Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет29/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§
 
7

Сезімділік (чувственность)
Кеңес философиясында сезімділік тек таным теориясының 
шеңберінде қаралатын. Ол теория бойынша адам сезімдері де таны- 
латын нәрсенің ішкі сырын, мазмүнын айқын бейнелеуге тиіс. Сон-
82


дықган да барлық сезімдердің ішінде негізгі қаралатыны түйсік, қабыл- 
дау және елее болатын. Олар да көбінесе организмге сыртқы әсер- 
лердің болуынан, сол әсерлерге адам организмінің беретін жауабы 
деген түсініктің негізінде талқыланатын.
Ддам тәніндегі сезіну бүл түрғыдан - сыртқы не ішкі әсерлердің 
организмде тудыратын белгілі өзгерісі, олардың физикалық, механи- 
калық, химиялық т.т. қасиеттерінің жағымды, жағымсыз немесе бей- 
тарап мақызына байланысты организмнің оларға белгілі реакциясы, 
жауабы. Олар тітіркену, сезінуден бастап түйсік (ощущение), қабыл- 
дау (восприятие), елеске (представление) дейін эволюция жолында 
күрделіленген. Ең қарапайым жәндіктерде сыртқы әсерлердің жеке 
қасиеттерін ажыратпай жалпы тітіркену, сезіну дәрежесінде гана болса, 
күрделі организмдерде нерв жүйесінің, сезім органдарының қалып- 
тасуына сай ондай әсерлердің ерекше табиғатын ажырататын дара- 
ланған сезімдік формалар туады. Олар ең алдымен түйсіктенудің 
түрлері және заттардың түтас бейнесін күрайтын қабылдау. Тікелей 
қоректік заттармен байланысы неғүрлым алыстап, дәнекерленген 
қатынасқа ауысқан сайын олардың бейнелері, олармен болатын бай- 
ланыс тікелей әсердің нәтижесінде емес, тіршілік маңызы бейтарап 
нәрселермен дәнекерленіп, организмнің өзіндік мүқтаждығымен 
анықтала берді. Қажетті нәрселердің бейнесін организм енді озінде 
сақтап, жандандырып, іс-әрекетінің ішкі импульсіне (үмтылысына) 
айналдырады.
А дам да тарихта п ай д а б олган қо ға м д ы қ , м әд е н и е т т.т. 
озгерістердің терең ықпалын есепке алмай қараса, оның дүниені сезінуі 
жалпы алғанда жануардың сезінуімен бірдей. Олар адамдарда, әрине, 
бар. Жануарлардың, соның ішінде адам организмінің сыртқы дүни- 
еге бейімделуі үшін сезімділіктің осы қызметінің маңызы зор екендігі 
даусыз. Адамда сезімділіктің осы деңгейі сақгалған әрі дамыған, өңдел- 
ген және озгерген. Адамда олар негізінде оның өлемді және өзін тану, 
зерттеу мүқгаждығына қызмет етеді.
Бірақ, сезімділікті және оның түрлері мен формаларын біз бүл 
жерде олардың танымдық қызметі түрғысынан ғана анықтамаймыз. 
Олардың танымдағы ролі сезімділіктің бір гана жағы. Философияда 
сезімділікті ең алдымен адамның дүниені әрі басқа адамдарды бағалау, 
қүндылық көзімен қабылдауы, соған үмтылуы, соған орай әрекеттер- 
ге бастауы жагынан алып қарау қажет. Әрине сезімділіктің талгам- 
дық сипаты таныммен астасып жататыны даусыз. Бірақ таным онда 
негізгі үмтылыс емес, тек соның қүралы ғана. Бірақ, философия та- 
рихында адамдық сезімділікті осы түрғыда биік проблемалық дәре- 
жеге котерген JI.Фейербах (1804-1872) болды. Оған дейінгі классика- 
лык рационализм сезімділікті көбінесе оның танымдағы фунцкиясы
83


тұрғысынан барлап, тым жадағай етіп көрсетті. Оны түйсік, қабыл- 
дау, елес, интуицияларға ғана бөліп, объектілердің бейнесін қанша- 
лықты дәрежеде дәл әрі айқын бере алатындығы түрғысынан бағала- 
ды. Әрине, бүл түрғыдан сезімділік тым сүрең, шектелген, танымға 
беретіні мардымсыз болып көрінеді.
“ Бүрынғы ф илософ , - дейді Ф ейербах, - адам ны ң м ән ін
сезінушіліктен тазарту үшін, жалпы үғымдарды сезінумен былғамау 
үшін, үнемі сезінумен айтысып, оған қайшы ойлаушы еді, керісінше, 
қазіргі философ сезінумен үйлесімді біртүтас ойлайды.
...Хайуанаттардың сезінуі адамдардікінен откір, бірақ ол хайуа- 
наттардың қажеттігіне байланысты белгілі бір заттарға икемделген, 
ол өте тар шеңберде. Адамда аңшы итінің, қарғаның иісті сезінуі, 
әрине, жоқ, бірақ иіскеу қабілеті барлық иістерді қамтитын болған- 
дықган, оның бүл қабілеті де еркіндеу, жан-жақты. Сезіну бір сыңар- 
жақтылықтан, тікелей мүқтаждыққа қызмет етуден босанған жерде, 
дербес, теориялық мән мен бағалылыққа дейін биіктейді: универсал- 
дық сезім, ол - пайым, универсалдық сезіну - рухани сезінушілік”8
Рационалистік философия адамды тірі тән ретінде ғана қарап, 
сезімдерді сыртқы заттардың әсерінен ғана туатын немесе солардың 
әсеріне үмтылатын, олардың өзіндік қасиеттері мен белгілері туралы 
дерек беретін бейне деп біледі. Мүндай түсінуден шығатын түйін: 
адамдағы түйсік, қабылдау, елестер сыртқы дүние туралы хабар берсе 
ғана бағалы, ал олардың сол деректерге байланысты сүйіну, күйіну, 
жағымдылық, жағымсыздық т. б. толқыныстарының ешбір бағасы 
жоқ, қайта олар заттың (қүбылыстың) өзінің бізге тәуелсіз қандай 
екендігін анықтауға кедергі болады. Олар сыртқы дүние бейнесін 
айқындамайды, керісінше, күңгірттейді.
Рационализм, бірақ, сезімділіктің ең күрделі жөне нәрлі салала- 
рын - рухани сезімдерді - назардан тыс қалдырады. Фейербахтан кейін 
мүны Маркс та көрсеткен еді. Рухани сезімдері - қайырымдылық, 
адамгершілік, мейірбаңдық, эстетикалық сезімдер, жалпы алғанда бүтін 
әлемді не жағымды, не жағымсыз, түрде сезіну, тіпті түйсіну т. т. - 
бүлардың бәрі ортаға және өзіне күндылықтың көзімен қарау, дәлірек 
айтсақ - толғану. Мысалы, бүкіл өлемді, ондағы табиғи, тарихи жағдай- 
ларды өзіне жақын, етене, озінікі деп сезіну адамға ғана тән. Әрине, 
белгілі себептермен ол оны өзіне жат, өгей дүние деген сезімде де 
болуы ықтимал. Қүндылықтар көбінесе сезімдік дүниесіне жатады, 
яғни тікелей сананың адамның озіне айқын логикалық талқысына 
көп жағдайда түсе бермейді. Оның үстіне, әсіресе, рухани сезімдер 
сыртқы заттардың адам сезім органдарына эсер етуіне тікелей тәу-
8 Әлеуметтік философия / / Хрестоматия. Алматы, 1996. 34-6.
84


