Темір көзді сарайды (Абай).
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы – үзілгені бос жүргенше (Абай).
Елің – ала,
Отты жала,
Тайса аяғың, кім көнбек? (Абай).
Халық ағасы Төребай –
Ақырын істің оңғарсын,
Сыныпты бұтақ теректен (Базар жырау).
Орамды тілді ауыздым,
Ақылға жүйрік маңыздым,
Көп жасамай тез кетіп,
Көзімнің жасын ағыздың (Абай).
Жиырма жеті жасында
Абдірахман көз жұмды.
Сəулең болса басыңда
Кімді көрдің бұл сынды (Абай).
Соның да тілін алмадың
Сабадың, сөктің, қарғадың
Көріне қашан кіргенше (Шəкəрім).
224
Мына мысалдарға көңіл бөлелікші. «Сыныпты бұтақ
теректен» деп Төребайға баласының өлгенін тікелей
бірден айта салмай, оны жаман хабардың жағымдысы
жоқ, əйтсе де, аз да болса жұмсартып, құлаққа естіртуге
жағымдылау етіп, перифразбен жеткізіп отыр. Қарап
отырсаңыз, адам өсіп тұрған терек те, ал бұтақтары оның
балалары емес пе?!. Немесе адамның өмірден аттануын
«көзін мəңгілік жұмды» я «қызығы үзілді» деп айтылған.
Бұл сөз тіркестерінің бəрі əрі перифраз, əрі эвфемизм.
Олардың қай-қайсысы болсын эвфемистік мағына
тудырып тұр. Олардың тасасында тұрған суықтау,
ыңғайсыздау ұғымдардың бəрін саралап жатудың қежеті
шамалы деп ойлаймыз.
Тағы бір айта кететін жағдай эвфемизмдер тура
(номинативті) мағынада қолданылатын мəнерлі, сыпа-
йылықты білдіретін синоним сөздермен беріледі. Бұл
жайында келесі бөлімде сөз етеміз.
СИНОНИМДІК ПЕРИФРАЗДАР
Тіл байлығының бір көрінісі – оның синонимдерінде.
Тіл-тілде синонимдер дара сөз де, тиянақты тіркес те
болып келеді.
«Өскелең бай тілдің басты белгілерінің бірі –
синонимді сөздер. Тіл-тілдің өсіп, көркеюі үшін, бай
əдеби тілі боп жетілуі үшін синонимика категориясының
айрықша маңызы бар» (Нұртазин Т.). Сөздік құрамда тура
мағынада қолданылатын сөздердің көптеген синонимдері
болады. Олар синонимдік сөздіктерде беріледі. «Белгілі
бір ұғымды білдіретін мəндес сөздердің топтарын
синонимдік қатар дейміз» (Нұртазин Т.). Синонимдердің
ішінде негізгі номинативті мағынада қолданылатын
түрлері мен сол мағынаны білдіру үшін синонимдік
225
қатар құрып тұрған екінші бір абстрактілі ауыс
мағынадағы сөздерді де кездестіреміз. Əрине, олар əр
уақытта кең қолданылады. Оның себебі тілде семантика
жағынан бірдей жəне эмоционалды болуы мен əсері
жағынан абсолютті тепе-тең екі сөздің болатындығы
айқындалмаған. Ал енді ондай синонимдер бар болса,
олар міндетті түрде не семантикалық, не стилистикалық
дифференцияға ұшырайды. Сонымен, синоним сөздер
əр басқа ұғымды емес, бір ұғымды əртүрлі жақтан
белгілейтін атаулар.
Сөздердің мағыналық жақтан дамуы, қосымша мəн,
мағыналарға ие болуы синонимдік қатардың толығып,
баюына əсер етеді. Осыдан барып көп мағыналы сөздер
(полисемия) мен синонимдердің қарым-қатынасы өзара
байланысы келіп туады.
Синоним сөздер мағыналық жақтан даму нəтижесінде
жасалынады. Дəлірек айтсақ, ауыспалы мағынаның
өзінің перифраздануы көбінесе оның полисемиядан
əбден бөлініп, саралануына – басқа бір лексикалық
даралыққа, синонимге айналуына əкеліп соғады.
Суреткердің əдемілікке, көркемділікке ұмтылу нəтижесі
сөздерді, сөз тіркестерін бейнелеп, образдап, басқа бір
атаумен, яғни перифразбен жеткізу тəсілін туғызады.
Ал сөз қайталамаушылықты талап етуі осы образды
синонимдердің шығуына келіп соқтырады. Бұл жайында
Н.Н. Иванова «Перифраз синонимдік тəсіл» [165]
десе, ал Т.Қоңыров кандидаттық диссертациясында
перифразды образды синонимдер [183] деген. Қазақ
тілі табиғатына осы соңғы пікір дөп келетін сияқты. Бір
ұғымды білдіретін мəндес сөздер, əрине синонимдер, ал
ол жай сөзбен емес, көркем, образды сөз тіркестерімен
берілсе, əлбетте ол образды синоним болады.
Н.Н. Иванова мен Т.Қоңыровтың сөзін растай келе
226
Ə.Болғанбаев та «синонимді қолданудың бір тəсілі –
перифраз» [136] дейді. Мұның мəнісі – жеке сөздің
орнына оның түсінігін сипаттап беру. «Алматы дегеннің
орнына Қазақстанның астанасы, Күлəш деудің орнына
қазақтың бұлбұлы деп қолдануға болады» деген пікір
айтқан.
Қазақ ақын, жазушыларының ішінде М.Əуезов,
С.Мұқанов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мəуленов
образды синонимдердің сан алуан үлгілерін жасап
қолданған.
Соның бір нұсқалары мыналар:
« ... Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық
заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың
қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай қаза тапты.
Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып
аққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақпақ
тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан
зəулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті»
(М.Əуезов).
Ұлы жазушы келтірген үзіндіде Абай орнына «ұлы
жан, ұлы кеуде, игілік өмір, алып шынар» тəрізді
метафоралық перифраз тəсілімен кемеңгер ақынға тəн
ерекше қасиеттерге ден қойғызып, көңіл аудартқан. Ал
өлді деген жағымсыз қатты сөздің орнына «дүниеден
көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, құлады, кетті»
деген жұмсақ эвфемистік перифразбен алмастырып
отырған.
Дұшпанға мені мерт қылма,
Өзегімді дерт қылма (С. М.).
Хош, жаным деп қанат қақты
Үзілді тез шыбын жан (С. С.).
227
Өлшеулі демі біткенде,
Ажалдың оғы жеткенде,
Бадана көзді берік сауыт
Тең болар оның панасы –
Жаланқат киген шекпенге (Базар жырау).
Дəуде болса, Əлімбайдың кемпірі тырапай асқан
болар (Ж. А.).
Орманды түн ішінде жол білмесең,
Мерт болмай өту қиын, аман-есен (С. С.).
Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті (М. Ж.).
Темір айғыр
Алмас тіспен
Жердің тізіп жартысын (С. С.).
Темір бура жеккені
Аузы жерді қапса,
Аузы жерді тапса,
Тасты тұздай кемірсе
Тасты мұздай жемірсе,
Ырғалса,
Сықыр, сықыр, сықыр ... (І. Ж.).
Қалтырады отарба
Болды безек дөңгелек (І. Ж.).
Қара айғыр, қара алып, жүйткиді, –
Жануар күшіне сенеді (С. С.).
228
Төңкерілген көк кесе,
Теңіздің тұнық көзінде ... (С. Мəуленов).
Көк күмбездің астында көк масаты,
Сəулемен алтындаған сары белім (С. Т.).
Мың түрлі ала жібек, көркем десте,
Мың түрлі сұлу өрнек ойған кесте (С. С.).
Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып
құлпырады (С.С).
Көкшеге жаз көк жібек жапқандайын,
Көкшеге қыс ақ күміс таққандайын,
Көкшеге – қыз күзде киіп қырау ішік,
Көк айна – көлі қыста қатқандайын (І. Ж.).
Ақ қанат аспандағы сонда жауып,
Бал бұлақ, жаудан, тастан орғылаған (І. Ж.).
Қайғысыз мəңгі сəби періштелер,
Мəңгілік жайын тастап жерді құштың (С.С.).
Ұшқындап сəні кеткен ағаштарға
Ақ күміс шашақ болып көрік бердің (С. С.).
Жердің аппақ төсегі
Жаңа жауған жатыр қар (С. Мəуленов).
Əуенің тиірмені түнде жүріп,
Тастады ақ ұлпаға жерді кеміп (І. Ж.)
Ақ мамығым, ақ үлдірім,
Неге мұнша сүйірдің (С. С.)
229
Сəулем сылаң,
Аппақ қылаң.
Ақ көбікке шомылған (С. С.).
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда (М. Мақатаев).
«Аққулар ...»:
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз таранудан күнге қарап,
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!.
Жоғарыда келтірілген синонимдер табиғатына зер
салалық. Бір шөптің өзін бірде «ала жібек» десе, бірде
«көк жібек» деп бейнелей береді. «Ақ, көк» лексемалары
шөптің түр-түсіне қарай айтылып, жібек сөзін анықтап
тұр. Сол сияқты қарды да біресе «ақ ұлпа, ақ күміс, ақ
қант немесе сəби періштелер, жердің аппақ төсегі» деп
құбылта керемет синонимдермен алмастырып отырған.
Шынында, қардың ақ екені рас, ол аспаннан жерге
түскенде жерде жайылып жатқан төсек сияқты екені
де рас. Олай болса, бұл сөз тіркестерінің өте табылған
образдылығы, көркемділігі, адам жан дүниесіне əсер
ететін перифраздар екенінде дау жоқ. Осы сияқты
аққудың өзінде бірнеше құбылтып, оның кербез кейпін,
нəзік түрін мейлінше көркемдеп, образды синонимдермен
көрсете білген. Біздің ана тіліміздің сөз тіркестеріне,
оның ішінде синонимге өте бай екенін, əрі соншалықты
оралымды, икемді екендігін осы фактілердің өзі-ақ
толық айғақ бола алады.
230
Достарыңызбен бөлісу: |