Көңілі өсіп, мейманасы тасқан адам.
Кəрілік қартайғанда бастан келер,
Ағарып, басындағы шаштан келер,
Жасында қандай көркем болсаң-дағы,
Қыржиған қабақ, маңдай, қастан келер.
Кəрілік қартайғанда көзден келер,
Белгісі алжығанның сөзден келер,
Сыртылдап буындарың ебі кетіп,
Белгісі аяқ жақта тезден келер.
Қартайғанда мүкістеу болар құлақ,
Жас ағып, екі көзден тұрар жылап,
Нəрсені басқа көрген көре алмассың,
О не деп көргендерден білер сұрап,
Бір жаман кəрілікте түссе тісің,
Ауыздан опырайып кетер пішін.
Жасында оймақ ауыз сұлулардың
Өзгертіп бұл кəрілік алар түсін.
Болсаң да ханнан сұлу жаста бұрын.
Салатын көрген адам көздің қырын.
Қайран жас, қара шаш пен қалам қастың
Өзгертіп бұл кəрілік алар сұрын.
251
Белгісі кəріліктің кеудең толар,
Жөтел мен түрлі қақырақ пайда болар,
Жасыңда қандай толық болсаң-дағы
Белгісі кəріліктің мүшең солар.
Белгісі кəріліктің кетер күшің,
Болмайды бастағыдай ешбір ісің.
Кəрілік дауасыз дерт ем қонбайтын,
Жылаймыз қартайдық деп соның үшін.
Қартайсаң, аяқ, тізең ауырады,
Жатудан жамбастарың ауырады,
Қадірің күннен-күнге кеми берер,
Жолатпай қосағың да дау ұрады.
Ауырар қартайғанда бұт пен белің,
Екі иық, кеуде, арқа барлық жерің,
Жатарсың салқын тисе төсегіңде
Қайталап ұстады деп ескі терім.
Атам болған жиырма бес,
Қызықты күндер қыздырған
Асау толқын бұздырған.
Қызды ауылды көргенде
Бұлаңдатқан жиырма бес.
Төскейден қашқан түлкідей
Сылаңдатқан жиырма бес,
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес,
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес
Іздесең де табылмас!
Кəрілік шіркін не қылмас:
Апта бойында бас алмай,
252
Келін бала келгенде,
Аузыңды аша алмай,
Уақыттың ісі қиын-ды,
Уақытымыз жеткен соң,
Айтып-айтпай немене,
Мезгіліміз өткен соң,
Жайнап тұрған қызыл шоқ
Су құйылып өшкен соң.
Жайнап жүрген заманым
Басымнан бүйтіп көшкен соң.
Уақытымыз жоқ, не айтайын,
Уақытым менің өткен соң,
Мезгіліміз жеткен соң,
Қатты тамақ шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстандай ақырған –
Бөденедей күш бар ма?
Мына үзінділерге қарап отырсаңыз, толғау – сөз
өнерінің тамаша үлгілерінің бірі екенін көреміз. Толғау –
негізінен мұңды өлең, көңілдің неше түрлі күйін
шертетін өлеңдер. Мəселен, ғашықтық, сағыныш,
қайғы, күйініш, кейістік, кіжініс, өкпе, наз сияқты көңіл-
күйлерін білдіреді. Бұл толғаудың көңіл күйлердің бəрі
бірдей өмірде бола бермейді. Соларды өмірде болғандай
етіп, əдемілеп айтып, əрлі сөзбен суреттеуге үлкен өнер,
ақындық керек. Толғау көңілдегі көркем сырлардың
айнасы десе де болады. Əдемі толғаулардан алатын
əсердің жөні бөлек. Толғауларда лек-легімен қисынын
тауып, қиюласып жататын бейнелі тіркестердің қай-
қайсысы да, жай сөздердің бəрінен де əсерлі. Мұндай
əрлілік пен нəрліліктің неше алуан түрі перифразға ғана
тəн емес, фразеологизмдерге де тəн екенін жоғарыдағы
бөлімнен де аңғардық. Ендеше, қазақ тіл білімінің бұл
екі категориясының тіл қолданыстағы болмыс-бітімі
барынша бай мысалдар бере алатынын байқадық.
Жəне бұлар бірімен-бірі байланысты, тіпті кей тұста
бірінен-бірі туындап жататынын көрдік. Сонымен бірге
бұлар-дың əралуан қолданыс алаңында тіл байытарлық
қабілет-қарымының қилы-қилы болып келетіні де
ой қозғайды. Қысқасы, фразеологизмдер мен пери-
фраздардың неше түрлі қолданыстағы түрленуін тексере
келе мынадай қорытынды жасаудың қисыны бар ма деп
шештік.
Мұны анықтауда бізді алдымен қызықтырған
мəселе фразеологизмдердің өзге тілдің осы тектес сөз
байлығын жеткізудегі қызметі болды. Ол үшін тілдің
осындай байлығын молынан пайдаланатын жазушы
шығармаларына назар аударуға тура келді.
254
Достарыңызбен бөлісу: |