елді емес. Олардың шығар көзі адамның өзінің дүниеге қатынасы.
Классикалық рационализм тарихында сезімдік формалардың 
шығармашылық қызметі хақында тұңғыш айтқан И.Кант еді. Ол ой- 
лаудың ғана емес, сезімділіктің де ешбір тәжірибеге тәуелсіз (апри- 
орлық) формалары бар деген. Ол формалар - кеңістік пен уақыт. 
Өзімізден тыс дүниеде кеңістік пен уақыт бар ма, жоқ па, біз оны 
ешқандай дәлелдей алмаймыз. Бірақ біз алған әсерлерімізді қашанда 
белгілі бір тәртіпте - бірінен соң бірін уақыттық созылу түрінде және 
бәрін де бірге, бірақ, біріне бірі белгілі бір орналасу тәртібінде қабыл- 
даймыз. Біріншісі - уақыттық формада, екіншісі - кеңістіктік форма­
да қабылдау. Адам заттарды ең алдымен кеңістіктік не уақыттық фор­
мада сезінеді. Яғни, ол сол формаларда сырттан келген әсерлерді 
үйымдастырады, белгілі дөрежеде қайта жасайды деген соз. Ол - 
сезімділіктің жаратымпаздық қасиетінің болғаны.
Адам өзін коршаған дүниенің қандай екендігін озіндік белгілі 
бір мөнділік ауқымда игереді және оңцейді. Оны адамдық сырға толы 
етеді. Белгілі мәдениеттің шеңберінде оскен адамға бүкіл әлем де 
соған сай адамдык сырға толы.
Танымдық қатынастың өзі осы мәнділік қатынастан туындай - 
ды. Себебі басқа дүние, әлемдегі заттар мен күбылыстардың өзі адам 
үшін өзінен өзі мөнді, оның адамның қажетіне жарайтындығынан 
ғана емес, адам оны тек бар болғаны үшін, онымен түпкі тамыры бір 
екендігін сезінеді. Адам ойы гана емес, адам сезімінің де терендігі 
осында - осының аркасында адам сезімі әлемді түйсінгенде тікелей 
пайдагерліктен, тікелей тіршіліктің мүқтаждығынан көрі шексіз орісті 
әрі жалпы.
Түйсікте, қабылдауда, жоқ нәрсені елестетуде адам бейнелетін 
объектнің суретін түзумен шектелмейді, оның қүндылық, бағалы- 
лығының озін сол объектінің өзіндік болмысынан көреді. Сезім ор- 
гаңдары арқылы сырттан келетін бес түрлі, ягни кору, есту, тері арқылы 
сезу, иіс, дәм сияқгы әсерлердің оздері де адам үшін тек коректік 
мәнге мегзейтін шеңберден шексіз кең әрі саналуан мағыналардың 
көрсеткіші және жаңа, табигатта, болмыста жоқ мөндерді жасауға 
материал болып жатады. Адамдардың үстанатын, үмтылатын негізгі 
мәнділіктері мен оларды қоршаған табиғат өлемінің қалай сіңісіп, 
астасып жататынына байыргы қауымдық адамдардың дүниеге козқара- 
стары мысал бола алады. Ертедегі түрік тайпаларында мысалы 
“Тәңірге” (аспанға) табыну, аспандағы ең алдымен күнге табыну 
болғаны белгілі. Оның көп жүрнақтары кейін ислам кағидаларымен 
араласып, осы күнге дейін біршама сақталып келеді. Яғни күнмен т. 
б. аспан денелерімен жарасымды қатынас, соған үмтылыс ең мәнді 
нәрселер осы. Күнделікті тіршілік, іс-әрекеттерді үйымдастыру, са-
85


лынатын үй құрылысы т. т. осы мәнділіктерге бағышталып, солармен 
үйлесімділікке қүрылады. Эрине оны өздерінің түсінуіне қарай. Сол 
үйлесімдіктің қабылдаған нормалары мен ережелері дәстүрге айна­
лып, коп замандар бойы айнымас заңға айналып та кетеді.
Көк түріктер империясы (III-VIII ғ. ғ.) белгілі Білге-қаһанның 
қайтыс болған қолбасшы інісі Күльтегіннің басына қойған қүлпыта- 
стағы байырғы коне түрік жазуынан (732 ж.) бір сөзді талдап көрейік.
“ ...Алдымызда күн шығыска дейін, оң жағымызда түстікке дейін, 
артымызда күннің батысына дейін, сол жағымызда түн ортасына (сол 
түстік мүзды мүхитқа - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет