Перифраздары



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Жақсы жігіт ағайыннан ақсайды.
Ақылды бастың алпыс қолы бар.
Отыз тістен шыққан сөз отыз елге тарайды.


233
Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.
Елдің баласы бола алмаған, ағасы да бола алмайды.
Ердің атын аты шығарар, Ғалымның атын хаты 
шығарар.
«Жақсы жігіт ағайыннан ақсайды» дегенде адамның 
аяғынан ақсауы емес, оның мағынасы тым тереңде 
жатыр. «Ер жігіт елдікке ебі жоқ жекжатынан қорлық 
көреді» деген ойды қаншама бейнелі етіп бере білген.
«Жүрген аяққа жөргем ілінер» – мұнда олжа, мал-
дүние, пұл деген ұғымдар орнына жөргем – қойдың 
өрілген шегі ғана алынған ғой. Ал, «жын соққаннан мың 
соққан жаман» – бұнда да қалың халық, көпшілік деудің 
орнына жалпыны жалқы «мың» делініп ауыстырылып 
алынған.
«Ерді кебенек ішінде таны» – «кебенек» – бұл тірі 
адамның киімі. Ал кебін болса – өліктің киімі. Яғни ер 
адмның жақсы қасиеттерін оның тірі кезінде дəріпте 
дегені емес пе? «Кебенек» – ауыртпалық сын сағаты. 
Мұндағы перифраз, яғни басқа сөзбен белгілі бір заттың 
не құбылысты келтірінді мағынада бейнелеу халық 
арасында шебер пайдаланады.
Біздің ана тіліміздің көркемділігін күшейту үшін 
перифразға, яғни троптарға сүйену керек болады.
Мақал-мəтелдер – көркемдегіш құралдар, яғни троп-
тардың арақатынасын ерте заманның өзінде-ақ айтып 
кеткен болатын. Аристотель: «И пословицы метафоры 
от вида к виду» – деген. Ал, проф. І.Кеңесбаев: 
«... мақал, мəтелдердің, тізбектердің қай-қайсысы 
болса да метафоралық мағынада қолданылып, өмірде 
кездесетін конкретті жағдаяттың тілден орын тепкенін 
көрсетеді» [170], – деп түсіндіреді. Орынды айтылған 
пікір. Егер метафоралық мағынада қолданылған мақал-
мəтелдер болса, олардың перифразға негізделуі əбден 


234
мүмкін. Өйткені, метафора перифраздан өніп, туып 
отыр. Оны мына мақал-мəтелдерден көруге болады».
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады (М. М.).
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік (Сонда).
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып
Қас шешендер сөйледі (Сонда).
Көрмегенге көсеу таң (Сонда).
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген (Сонда).
Көз жетпеген жерге сөз жетеді (Сонда).
Бірінші мысалдарға перифраздардың тура мағына-
сын алсақ, тілдің бас жаруы мүмкін емес, сондай-ақ 
пілдің көтермегенін тіл көтеру де мүмкін емес. Бұлардың 
бəрі де келтірінді мағынада бейнелі ойды білдіріп, 
перифразданып тұр.
Бұл мақал-мəтелдердің бəрі дерлік құрылысы жа-
ғынан əрі ықшам, əрі көркем, мағынасы жағынан 
терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан шеберлікпен 
жасалған сөз өрнегі. Мақал – келелі ой, кең мазмұнды 
бір-ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша 
үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйіні».
Кейбір мақал-мəтелдер өзінің тура мағынасында 
ұғынылса, қайсыбірі астарлы, келтірінді мағынада 
ұғынылады.


