50
Əділ екеуіміз жер ортасы жасқа келдік, ізет көрдік, енді
жастарға жол ашу лазым емес пе (Ж. Т.).
Авторлар мақал мен мəтелдің өзара айырмасын да
ажыратқан: «Мақалда өмір тəжірибесінен екшеліп
алынған ақыл, өнеге,
оқушыны жақсыға баулып,
жаманнан аулақ болуға үйрететін кеңес берілсе, мəтел
белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайды, онда астарлап,
жұмбақтап айту мəні басым» болады. Мысалы,
салыстырғанда :
М а қ а л
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Көп
қорқытады, терең батырады. Еңбек етсең, емерсің.
Күлме досқа – келер басқа. Білек сүріндіре алмағанды,
білім сүріндіреді.
М ə т е л
Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Той дегенде
қу бас та домалайды. Əшейінде ауыз жаппас, той
дегенде өлең таппас. Соқыр тауыққа бəрі бидай.
Мұның қай-қайсысы болсын, айтайын деген ойды
нақты, анық етіп жəне тыңдаушыға бірден аңғартуға
немесе
сөйлеген сөзімізден қысқа, тұжырымды
қорытынды шығаруға үлкен жеңілдік жасайды. Бұларды
талғамсыз қолдана беруге болмайды. Екінші жағынан
мақал-мəтел əдебиеттің бір жанры есепті таптық сипатта
боп келеді. Міне, сондықтан сақ болған жөн.
Фразеология жөнінде Қазақ ССР Ғылым академия-
сының корр.-мүшесі,
филология ғылымының докторы
К.Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. К.Аханов
өзінің кітабында [39] фразеологияны біраз талдайды.
Ол осы еңбегінде бұларды екі топқа бөліп, оның бірін –
еркін тіркес, екіншісін – тұрақты фразеологиялық
тіркес деп алады. Мұның алдыңғысын синтаксистің
сыбағасына беріп, кейінгісін лексиканың құрамында
қарастырады.
51
Фразеология деген терминге келсек, мұның екі түрлі
мəні бар тəрізді: біріншіден, «белгілі бір тілдегі тұрақты
фразеологиялық сөз тіркестерінің жиынтығы»
дегенді
білдірсе, екіншіден, сол тіркестер жиынтығын ғылыми
түрде зерттеп талдайтын ілім мағынасында түсініледі.
Автор тұрақты сөз тіркестерін жақшаның ішінде
фразеологиялық единицалар деп алады. Бұл орыс жəне
қазақ терминологиялық сөздіктерінде орныққан термин.
Мұнда да алдымен тұрақты тіркес пен еркін тіркестердің
айырмасы нақты талданады.
Автор мынадай басты-
басты ерекшеліктерін көрсетеді:
Біріншіден, «тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы
сөздердің орны, еркін тіркестің құрамындағы сөздердің
орнына қарағанда əлдеқайда тұрақты, бекем болады».
Екіншіден, «тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері-
нен туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы
сыңарлардың мағынасынан басым» (241-б.) болады.
Үшіншіден, «тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері
бір тілден екінші тілге аударуға икемсіз келеді, əсіресе
оларды тікелей сөзбе-сөз аударуға болмайды» (242-б.).
Алғашқыда келтірілген мысалдар: «сақалын сипап қалу;
мұны мұртын сипап қалды десек, мүлде басқа мағынаға
ауысады. Немесе «мұртын балта шаппайды» дегендегі
«мұрттың» орнына сақалын десек, болмаса балта орнына
пышақты
пайдаланып көрсек, тіркесіміздің тілім-тілімі
шығар еді. Бұдан шығатын қорытынды тұрақты сөз
тіркестері жаңадан тіркесуді қажет етпейтін, əркімнің
өз
қалауынша өзгертуін қаламайтын, бұрыннан даяр
«өзінен өзі тіркесіп» əзір тұрған материал. «Ас иесімен
тəтті», «ас – адамның арқауы» осыдан автор
тұрақты
Достарыңызбен бөлісу: