и идиомы, но и постоянным
движением внутри языка от слов к идиомам и фразам –
и обратно – от фраз и идиом к словам». Ал «Основные
типы лексических значений слова», – деген «Вопросы
языкознания» журналының 1953 жылы 5-санында
жарияланған мақаласында В. В. Виноградов фразеология
төңірегіндегі ойларын кеңейтіп, біраз жаңа ұғымдарды
өрбітті.
В.В. Виноградов фразеологиялық топқа семантика-
лық талдау жасап, оның мағыналық жіктерін дəл
ажыратып классификациялаған. Ең алдымен, ол бұл
топтан фразеологиялық тіркестерді (фраз. сочетания)
бөліп шығарды да, Ш.Баллидің «единства» деп
жүргендерін екіге ажыратты; фразеологиялық түйдектер
(тұтастықтар) жəне фразеологиялық тізбектер (единства)
деп. Осының əрқайсысын жеке-жеке талдап көрейік.
43
1) Фразеологиялық тұтастықтардың (сращения)
негізгі белгілерін тізіп айтсақ, мынадай түйін жасауға
болады. Біріншіден, бұлар ішкі формасынан айырылған,
дəлелдемесі жоқ жеке сөздер сияқты лексика-
семантикалық единицалар. Екіншіден, тұтастықтар
компонентінің бірде-бірі жеке өзіндік мағынаға ие бола
алмайды. Яғни олар негізгі лексикалық мағыналарынан
мүлде айырылған. Бір бүтіннің беретін мағынасы мен
жеке компоненттердің əрқайсысының лексикалық
мағынасы
арасында
ешқандай
байланыс
жоқ.
Үшіншіден, мұның құрамындағы сыңарлардың сырт-
тай қарағанда жеке-жеке тұруы тек тілдің өзіндік
ежелден
қалыптасқан
дəстүріне,
дағдысына
байланысты нəрсе. Егер В.Виноградовтың өз сөзімен
тұжырсақ, фразеологиялық тұтастықтар – «ерітіндіге
айналған
лексикалық
бөлшектердің
химиялық
қосындысы». Бұл сияқты тұтастықтарды идиома деп
те атайды. Идиомаландырылған сөз тіркестерінің
грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетеді. Оның
себебі фразеологиялық тұтастықтардың семантикалық
жағынан бөліп-жаруға келмейтіндігіне байланысты.
Яғни семантикалық біртұтастық оны грамматикалық
жақтан мүшелендірмейді.
Мұндай тұтастықтар кез келген тілде бар. Мысалы,
қазақ тілінде: қой аузынан шөп алмас (момын), ала
Достарыңызбен бөлісу: |