235
«Олақтан салақ жаман», «Ердің атын еңбек шығарар» 
деген мақал-мəтелдерден біз астарлы мағына іздеп əуре 
болып жатпаймыз. Бұлар тікелей өзінің тура мағынасын 
ұстап тұр. 
Ал, «Болат пышақ қын түбінде жатпайды», «Қалауын 
тапса, қар жанар» дегендердің арқалап тұрған мағына-
лық жүгі басқашалау. Мұнда айтылатын ой астарла-
нып, келтірінді мағынаға ие болып тұр. Біріншісі 
«асыл зат еш уақытта белгісіз боп қала алмайды. Ол 
ақыры бір жерден шығады» дегенді меңзесе, екіншісі 
«ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды» дегенді 
образдап, бейнелеп жеткізіп тұр. Əрине, образдау тəсілі 
перифразға соқпай кетпейді. Сондықтан да бұл мақал- 
мəтелдерді перифраз негізінде құралған мақал-мəтел-
дер дейміз. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болған 
осы бір мақал-мəтелдер «аз сөзде көп мағына» болсын 
деген талапқа сай жасалған, айрықша мəнерлі сөз 
өрнегі. Халықтың мақал-мəтелдер жасаудағы өнері мен 
шеберлігін «ағаштан түйін түйген» шеберлікпен тең десе 
болады. Сондықтан да «Тұз астың дəмін келтірсе, мақал 
сөздің сəнін келтіреді» дейді. Сол рас. Тіл тəжірибесі 
соны дəлелдейді.
ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР, АФОРИЗМДЕР 
ҚҰРАМЫНДАҒЫ ПЕРИФРАЗДАР
«Крылатые слова – устойчивые выражения, вошедшие 
в язык из определенного литературного или историчес-
кого источника и получившие широкое распространение 
блогодаря присущий им выразительности».
Афоризм, қанатты сөздер негізінен ұлы адамдардың 
кейінгі ұрпаққа қалдырған өнеге, өсиеттері. Олар да 
тілде жиі қолданыс тауып тұрақталған, мақал-мəтелдер 
сияқты түйдегімен тұтас бір-ақ айтылады.


236
Ақын, жазушылардың мақал-мəтелдерге үндес 
жасалған əрі көркем, əрі терең мағыналы сөз өрнегі 
қанатты сөздерге айналып, халық арасында кең тарап 
кетеді. Олардың қанатты сөздерге айналуы үшін терең 
мағыналы болумен бірге, мақал-мəтелдер сияқты 
құрылысы жағынан ықшам, əрі көркем, айтуға жеңіл 
болуы шарт. Ақын-жазушылардың шығармаларынан 
осы талапқа сай жасалған терең мағыналы, нысанаға 
дəл тиерліктей əрі өткір, əрі көркем қанатты сөздердің 
сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Əрине бұлар 
да мақал-мəтелдер сияқты перифразға, яғни образдап 
бейнелеуге негізделе жасалған қанатты сөздер. Қанатты 
сөздер жайында Н.Төреқұловтың «Қанатты сөздер» 
деген кітабында мақал-мəтелдер көбінесе о бастағы 
шыққан төркіні, дерегі мен авторы ұмытылып, жалпы 
халықтық мұраға айналып кетеді!» деп айтқанын еске 
аламыз, ал қанатты сөздердің қай кезде қандай оқиғаға 
байланысты жағдайдан шыққанын оңай аңғартуға болады 
дейді. Сонымен, ойымызды жинақтай келе, мақалға тəн 
ойлы өсиет, шешендік сөздерге тəн тапқырлық, фразалық 
тіркеске тəн нақтылық, жинақылық, мəтелге, перифразға 
тəн астарлы, бейнелі, көркем қасиеттердің бəрі авторы 
бар, шығу төркіні белгілі нақыл, қанатты сөздердің 
бойынан да табылады демекпіз.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей (Абай).
Əкесінің баласы – адамның дұшпаны,
Адамның баласы – бауырың (Абай).
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда,


237
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда ... (С. С.).
Құлақтыға сөз айтсаң, 
Құлағының астында.
Құлақсызға сөз айтсаң,
Құла қырдың астында (Қазақ əдебиеті хрес.).
Ақиқаттың арбасы алысқа кетеді (Сонда).
Елдің баласы бола алмаған, ағасы да бола алмайды.
Аталы сөзге арсыз таласады (К. М.).
Білімдіден аяман сөздің майын (Абай).
ЖҰМБАҚТАР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ПЕРИФРАЗДАР
Жұмбақтар – ауыз əдебиеті шағын жанрларының бір 
түрі. Жұмбақта табиғаттың, жанды-жансыз заттардың 
аттары жасырынып, даралық белгілер, ерекше қасиеттері 
сипатталады, мінезделеді. Жұмбақ атынан да белгілі, бір 
нəрсенің белгілі түр түсті қасиеттерін екінші нəрсеге 
балап, теңеу арқылы астарлап, ауыстырып, мəнерлеп 
айту. Бұл үшін, əрине, автор көркемдік құралдардың 
бір түрі – перифраз тəсілін қолданады. Сырт қарағанда 
перифраз да жұмбақты керек етеді, образды ойлы, аз 
сөзді тұжырымды болып келеді. Іштей үңілсек, жұмбақ – 
перифраздық сөз колдану.
А.Лосев пен О.Фрейденбергтің жұмбақтың негізінде 
тұспал бар, жұмбақ дегеніміз формалды астарлы сөз 
деген ойлары көкейге қонады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет